Оң өкпенің скелотопиясы
:Оң өкпенің алдыңғы жиегі, margo anterior, оң өкпенің
қабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің бір-біріне ұласқан жерінде өткірлеу бо лып
орналасқан. Ол оң өкпенің ұшынан төс бұғана буынның, art. sternoclavicularis артқы бетіне
қарай қиғаш етіп, одан әрі вертикал бағытта орталық сызықтың, linea mediana бой ымен
төмен бағытта, оң VI-қабырға шемірше гінің тұсында оң өкпенің төменгі қырына жалға
сады (№ 134 сурет).
Оң өкпенің төменгі жиегi,
margo inferior, оң өкпенің қабырғалық беті мен көкеттік
бетiнiн өзара бір-бірімен беттескен жерінде өткiрлеу келіп, жар тылай шеңберлі
горизонталді бағытта орналасқан. Ол, оң өкпенің алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы.Ол
орталық сызықтың бойында, VI-қабы рғаның шеміршектік бөлігімен қиылысқан жерінен
басталып, төмен және латералді өтіп, алдыңғы қолтық сызығында, linea axillaris anterior
VII-қабырғаны, ортаңғы қолтық сы зығында, linea axillaris media VIII-қабырғаны, артқы
қолтық сызығында, linea axillaris posterior IX-қабырғаны, жауырын сызығында, linea
scapularis X-қабырғаны кесіп өтіп, омы ртқа жанындағы сызықта, linea paravertebralis ХІ-
қабырғаның тұсында оң өкпенің артқы жи егiне жалғасады.
Оң өкпенің артқы жиегі,
margo posterior, оң өкпенің қабырғалық беті мен көкірекаралық
бетінің түйіскен жерінде, оң II-қабырға басы ның тұсынан XI-қабырғаның мойнына
дейінгі аралыкта вертикал бағытта орналасқан.
Сол өкпенің скелетопиясы
. Сол екпе жиегінің орналасу скелетотопиясы он екпенін
скелетотопиясына ұқсас орналасқан Сол өкпенің алдыңғы жиегi, margo anterior, сол екпе
ұшынан төмен және медиалді төс-бұға на буынның, art. sternoclavicularis артқы бетiне
қарай өтеді. Одан әрі оң өкпенің алдыңғы жи егімен төмен параллель IV-қабырғаның
шемір шектік бөлігіне дейін өтеді. Сол өкпенің ал дыңғы жиегі IV-қабырғаның тұсында,
шұғыл сол жаққа қарай бұрылып, сол қабырғаның шеміршектік бөлігінің төменгі жиегін
жанай горизонталді өтіп, сол төс жанындағы сызықта, linea parasternalis төмен иіліп,
жүректік тілікті, incisura cardiaca құрап, VI-қабырғаның тұсында, сол екпенің төменгі
жиегіне жалғасады. Сол өкпенің төменгі жиегi, margo inferior, оң өкпенің төменгі жиегінен
айырмашылығы, бір қабырға төмен орналасқан. Омыртқа жанын дағы сызықта, linea
paravertebralis сол өкпенің арткы жиегіне жалғасады. Екі өкпенің ұшы мен артқы беттерi
бiр-бiрiне сәйкес орналасқан, алдыңғы және төменгі бет терінің сәйкес келмеуі оң мен сол
өкпе көлемінің өзгешеліктеріне тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |