бөлінген өкпенің 8-ші бронхта сақталады.Ұсақ бөлшектік бронхтар, одан әрі өту жолы өте
жіңішкелеу келген диаметрі 0,3-0,5 мм, саны 16- 18-дей, терең қабатында бронх бездері
мен шеміршектік тіндері жок соңғы бронхшаларға, bronchioli terminalis, бөлінеді. Өкпенің
басты бронхтарынан, bronchus principalis бастап, соңғы бронхшаларға дейінгі
бронхтардың жиынтығы бронхиалды тармақ arbor bronchialis деп аталынады. Қызметі:
тыныс алу кезінде ауаны өткізу
Өкпе бөлшектерінің, lobulus pulmonis secundarii, терең қабатындағы соңғы бронхшалар,
brortchioli terminates, одан әрі екі-екіге тармақталынып, өту жолы өте жіңішкелеу келген,
қабырғалары тыныс алу көпіршіктерінен тұратын бірнеше тыныс алу бронхшаларына,
bronchioli respiratorii, бөлінеді. Одан әрі, тыныс алу бронхшалары сәуле бағытга
орналасқан өкпенің көпіршіктер жолдарына ductuli alveolares, жалғасады. Көпіршіктер
жолдары, одан әрі кеңейе, көпіршіктер қапшаларын, sacculi alveolares, құрап тұйықталады.
Қабырғалары: бір эпителий қабаты бар тамырлы торлардан тұрады.Қызметі: тыныс алу
қызметін бақылау.
Тыныс алу бронхшаларымен көпіршіктер жолдары және көпіршіктер қапшалары бір-
бірімен күрделі өзара жалғасып, өкпенің көпіршіктер тармақтарын немесе өкпенің
паренхимасын құрайды. Сырткы пішіні жүзімнің шоғырына ұқсас, өкпенін анатомиялык -
функционалдық бірлігі ацинусты немесе arbor alveolaris, кұрайды. Өкпенің
ацинустарының жалпы саны 30 000, көпіршіктердің саны 300-350 млн. Өкпенің беті,
ауаны сыртқа шығарған кезде көлемі 35 м 2, ауаны жұтқан кездегі көлемі 100 м2 -тай.
Өкпенің ацинусында қан мен ауа арасында газ алмасу жүреді. Қысқаша айтқанда, өкпенің
ацинусы өкпе бөліктерін, жинақталған кезде өкпенің сегменттерін,сегменттерді одан әрі
өкпе бөліктері, ал бөліктерді оң және сол жақ өкпелер құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: