Жүйелік көзқарас.
Жүйелі ғылыми көзқарас негізінде «жүйе»
түсінігі жатыр, яғни өзара байланысқан элементтер (қосалқы жүйелер)
өздерінің байланыстары жəне қатынастарымен бірлескен кешен, ол
бүтіндік қасиеттерге ие жəне сыртқы ортамен ерекше бірлікте бола-
ды.
Басқарудағы жүйелі көзқарасты пайдалану кəсіпорынды негізгі,
жүйе құратын құрамдас бөлік – мақсат (мақсаттар) арқылы біріктіріліп,
сыртқы орта əсерімен əрекет ететін өзара тəуелді элементтер (адам-
дар, құрылымдар, міндеттер, технологиялар) ретінде қарастыруды та-
лап етеді. Кəсіпорынға қатысты жүйе туралы айтқанда, осы көзқарас
авторлары бұл, ең алдымен, əлеуметтік жүйе болып табылатынын
атап айтқан, ұйымды белгілі бір нəтижеге қол жеткізу үшін екі жəне
одан да көп тұлғалардың кооперациясына негізделген ерекше жүйелік
қатынастағы физикалық, биологиялық, жеке жəне əлеуметтік құрамдас
бөліктер кешені ретінде қарастырған.
Жүйе ретіндегі ұйымның белгілі бір бірлестікте болатын, соның
ішінде қарама-қайшылықта да болатын формалды жəне формалды емес
жақтары (қосалқы жүйелері) бар. Формалды (ресми) қосалқы жүйе
басшылық мақсаттарға, оған табыс табу да жатуы мүмкін, бағытталған
түрде қол жеткізу үшін саналы түрде құрған. Формалды емес (рес-
ми емес) қосалқы жүйе – өндірістік ортада адамдарды біріктіру ба-
36
рысында бей-берекет түрде пайда болатын жеке тұлғааралық жəне
əлеуметтік қатынастар жиынтығы. Формалды емес қосалқы жүйенің
көбінесе нақты мақсатқа бағытталған бағдарлары жоқ, оның мақсаты –
адамдардың (қызметкерлердің) тілдесу, қатыстылыққа ие болу сияқты
базалық қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Кəсіпорындар мен ұйымдар жүйелер ретінде ашық неме-
се жабық болуы мүмкін Ашық жүйе, сыртқы қоршаған ортаның
үздіксіз өзгеретін жағдайларына, бəсекелестікке қабілеттілігін сақтау
мақсаттарына бейімделіп, ресурстармен, өніммен, ақпаратпен жəне
тағы басқаларымен алмасу арқылы онымен белсенді əрекеттеседі.
Жабық жүйелер – сыртқы ортадан салыстырмалы түрде тəуелсіз
– біршама сирек болады. Менеджментке мысал ретінде əдебиетте
ауылшаруашылық өндірісіндегі натуралды шаруашылық келтіріледі,
ол өзін-өзі қажетті қорлармен қамтамасыз етеді жəне онда өндірілетін
өнімнің басым бөлігі сол жерде тұтынылады.
Ұйымның тұрақты өзгермелілігін алдын ала анықтайтын əлеуметтік
өзгерістердің қарқынды барысы, қызметтің барлық түрлеріндегі
ұйымның жетілуі басқару үдерісінде нақты жағдайды есепке алу
қажеттілігі идеясына əкеліп соқты. Менеджментте жағдай тəсілдемесі
басқару əдістері мен тəсілдерінің шынайы жағдай ерекшеліктеріне
бейімделуін талап етеді, бұл басқару тактикасын өзгертіп, стратегиялық
бағдарларды сақтап қалуға да, сондай-ақ қажет болған жағдайда –
стратегиялық мақсаттарды да өзгертуге мүмкіндік береді.
КСРО-да басқарудың əдістемелік міндеттерімен, жоспарлау жəне
өндірісті ұйымдастыру мəселелерімен Н. А. Вознесенский, А. В. Вене-
диктов, А. А. Аркелян айналысқан. А. И. Берг, В. М. Глушков, Н. М. Амо-
сов жəне т.б. белгілі ғалымдардың басқару теориясын, кибернетика-
ны күрделі жүйелерді басқару ғылымы ретінде дамытуда, басқарудың
автоматтандырылған жүйелерінің қалыптасуы мен насихаттауында
рөлдері ерекше. Мұндағы ұйымдастыру мен басқару мəселелерін
Д. М. Гвишиани қарастырған. ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңынан
бастап КСРО ҒА «Жүйелі зерттеулер» жинақтарын шығара бастады.
Кеңес одағынан кейінгі Ресейде менеджмент теориясы мен тəжірибесінің
дамуында белгілі əдіскер Г. П. Щедровицкий жұмыстары маңызды рөл
атқарды, ол сондай-ақ ұйымдастыру мен басқару мəселелерін зерттеді,
соның ішінде ұйымдастыру-басқарушылық қызмет пен ұйымдастыру-
басқарушылық ойлау мəселелерін қарастырды.
Басқару мəселелерін шешуде əлеуметтану, психология (əсіресе,
əлеуметтік психология), педагогика сияқты ғылымдар маңызды рөл
атқарғаны белгілі. Мысалы, 1950 жылдары А. Жданов ЛМУ жанын-
да əлеуметтік зерттеулер зертханасы ұйымдастырылды, онда КСРО-
37
да алғаш рет еңбектік уəждемені зерттей бастады. В. А. Ядовтың
жетекшілігімен Ленинградта ғылыми ұжым жұмыс атқарып, «Адам
жəне оның жұмысы» зерттеу жобасын жүзеге асырды. 1960 жылдардың
соңында Нақты əлеуметтік зерттеулер институты (Ленинград қ.)
құрылды, оның қызметкерлері адамдардың еңбек əрекетін жəне оны
басқаруды зерттеп, өндірістік бригадалар құрамына жұмысшылар
ретінде енгізілген, бұл оларға сенімді жəне дұрыс ақпарат алуға
мүмкіндік берді.
Қызметкерлерді басқару тиімділігін арттыру қажеттілігінен КСРО-
ның көптеген кəсіпорындарының штаттарына ХХ ғасырдың 70-80 жыл-
дарында əлеуметтанушы лауазымдары енгізілген болатын, олардың
қызметтік міндеттеріне эксперименттік зерттеулер жүргізу ғана емес,
сонымен қатар, ұжымды басқару саласында тəжірибелік ұсыныстар
əзірлеу, еңбек шиеленістерін шешу жəне т.с.с. енген болатын. Осылай-
ша, басқарудың кеңестік мектебі шетелдіктен кем қалған жоқ деп айтуға
болады, бірақ оны тəжірибелік жəне ғылыми мойындауға мемлекеттің
басқарушы органдары тарапынан басқарудағы заманауи тəсілдемелерінің
маңызын жете бағаламау, сол кезеңде шетелдік əріптестермен дамыған
ғылыми байланыстың болмауы жəне т.б. тежеу болды.
КСРО-да 50-жылдардың ортасынан бастап өнім сапасын арт-
тыру саласындағы жүйелі жұмыс басқаруға жаңа көзқарастарды
енгізуді талап етті. Кеңес Одағында сапаны басқару жүйелерін дамыту
біршама кең, бірақ аймақтық жəне салалық сипатқа ие болды. Горький
қаласының кəсіпорындарында КАНАРСПИ басқару жүйесі құрылды,
осыған ұқсас жүйелер Днепропетровск, Краснодар, Львов, Саратов,
Ярославль жəне т.б. кəсіпорындарда жұмыс атқарды.
Басқарудың концептуалды негіздері дамуының логикалық жалғасы
ISO стандарттарында көрсетілген
ТQM
(total quality management –
сапаны жалпыға бірдей басқару) қағидаттарын əзірлеу жəне енгізу
болды. Заманауи қоғамдағы бұл қағидаттардың айтарлықтай маңызы
– олардың тек басқарушылық қызметтің технологиялық тиімділігін
қамтамасыз ететін ережелер ретінде ғана болмауында. Бұл ұстанымдар
басқарудың жаңа философиясы айналып келе жатыр. Олардың маңы-
зын осы философияның негізін қалаушылардың бірі Э. Демингтің сөздері
айқындайды, ол келешекте кəсіпорындардың екі түрі болады деген: ТQM
енгізген кəсіпорындар жəне бизнестен тыс қалған кəсіпорындар.
Осылайша, ТQM – жаһандық экономиканың қарқынды өзгермелі
шарттарында тұтынушының қанағаттануына қол жеткізуге мүмкіндік
беретіндей кəсіпорынды басқару деңгейін қамтамасыз ететін
қағидаттар, аспаптар мен жұмыстарды ұйымдастыру əдістерінің жаңа
жүйесі.
38
ТQM қағидаттары жоғары басшылық ұйым қызметін жақсарту
мақсатымен оларды басшылыққа ала алатындай етіп анықталған бола-
тын. Олардың қатарына келесілер енеді [91]:
1. Тұтынушыға бағдарлану. Бұл қағидат бойынша ұйымдар өз
тұтынушыларына тəуелді, сондықтан олардың ағымдағы жəне келешек
қажеттіліктерін түсініп, олардың талаптарын орындап, үміттерінен
асып түсулері қажет.
2. Басшының жетекшілігі. Басшылар мақсат пен ұйым қызметі
бағытының бірыңғай болуын қамтамасыз етеді. Олар жұмысшыларды
ұйым міндеттерін шешуге толық еліктіретіндей ішкі ортаны құрып,
қолдап отырулары қажет.
3. Қызметкерлерді тарту, яғни барлық деңгейдегі қызметкерлер
ұйымның негізін қалайды, сондықтан міндеттерді шешуге олар-
ды толық тарту ұйымға олардың қабілеттерін тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді.
4. Үдерістік көзқарас. Қызметті жəне сəйкес қорларды үдеріс
ретінде басқарған уақытта қалаулы нəтижеге тиімдірек жетуге бола-
ды.
5. Менеджментке деген жүйелі көзқарас. Жүйе ретінде өзара байла-
нысты үрдістерді анықтау, ұғыну жəне олардың менеджменті ұйымның
мақсаттарына қол жеткізу кезінде, нəтижелілігін жəне ұйымдастыру
тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
6. Ұйым қызметіне қатысты үнемі жақсартуды жалпы айнымас
мақсат ретінде қарастыру қажет.
7. Деректерге негізделген шешімдер қабылдау. Тиімді шешімдер
деректер мен ақпаратты талдауға негізделуі тиіс.
8. Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар. Ұйым мен оның
жеткізушілері өзара тəуелді, сондықтан өзара табыс қатынастары екі
тараптың да құндылықтар құру қабілетін арттырады.
Білім беру жүйесінде, жеке білім беру мекемелерінде жоғарыда
қарастырылған басқару идеялары жағымды көзқарас табуы сөзсіз. За-
манауи көзқарастар бүкіл білім беру мекемесін, педагогикалық ұжымды
басқаруда да, сондай-ақ, оқу-тəрбие үдерісін де басқаруда жүзеге
асырылған. Кез келген қызмет саласындағы басқару тəжірибесінде,
соның ішінде білім беру қызметінде тек жеке алынған тұжырымдама
ғана емес, сонымен қатар, түрлі басқарушылық парадигмалардың өнім-
ді ережелері, қағидаттарының, тəсілдерінің өзгеше кешені де жүзеге
асырылады. Өз тəжірибелік қызметінде басқарушылық тəсілдерді
таңдап, енгізе отырып, басшы бұл əрекеттерді сезіну деңгейінде жүзеге
асырады. Бұған қарамастан, түрлі мектептерді құру тарихын талдауы-
мыз оларды басқару жүйесінің концептуалды құрамдас бөліктерін
39
анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, А. С. Макаренко əзірлеген жəне
жүзеге асырған еңбек мектебін басқару жүйесі өз қағидалары бойын-
ша А. К. Гастевтің əлеуметтік инженеризм идеяларына (
Достарыңызбен бөлісу: |