Қайықша тәрізді сүйек ,os naviculare ,асық сүйек басы мен үш сына тәрізді сүйек арасында
орналасқан.Оның проксималды жағы асық сүйекпен буындасады.Дисталды беті үш сына
тәрізді сүйекпен буындасуға арналған үш буындық бетке бөлінген.Медиалді жақта және
төмен қарай бұдырлы төмпешік , tuberositas ossis navicullaris оңай сипап сезіледі.Латералді
жағынан буын алаңы арқылы текше сүйекпен байланысады.
3 Сына тәрізді сүйектің.Сүйектердің ішіндегі ең үлкені-ортаңғы сүйектер - cuneiforme
mediale , сына тәрізді ортаңғы - cuneiforme laterale, ал кішілері- cuneiforme intermedia.
Текше сүйек бүйір жағынан өкше сүйегі мен табан сүйектермен(төрт н/е бес)
шектелген.Сүйектің табан жағында tuberοsitas οssis cuboidea орналасқан.
Табан сүйектері ,metatarsus түтік тәрізді болып ,5 табан сүйектерінен тұрады.Просималды
шетінде негізі ,basis, ортаңғы бөлігінде яғни диафиз денесі corpus, дисталды шетінде басы
,caput, орналасқан.1,2,3 табан сүйектері сына тәрізді сүйекпен байланысса,4,5 табан
сүйектері текше сүйекпен байланысқан. 1 табан сүйегінің табан жаққа бағытталған
бұдыры tuberositas ossis metatarsalis болады.1табан сүйегі ең қысқа,жуан ,2 ші табан сүйегі
ең ұзын болып келеді.
Бақайшақ сүйектері оssa digitorum seu phalanges ,1-ші бақайшақ сүйегі проксималды
phalanx proximalis және дисталды phalanx distalis екі бөліктен тұрса,қалған 2-5 бақайшақ
сүйектері проксималды phalanx proximalis ,дисталды phalanx distalis ,аралық phalanx media
3 бөліктен тұрады.Бақай сүйектері денесі corpus phalangis , проксималды эпифизнде негізі
basis phalangis ,дисталды эпифизінде басы caput phalangis орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: