бұлшықеттік өсіндіні алға және төмен тартып, дауысты ішке бұрады және дауыс
саңылауын тарылтады.
▼2. Қалқаншаожаутәрізді бұлшықеті, т. thyroarytenoideus, қалқанша шеміршектің ішінен
бастап, вестибулярлы қатпардың plica vestibularis терең қабаты арқылы, жоғары және
артқа қарай бағытталып және ожаутәрізді шеміршектегі бұлшықеттік өсіндісіге бекиді.
Қызметі: жиырылу кезінде ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне қарата алға
жылжып, дауыстық өсінділері бір-біріне жақындай түседі, ал дауыс саңылауы тарылады.
▼3. Көлденең ожаутәрізді бұлшықеті, т. arytenoideus transversus, тақбұлшықет. Бұл
бұлшықет оң және сол жақ шеміршектің артқы бетінде көлденең орналасқан. Қызметі:
дауыс саңылауының шеміршекті бөлігін тарылтады.
▼4. Қиғаш ожаутәрізді бұлшықеті, т. arytenoideus obliguus, ол жоғарыда аталған
бұлшықеттің беткі жағында қиғаш бағытта қиылысатын жұп бұлшықеттен құралады.
Бұлшықет ожау-көмей қақпашығы қатпарынын, plica aryepiglottica терең қабаты арқылы
өтіп, ожау-көмей қақпашығы бұлшықетіне, т. aryepiglotticus жалғасады. Қызметі: дауыс
саңылауын және көмей кіреберісін aditus laryngis, тарылтады, көмей қақпашығын төмен
қарай тартады.
Дауыс саңылауын кеңейтетін бұлшықеттер:
▼1. Артқы жүзік-ожау тәрізді бүлшықеті, т. cricoarytenoideusposterior. Бұлшықет жүзік
шеміршек табақшасының артқы бетінен басталып, латералды және жоғары қарай
таралады және шеміршектің бұлшықеттік өсіндісі, processus muscularis-пен байланысады.
Қызметі: ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндінің жиырылуы, артқа және
медиалды бұрылып, дауыстың жоғарылауы, дауыс өсіндісі , processus vocalis латералды
бұрылғанда, дауыс саңылауын кеңейтеді.
▼2. Қалқаншакөмей қақпашығы бұлшықеті, т. thyroepiglotticus, ол қалқанша-көмей
қакпашығы байламының, lig thyroepiglotticum, бүйір жағында орналасқан. Бұлшықет
қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып, көмей қақпағының бүйірімен қосылады.
Қызметі: көмей саңылауын кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: