116.Көмей қуысы. Көмейге кіреберіс, бөлімдері. (Text.ru- 87.02%) (Antipagiat.ru-100%) Көмей қуысы, cavum laryngis, көмейге кіре берістен aditus laryngis басталады. Көмейге
кіреберістің алдыңғы қабырғасы кеңірдек қақпағының жиегімен, ал артқы қабырға
ожаутәрізід шеміршегінің ұшымен және аралық қатпармен, plica interarytenoidea,бүйір
қабырғасы ожаукөмей қапшығы plica aryepiglottica арқылы шектелген. Қатпарлар
арасында алмұрт тәрізді қалта, recessus piriformis бар.Көмей қуысының сыртқы пішінінін
кұмсағатқа ұқсатсақ болады, жоғарғы жағы кіреберіс бөліктен, vestibulum laryngis,
ортаңғы бөліктен, cavum laryngis intermedium және дауысасты қуысынан, cavum
infraglotticum, тұрады.
■ Көмейдің жоғарғы бөлігінің кеңеюі, vestibulum laryngis. Ол көмейдің кіре берісінен
көмей қуысының бүйір жағында орналасқан вестибулярлық қатпарға, plica vestibularis-қа
дейін орналасқан. Қабырғалары: алдыңғы көмей қақпағының артқы беті, артқы жағында
көмей шеміршегінің ұшы және ожауаралық қатпар, plica interarytenoidea, бүйіргі жағы:
талшықты-эластикалық қабықша, membrana fibroelastica laryngis.
■ Көмейдің ортаңғы бөлігі күрделірек келеді. Себебі, бұл бөлікте дауыс аппарат glottis
бар. Көмейдің бұл бөлігі көмей кіреберісінде, вестибулярлық ларингиске, ал төменгі бөлігі
- cavum infraglotticum,бүйір жағынан екі-екіден орналасқан. Ол шырышты қабықпен
қапталған жоғарғы кіреберіспен және төменгі дауыс қатпарларымен шектеледі:
а) вестибулярлы қатпар, plica vestibularis, көмейдің кіреберіс саңылауын құрайды, rima
vestibularis, шеттері бір-біріне қарайды;
б) дауыс қатпарлары, plica vocalis, кіреберіс қатпардан төменірек, көмей қуысына жақын
орналасқан. Бұл қабаттың терең қабаты - m. vocalis бұлшықетінен, дауыс байламы, lig
vocale тұрады. Дауыс байламының арасындағы кеңістікті rima vocalis яғни дауыс
саңылауы деп атайды. Топографиялық орналасуына байланысты дауыс саңылауы
алдыңғы қабырға аралықтары, pars intermembranacea және артқы шеміршектер, pars
intercartilaginea болып бөлінеді. Кіреберіс пен дауыс қатпарлар арасындағы қуысты
ventriculus laryngis яғни көмей қарыншасы деп атайды.
■ Көмейдің төменгі бөлігі cavum infraglotticum жұқарып, кеңірдекке таралады.