5. оңжақ өкпе өзінің қақпасының артқы жағында көкірекорталық бетімен өңешке, сыңар
венаға және кеуде омыртқаларына жанасады;
6. солжақ өкпе өзінің көкірекорталық бетімен, қақпаның алдында, солжақ қарыншамен, ал
одан жоғарырақ аорта доғасымен жанасады;
7. солжақ өкпенің ұшына жақын солжақ бұғанаасты артерия мен солжақ жалпы ұйқы
артерия орналасқан;
Өкпенің екі негізгі үлестері болады
-Оңжақ өкпе үш – жоғарғы, ортаңғы және төменгі үлеске (lobus superior, medius et inferior)
бөлінеді;
-Және де солжақ өкпе екі үлестен (lobus superior et inferior-дан) тұрады;
Өкпенің бөлімдеріне тоқталатын болсам ол : өкпенің негізі (basis pulmonis) төменгі
жалпақтау келген facies diaphragmatica-ға сәйкес бөлігі және де оған қарағанда сәл
жіңішкелеу келген жері яғниөкпенің ұшынан (apex pulmonis) тұрады. Одан бөлек өкпенің
беттері болады олар:
-қабыртқалық беті (facies costalis) қабыртқаларға қараған беті;
-медиалді беті (facies medialis) көкірекортаға қараған беті және екі бөліктен тұрады:
а) омыртқалық бөлігі (pars vertebralis) омыртқа бағанасымен жанасқан жері;
б) көкірекорталық бөлігі (pars mediastinalis) көкірекортаның ағзаларымен жанасқан беті;
-диафрагмалық беті (facies diaphragmatica) диафрагмамен жанасады;
-бөлікаралық беті (facies interlobares) әр өкпедегі үлестердің арасындағы бір-біріне қараған
беттері.
Достарыңызбен бөлісу: