карточканың нөмірі – төлем карточкасының ұстаушысына, эмитентіне және ХТЖ-ға
тиесілігін анықтауға мүмкіндік беретін төлем карточкасында көрсетілген және/немесе сақталатын
жеке 16 таңбалы нөмір;
28)
3DSecure технологиясы – интернет желісінде төлем карточкалары бойынша операцияларды
жүргізудің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленген технология. Осы технология
шеңберінде интернет-банкинг клиентінің жеке басы жіберушінің карточкасын шығарушы эмитент-
банктің серверінде осындай банк белгілеген тәсілмен куәландырылады;
29)
тестілік бұғатталатын соманың технологиясы – жіберушінің карточкасы бойынша 100
теңгеге дейінгі тестілік соманы бұғаттау жүргізілетін қызмет көрсету кезінде Банк жүзеге асыратын
шектеулі қолжетімділігі бар Клиентті қосымша сәйкестендіру тәсілдерінің бірі. Жіберушінің
карточкасын ұстаушы жіберушінің карточкасын шығарған эмитент-банкке хабарласып, бұғатталған
соманы біле алады.
30)
транзакциялық-банктік қызметтер – Клиент тарапынан банктік шотты (шоттарды) ашумен
және мұндай банктік шотты (шоттарды) жабумен, төлемдерді жүргізумен және ақша аудару
процестерімен, шетелдік валютамен ақша айырбастау операцияларын жүргізумен, кредит/карточка
бойынша кредит берумен және ақпараттық-банктік қызметтерге қатысты емес банктік қызметтердің
өзге түрлерін жүзеге асырумен байланысты электрондық банктік қызметтер;
31)
интернет желісі – ақпаратты сақтау мен жіберуге арналған біріккен компьютерлік желілердің
дүниежүзілік жүйесі;
32) тармақша осы шартқа №4 Өзгерістерге сәйкес алынып тасталды (19.04.2021 ж. № 7/2021 хаттама) 33)
электрондық банктік қызметтер – Клиенттің банктік шот (шоттар) бойынша жүргізілген
операциялар, банктік шот (шоттар) туралы ақпаратты алу үшін өзінің банктік шотына (өздерінің
банктік шоттарына) қол жеткізуге, ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруға, банктік шот
(шоттар) ашуға немесе жабуға және/немесе банк телекоммуникациялар желілері бойынша спутниктік
байланыс немесе өзге де байланыс түрлері арқылы көрсететін өзге де банктік операциялардың түрлерін
жүзеге асыруға байланысты қызмет көрсетулер. Электрондық банктік қызметтерді көрсету
ақпараттық-банктік және транзакциялық-банктік болып бөлінеді;
34) тармақша осы шартқа №4 Өзгерістерге сәйкес алынып тасталды (19.04.2021 ж. № 7/2021 хаттама) 35) тармақша осы шартқа №1 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды (16.10.2020 ж. № 33/2020 хаттама) 35)
SMS-код – интернет-банкингте тіркелуге, құпиясөзді қалпына келтіруге, операцияларды
растауға немесе бұрын тіркелмеген электрондық байланыс құралы арқылы Мобильді қосымшаға
кірген кезде Клиентті сәйкестендіруге арналған бір реттік код. Банк SMS-кодты клиенттің жеке басын
анықтау үшін оның шартта қарастырылған операцияларды жасау құқығын бірыңғай растау
мақсатында Клиенттің телефон нөміріне SMS түрінде жібереді;
1-бап осы шартқа №1 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 36-43)тармақшалармен
This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
толықтырылсын (16.10.2020 ж. № 33/2020 хаттама) 36)