2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет88/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

құрамы.
100 процент. 
Бұлшықет-кіші жіліншіктің төменгі өзегі (canalis musculoperoneus inferior) – сирақ-тақым 
өзегінен тармақталған. Бұның алдыңғы қабырғасын – fibula артқы беті, артынан musculus 
flexor hallucis longus және musculus tibialis posterior құрайды. Осы өзек арқылы кіші 
жіліншіктік қан-тамырлары өтеді. 
Ал бұлшықет-кіші жіліншіктік жоғары өзегі (canalis musculoperoneus superior) – сирақтың 
жоғарғы ұшында жатады. Ол fibula латеральді бетімен және musculus peroneus longus 
арасында орналасады. Өзекке кіші жіліншіктің жалпы жүйкесі кіріп, беткей және терең 
тармақтарға бөлінеді.
Асықты жілік шыбығының бұлшықеттік, төменгі өзекшесінің, canalis musculoperoneus 
inferior, а) алдыңғы қабырғасы асықты жілік шыбығының артқы бетінен, ә) артқы 
қабырғасын бас бармақты бүккіш ұзын бұлшықетінен тұрады. Бұл өзекше арқылы асықты 
жілік шыбығының бұлшықеттік қан тамырлары мен нервтері өтеді. 
Асықты жілік шыбығының жоғарғы бұлшықет өзекшесі, canalis musculoperoneus superior, 
ол сирақ-тақым өзекшесінің жеке тармағы болып саналады. Өзекше, асықты жілік 
шыбығының латералды бетімен ұзын асықты жіліктік шыбығы бұлшықетінің, т. peroneus 
longus бұлшықетінің аралығында орналасқан. Бұл өзекше арқылы асықты жілік шыбығы 
бұлшықетінің беткей нервісі, peroneus superfieialis өтеді. Табан бетінде, табанның 
медиалды, латералды және аралық бұлшықеттерінің аралығында табанның медиалдық 
саласы, sulcus plantaris medialis мен табанның латералды саласы, sulcus plantaris lateralis 
орналасқан. Бұл салалар, сирақ тақым өзекшесінің тікелей жалғасы болып саналады. 
Салалардың бойында табан бұлшықеттерін қандандыратын қан тамырлар орналасқан. 
81.Аяқ басының бұлшықеттері. Аяқ басының синовиалді қынаптары 
Жалпы аяқ басының бұлшықеттері топографиясына байланысты аяқ басының сыртқы 
және табан бұлшықеттері боп 2 топқа бөлінеді. 


Аяқ басы сыртының бұлшықеттеріне бақайлардың қысқа жазғыш бұлшықеті m. extensor 
digitorum brevisжатады. Ол аяқ ұшының сыртында ұзын жазгыш сінірлерінің астында 
жатады және өкше сүйегінің латеральды және жоғарғы беттерінен алдынан басталады. 
Алға қарай бағыт алып, I-IV бақайларға баратын төрт жінішке сінірге болінеді, олар m. 
digitorum longus пен m. extensor hallucis longus сіңірлерінін латералды жиектеріне 
қосылып, солармен бірге бақайлардын сыртқы сіңірлі созылмасын түзеді. Сіңірімен бірге 
үлкен бақайдың қысқа жазғыш бұлшықетін m.extensor hallucis brevis түзеді. Қызметі I-IV 
бақайларды жазу. 
Ендігі кезекте табан бұлшықеттері өзі 3 топқа бөлінеді: медиалды –олар үлкен бақай 
бұлшықеттері, латералды - кішкене бакай бұлшыкеттері, ортанғы- 
табан ортасында жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет