орналасқан Купер байламы lig.pectinale құрайды. Оның пішіні үшбұрыш тәрізді болып
келеді. Қан тамырлы лакуна арқылы сан артериясы a.femoralis мен венасы v.femoralis,
plexus lumbalis тарамдалған сан жыныстық нерв n.genitofemoralis және мықын шап нерві
n.ilioinguinalis өтеді. Сан венасы лакунаның медиальді аймағында орналасқан, ал сан
артериясы оның латеральді жағында тұрады. Олар тамырлы лакунанын үштен екі бөлігін
алады. Ал қалған үштен бір бөлігін Розенмюллер‑Пирогов лимфа түйіні мен борпылдақ
талшықтар алып жатыр.
78. Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі, шекаралары, қатынасы, құрамы.
Уникальность: 100.00%
Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі canalis adductorius, басқаша Гунтеров каналы
деп аталады. Осы өзек арқылы тамырлар мен нервтер санның алдыңғы бөлігінен тақым
шұңқырына өтеді. Алдыңғы сан жүлгесінің sulcus femoralis anterior жалғасы болып
саналады. Үш қабырғасы мен үш саңылауы болады. Проксимальді бағытта бұл өзек сан
үшбұрышымен trigonum femorale, дистальді бағытта тақым шұңқырымен fossa poplitea
байланысады. Оның пішіні үшбұрыш тәрізді. Латеральді қабырғасын санның жалпақ
медиальді бұлшықеті m.vastus medialis, медиальді қабырғасын санның ішке тартқыш
үлкен бұлшықеті m.adductor magnus, алдыңғы қабырғасын осы бұлшықеттердің арасында
орналасқан фиброзды мембрана membrana vastoadductoria құрайды. Бұл мембрана
жоғарғы жағынан тігінші бұлшықетпен m.sartorius жабылған. Жалпы айтқанда өзектің
ұзындығы 6-7 см болып келеді. Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегінің жоғарғы
саңылауы сан үшбұрышының шұңқыр тәрізді кеңістігінің соңғы бөлімі болып табылады.
Ол санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетімен m.adductor magnus, санның жалпақ
медиальді бұлшықетімен m.vastus medialis, фиброзды мембранамен membrana
vastoadductoria шектеледі. Бұл саңылау арқылы сан үшбұрышы кеңістігенен санның қан
тамырлары өтеді. Ал ортаңғы саңылауы фиброзды мембранамен membrana vastoadductoria
шектелген. Өзектің төменгі саңылауы hiatus tendinous m.adductor magnus деп аталады. Ол
санның артқы бетінде тақым шұңқырында орналасады. Бұл өзек арқылы сан артериясынан
a.femoralis таралатын тақым артериясы a.poplitea мен тақым венасы v.poplitea influxus, сан
нервісінен n.femoralis тарамдалған тері асты венасы n.saphenus өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: