28
дері дамуының əртүрлі кезеңдері ұсынылған. М. А. Гончаров [27] ме-
неджмент эволюциясын ғылым жəне басқаруға келесі көзқарастардың
ауысу динамикасында кəсіби басқару қызметінің ерекше түрі ретінде
қарастырады:
– ғылыми басқару көзқарасы (1885-1920 ж.ж.);
– əкімшілік көзқарас (1920-1950 ж.ж.);
– адами қатынастардың ұстанымы жағынан көзқарас (1930-1950
ж.ж.);
– тəлімдік көзқарас (40-жылдардан бастап, ал 50-жылдардан бастап
аса белсенді);
– сапалық əдістер ұстанымы жағынан көзқарас (50-жылдардан);
– үдерістік көзқарас (20-жылдардан, ал 50-жылдардан неғұрлым
белсенді);
– жүйелік көзқарас (60-жылдардан);
– жағдайлық көзқарас (70-жылдардан).
Бірақ, осы кезеңдердің бөлінуіне қарамастан, əрқайсысында си-
патты концептуалдық идеялар қатаң уақыт шеңберімен шектелген
деп айтуға болмайды. Уақыттың белгілі кезеңінде əзірленген басқару
тұжырымдамалары дамып, ең соңғы кезеңдерде пайда болғандармен
бірге қатар қызмет етіп, қазіргі таңда маңызды болуда.
Басқару мəселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырудың маңызын
ашқан алғашқы мамандардың бірі – Фредерик У. Тейлор. Ол құрған
Достарыңызбен бөлісу: