Бронхтар-bronhi principals-кеңірдектің IV кеуде омыртқаның тұсында 2-ге айырылады: оң
жақ және сол жақ басты бронхтарға.
• Оң басты бронх-bronchus principalis dexter-сол жақ бронхтан кең болып келеді, себебі оң
өкпенің көлемі сол өкпенің көлемінен үлкен. 6-8 шеміршекті сақиналары бар. Тік
орналасқан, кеңірлектің тікелей жалғасы болғандықтан.
• Сол басты бронх-bronchus principalis sisnister-он жақ бронхқа қарағанда 2 есе ұзындау
келген, 9-12 шеміршекті сақиналары бар.
Макроскопиялық құрылысы
а)шеміршекті бөлігі (pars cartilaginea):
-шеміршекті жартылай сақиналар (cartilagines tracheales) (15-20);
-сақиналық жалғамалар (ligg. annularia) олар cartilagines tracheales-тарды бір-бірімен
қосатын жалғамалар;
б) жарғақты бөлігі (pars membranacea) жазық бұлшықеттік (musculi tracheales) талшықтар
мен дәнекерлік тіннен тұрады және олар шеміршекті жартылай сақиналар мен ligg.
annularia аралығындағы кеңістіктерді толтырып орналасады.
Микроскопиялық құрылысы
-кеңірдектің сілемейлі қабаты (tunica mucosa) қозғалмалы эпителиймен қапталған;
-сілемейасты негізі (tela submucosa) жақсы жетілген;
-кеңірдектің келесі қабатын оның бөліктеріне (pars cartilaginea немесе pars membranacea)
сәйкес шеміршектер, бұлшықеттер және дәнекертіндер құрайды;
-кеңірдектің сыртқы жағы адвентиция қабығымен (tunica adventitia) жабылған.
Достарыңызбен бөлісу: