34
3. Сапаға қол жеткізудегі жаппай бақылауға тəуелділікті тоқтатыңыз;
сапаны өнімнің ажырамас қасиеті етіп, сапаны өнім «ішіне құрып»,
жаппай бақылау
жасау қажеттілігінен арылыңыз;
4. Ең төмен бағамен сатып алу тəжірибесімен қоштасыңыз; оның
орнына жалпы шығындарды азайтып, өндірісте қажет болатын əр өнім
үшін белгілі бір жеткізушіні таңдауға ұмтылыңыз;
5. Сапаны арттыру, өнімділікті арттыру жəне шығындарды азайту
үшін əр үдерісті жақсартыңыз.
6. Тəжірибеге кадрларды даярлау жəне қайта даярлауды енгізіңіз;
7. «Көшбасшылық»
жариялаңыз; қызметкерлерді басқару үдерісі
оларға өз жұмысын жақсы істеуге көмектесуі қажет; қызметкерлерді
басқару жүйесін мұқият қарастыру қажет;
8. Кəсіпорын үшін барлығы нəтижелі түрде жұмыс істеулері үшін
қорқыныш, үрейлерді жойыңыз;
9. Бөлімшелер арасындағы кедергілерді жойыңыз; өндіріс пен пай-
далану мəселелерінің алдын алу үшін зерттеулер,
жобалау өндірісі
жəне сату біріктірілуі қажет;
10. Өндірістік қызметкерлерге, мысалы, «кемістіктер жоқ» сияқты
бос ұрандардан немесе өнімділік бойынша жаңа тапсырмалардан бас
тартыңыз. Бұндай ұрандардың мағынасы жоқ, себебі мəселелердің көбі
жүйеде жəне жұмысшылардың мүмкіндіктерінен тыс пайда болады;
11. Еркін белгіленген тапсырмалар
мен сандық нормаларды
жойыңыз;
12. Жұмысшыларға өз еңбегін мақтан тұту мүмкіндігін беріңіз;
жұмысшылар мен басшыларды өз еңбегін мақтан тұту мүмкіндігінен
айыратын тосқауылдардан арылыңыз;
13. Білім алу мен өзін-өзі жетілдіру деген ынтаны мадақтаңыз;
14. Сапаны арттыру ісіне берілгендік пен жоғары басшылықтың
əрекеттілігі қажет [31].
А. Файольдың басқарудың негізгі жəне қосымша функцияларын
нақты анықтауы, басқару тəжірибесіне
Достарыңызбен бөлісу: