Бет сүйектерінің дамуы желбезек доғаларының қалдығынан және ұрығынан дамиды.
Желбезек доғасының шеміршегінің қалған бөліктері балғашық, төс, үзеңгіге айналады.
Бет сүйектері даму сатысында жарғақты және сүйекті кезеңдерден өтеді.
Жас шамалық ерекшеліктер:
1) Жас шамалық ерекшелікке бет сүйегі мен ми сауытының қарым-қатынасын алуға
болады. Мысалы, нәрестелерде бұл қарым-қатынастық 1/8-ге тең, ал ересектерде ½-ге тең.
Бұл қарым-қатынастың ерекшеліктері бас сүйегінің эмбриональдық дамуы мен одан
кейінгі дамуына байланысты болып келеді.
2) Жас шамалық ерекшелікке ұрық пен нәрестенлердің еңбектерін жатқызуға болады.
Жаңа туған нәрестенің бас сүйегінде алты еңбек бөледі: олардың екеуі жұптасып, екеуі
жұпталмаған.
Жұпталмаған еңбектерге алдыңғы еңбек (fonticulus anterior) және артқы еңбек (fonticulus
posterior) жатады.
Жұптасқан еңбектерге сына тәрізді еңбек (fonticulus sphenoidalis) және еміздікше еңбек
(fonticulus mastoideus) жатады.
1. Алдыңғы еңбек (fonticulus anterior), ромб тәрізді, көбінесе сагитталдық (sutura
sagitialis), тәждік (sutura coronalis) және маңдай жіктер (sutura frontalis (metopica)) өтетін
жерде орналасқан. Еңбек 2 жылға дейін сақталады және екінші жылдың соңында
сүйектенеді.
2. Артқы еңбек (fonticulus posterior) үшбұрышты пішінді, сагиттальды жіктің (sutura
sagitialis) ламбда тәрізді жікке (sutura lambdoidea) қосылатын жерде орналасқан. Ол
өмірдің бірінші жылының басында сүйектенеді.
3. Сынатәрізді еңбек (fonticulus sphenoidalis) жұпталған, бас сүйегінің бүйір беттерінің
алдыңғы жағында, алдыңғы және үстіңгі жағынан маңдай (оs frontale) мен төбе сүйектер
(оѕ раrіеtаlе) арасында және сынатәрізді сүйектің үлкен қанаты (alae major os sphenoidale)
мен астында самай сүйегінің (os temporale) қабыршақ бөлігі (pars squamosa) арасында
жатыр. Бұл еңбек туылғаннан кейін көп ұзамай, кейде пренатальды кезеңнің соңында
жабылады.
4. Емізікше еңбек (fonticulus mastoideus) алдыңғы еңбектің артында, шүйде (os occipitale)
және төбе сүйектердің (оѕ раrіеtаlе) қабыршақтары мен самай сүйегінің емізікше өсіндінің
(processus mastoideus) түйіскен жерде орналасқан. Сынатәрізді еңбек (fonticulus
sphenoidalis) сияқты сүйектенеді.
Мембраналық бас сүйегінің (desmocranium) қалдықтары босану кезінде, бас сүйектерінің
едәуір жылжуына мүмкіндік береді. Бұл бастың туу каналының тар жерлерінен өтуін
жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: