31
4. Дара басшылық. Қызметкер тек бір ғана тікелей бастықтан
бұйрық алуға тиіс.
5. Басшылықтың бірлігі. Бір мақсат шеңберінде əрекет ететін əр
топ бірыңғай жоспармен біріктіріліп, бір басшысы болуға тиіс.
6. Жеке мүдделердің жалпы мүдделерге бағыныштылығы. Бір
жұмысшының немесе жұмысшылар тобының мүдделері ұйым
мүдделерінен асып түспеуге тиіс.
7. Қызметкерлерді мадақтау. Қызметкерлер еңбегі əділ бағаланып,
материалдық жəне материалдық емес тəсілдермен мадақталатынына
сенулері қажет.
8. Орталықтандыру жəне орталықсыздандыру. Орталықтандыру
мен орталықсыздандырудың арақатынасы ұйым қызметінің тиімділігін
қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
9. Басшылық иерархиясы (скалярлы тізбек). Ұйымда басқарушы
лауазымдағы тұлғалардың нақты иерархиясы болуға тиіс. Бірақ бұл
иерархия қатып қалған құрылым емес, қажет болған жағдайда өзгеріп
отыруы қажет.
10. Тəртіп. Орын – барлығы үшін, əрқайсысы өз орнында.
11. Əділдік. Əділдік – мейірбандық пен төреліктің үйлесуі.
12. Қызмектерлер құрамының тұрақтылығы. Кадрлардың жоғары
ағымы ұйым нəтижелілігін кемітеді. А. Файоль компанияға берілген
орта қолбасшы өз орнын бағаламайтын үздік талантты менеджерден
артық деп санаған.
13. Ынтагерлік. Қызметкердің өз жұмысын жақсартуға байланыс-
ты ынтасы ол жұмысты тиімді орындап қана қоймай, сондай-ақ сол
қызметкердің жанында жұмыс атқаратын адамдарды ынталандырады,
ұйымға күш пен қуат береді.
14. Қызмектерлерді біріктіру (корпоративтік рух). Қызметкерлерді
біріктіру оларға үлкен қауым мүшелері ретінде сезіну мүмкіндігін беріп,
сол арқылы адамның ең маңызды, негіз қалаушы қажеттіліктерінің бірі
– қатыстылықты қажетсінуді қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, А. Файоль қағидаттары оның басқарушылық тұжырым-
дамасының мəнін ашады. Олар ХХ ғасырдың бірінші жартысында
əзірленгеніне қарамастан, олардың өзектілігі қазіргі уақытқа дейін
сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: