- Алдыңғы сегмент, segmentum anterius, (SIII) сол өкпенің жоғарғы бөлігінің баска
сегменттеріне қарағанда көлемі үлкен, I-IV кабырға аралығында орналаскан. Сегменттін
медиалді бетінің кішкене беті өкпе бағанасымен, truncus pulmonalis, беттескен.
- Жоғарғы тілшелік сегмент, segmentum lingulare superius, (S IY) сол өкпенің жоғарғы
бөлігінін сегменті ретінде карастырылады. Онын алдыңғы беті III-V - қабырғааралықта,
колтықтык беті IV-VI кабырғалардың тұсында орналаскан.
- Төменгі тілшелік сегмент, segmentum lingulare inferius, ( S v)- ол жоғарыда айтылып
өткен сегменттен төменірек көкетпен беттесіп орналаскан. Сол өкпенің жоғарғы менттері,
көлемі жағынан оң өкпенің ортаңғы бөлігшің көлеміндей, жүректің сол қарыншасымен,
кеуде қуысы кабырғасымен және өкпеқаптың кабырға-көкет койнауымен, sinus costodia-
phragmaticus, беттесіп орналасқан.
2. Сол өкпенің төменгі бөлігінің сегменттері:
- Жоғарғы ұштық сегменті, segmentum apicale, (superius) (S vi) -омыртқа бағанасына
бағытталып орналасқан.
- Медиалді базалді (жүректік) сегмент, segmentum basale mediate, (cardiacum) (S YIII), бұл
сегмент 83% жағдайда көршілес алдыңғы базалді сегментпен бірге жалпы бір бронхтан
тұрады. Сегмент сол өкпенің тілшелік сегментінен кигаш саңылау арқылы, fissura obligua,
шектелген.
-Латералді базалді сегмент, segmentum basale laterale, (S IX), қолтық аймағына карап, ІХ-Х
-кабыргааралықта орналаскан.
-Артқы базалді сегмент, segmentum basale posterius, (S x), сол өкпенің төменгі бөлігінің
ішіндегі көлемі үлкен сегмент болып саналады. Ол VII-X қабыргалардың тұсында
кокетпен, қолқаның кеуде бөлігімен және оңешпен беттесіп орналаскан.
Достарыңызбен бөлісу: