Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет41/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81
Байланысты:
document (3)

Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Оразалиева Э. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма (Филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация) Алматы, 2007
2. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Минск.: Тетра
Системе, 2004. – 225с.
3. Дейк Т.А.ван. Анализ новостей" (Нью-Йорк, 1988)
4. Дейк Т.А. ван. "Новость как дискурс" (Нью-Йорк, 1988
5. Дейк Т.А. ван. Дискурсты түсіну стратегиялары» (Нью-Йорк, 1983) 
95


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
№ 1 сабақ
Тіл білімі және когнитивтік ғылымдар. Когнитивтік лингвистика. 
Сабақ жоспары
1. Тіл білімі және когнитивтік ғылымдар. Когнитивтік лингвистика. 
2. Тіл білімі және коммуникация теориясы.
Бақылау сұрақтары
1. Когнитивтік ғылымның сипаты қандай?
2. Когнитивтік лингвистиканың басқа когнитивтік ғылымдармен ара
қатынасы туралы айтыңыз.
3. Коммуникация теориясы дегенді қалай түсінесіз?
Глоссарий
Когнитивтік тіл білімі (лат. cognito - білім, түсінік) –
табиғи тілді сана
әрекетінің корінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейдін тіл білімінің
саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизмін
түсіндіруді және оған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді.
парадигма
– 1) «еуропа ғылымында», нақтырақ айтқанда, роман, герман
топтарында, орыс тілдерінде жүйелі түрде тек бір мағынада қолданылмаған
термин, алғашында латын тіліне грек тілінде жарық көрген теологиялық
жазбалар мен риторикалық еңбектер арқылы енген ұғым бастапқы кезде
«жағымды, жағымсыз мысалдардың айтылуы»; «өмірден алынған үлгілер»
(итальян тілінде); «жүйе» және «заңдылық» (испан тілінде) деген сөздермен
ұштаса беріліп келсе, кейін француз сөздіктерінде «мысал», ағылшын тілінде
жазылған лексикографиялық зерттеулерде «үлгі немесе модель», «жалпы
түсінік яки концепт», «лексеманың сөз түрлену мүмкіндіктерін айқындар
септелу формалары» деген мағыналарда қарастырылған екен; 2) п. деп
барлығы қолдайтын және белгілі бір уақыт аралығында ғылыми қауымға
алдына қойылар міндеттер мен оларды шешу жолдарының моделін ұсынатын
ғылыми жетістіктер аталады (Т.Кун);
№1 тапсырма. 
Сөздіктен мына терминдердің түсіндірмесін табыңыз
Когнитивтік модель, прототип, пропозиция, пропозициялы құрылым,
когнитивтік грамматика, когнитивтік семантика, бейне, бейне-схема,
когнитивтік құрылым, үстірт құрылым, астырт құрылым, тілдік сана,
тілдік тұлға, архетип, идеоэтникалық, идиоэтникалық , референция,
репрезентациялық, концептуалды, концепт, мағына, мән, концептуалды
құрылым, коммуникация теориясы, референт, адресант, адресат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет