2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Дауыс байламдарын керетін бұлшықеттер



Pdf көрінісі
бет130/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

Дауыс байламдарын керетін бұлшықеттер: 
▼1. Дауыс бұлшықеті m.vocalis жұп, аттас қатпарда орналасқан. Қалқанша шеміршектің 
бұрышының ішкі бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің дауыс өсіндісіне бекиді. 
Бұлшықет көмейдің дауыс қатпарының, plica vocalis, терең қабатында орналасады. Ол 
қалқанша шеміршек бұрышының төменгі бөлігінің ішінен басталып, горизонталді артқа 
карай өтіп, ожаутәрізді шеміршектін дауыстық өсіндінің, processus vocalis, латералді 
қапталына және дауыс байламына, lig. vocale барып бекиді. Кызметі: дауыс байламын 
керу. 
▼2. Жүзік-қалқанша бұлшықеті m.cricothyroideus жұп, екі будадан құралған, жүзіктәрізді 
шеміршектің доғасынан басталып қалқанша шеміршектің төменгі жиегіне pars recta және 
төменгі мүйізіне pars obligua бекиді. Қызметі: жиырылған кезде калқанша шеміршекті 
алға қарай тартып, дауыс байламын, lig. vocalis, керіп, ожаутәрізді шеміршектің дауыстық 
өсіндісі мен калқанша шеміршектің аралығын алшақтатады. 
118.Кеңірдек және бронхылар. Өкпеде бронхылардың тарамдалуы. 


(Antipagiat.ru-96,83%) 
Кеңірдек-trachea-ауа өткізетін, ауаны ылғалдайтын және жылытатын іші қуыс ағза. 
Кеңірдектің топографиясы: (Топографияны айтқан кезде оның 3 құрылымын міндетті 
түрде айту керек: голотопия, синтопия, скелетопия) 
• Голотопиясы: 

Мойын аумағында және кеуде қуысында орналасады. 

Кеңірдектің 2 бөлігі болады: мойындық бөлігі pars cervicalis және кеуделік бөлігі pars 
thoracica 
• Скелетопиясы: 

VI мойын омыртқаның төменгі жиегінен басталады. 

IV кеуде омыртқаның тұсында 2-ге айырылады: оң жақ және сол жақ басты бронхтарға

Айырылған жерді кеңірдек бифуркациясы bifurcatia tracheae деп атайды. 
• Синтопиясы: 

Кеңірдек көмейдің тікелей жалғасы, ұзындығы 9-11 см, ал көлденеңі-15-18 мм. 

Кеңірдектің мойындық бөлігінің: алдыңғы беті-қалқанша безбен (glandulae thyroidea) 
және тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттермен шектелген. 
бүйір беті-жалпы ұйқы артериясымен(а.carotis communis), кезбе нервпен(п. vagus), ішкі 
мойындырық венамен( v.jugularis interna) шектелген. 
артқы беті-өңешпен(esophagus) шектелген. 

Кеңірдектің кеуделік бөлігің: алдыңғы беті-қолқа(arcus aortae) доғасымен, айырша 
безбен(thymus) шектелген. артқы беті-өңештің кеуделік бөлігімен шектелген. 
бүйір беті-оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет