Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет63/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   288
Байланысты:
ӘНХ

 
 
Осы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – 2021-2022 оқу жылының 
ІІ жартыжылдығында «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныптан бастап 
енгізілуі 
 
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 
«ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы  № 182  бұйрығының 
14-тармағында 
бастауыш 
сыныптағы 
«Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән 
мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ. 
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген 
№ 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 
бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына
(4-қосымша) өзгерістер енгізілді). 
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 
1 қаңтарынан енгізіледі.
1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім 
алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында 
қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен 
таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға 
бағытталған.
1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық 
мазмұны: 
1) «Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер;
2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың 
сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері; 
3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; 
программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау 
ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу; 
4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа 
арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ 


73 
бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген 
бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет