Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет37/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Байланысты:
document (3)

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным. 
2.Оразалиева Э. Танымдық қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы: Мұрагер, 2005. 
85


3. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра
Системе, 2004г. 
4.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; Алматы,
2007. 5.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1. 
6.Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі
вербалдану ерекшелігі(М.Мақатаев поэзиясы бойынша).Филол.ғыл.канд.дисс.
автореф.,-А.,2006. 
7.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ,
тілдік сана. – Алматы: Ғылым, 1998ж. 
8.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным,
Алматы, 2002ж. - №4
№13 дәріс 
Когнитивтік модельдер теориясы
Жоспар:
Когнитивтік модельдер теориясы
Дәріс тезисі 
Ф.Джонсон когнитивтік модельдер теориясын ұсынды. Ж.Фоконье мен
М.Тернердің концептуалды интеграция иеориясының өзіндік мәні және
менталды кеңістіктер теориясы. Оларды талдау. Топологиялық семантика
(Л.Талми) мәселесі және оның зерттелуі туралы. Категория туралы ұғым.
Фигура, фон ұғымдары
Қаламгердің тілдік тұлғасындағы таным ерекшелігін, семантикалық
өрісін ұлттық санадағы шынайы, ақиқат дүниенің құндылықтарын таңбалайтын
кейбір концептілерге талдау жасау арқылы когнитивтік лингвистика
шеңберінде зерттей отырып, Адам мәніне бойлай аламыз. Осы бағыттағы
концепт мәні қазақ тіл білімінде Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева, А.Ислам,
Г.Сағидолда, Э.Оразалиева, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов,
Б.Ақбердиева, Б.Тілеубердиев, Ш.Ниятова, Ш.Елемесова, Г.Имашева,
Ф.Қожахметова т.б. зерттеушілер еңбектерінде әр қырынан зерттеліп келеді.
Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық
жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген
бейнесімен «жүздесуге» мүмкіндік аламыз. «Ұлттық өзіндік бейне» дейтін
себебіміз әрбір этнос өзін қоршаған әлемді тек «өз көзімен» көріп, өзінің
түсінігіне жақын мазмұнмен толтырады. Дүниені бағалаудығы өз ұлттық
ерекшелігін белгілейді Тілдік семаның тілдік бірліктер арқылы берілетін
рухани және материалдық құндылықтары тілдің барлық деңгейлерінде көрінеді.
Бұл құндылықтар халық тарихы мен тұрмысына терең орнығып, оның
паремиологиясы мен фразеологиясы, сөздік қоры мен ондағы сөздердің бояу-
реңктері арқылы көрініс беріп жатады
Концептуалдық талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени,
бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы
(концептілік орта) бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын
компоненттердің суреттелуін анықтау. Ғалым Б.Е.Хұсайынов: «Концептуалдық
86


талдау барысында нені ескеру қажет? Алдымен концептінің көп компонентті
екенін және білім өрісін, түсінік,ұғым ассоциациясын, олардың ядролары мен
периферияларын ескеру қажет. Мәтіннің концептуалдық кеңістігі концептінің
ортақ қасиеттерінің топтасуы, бірігуі, бір-біріне тартылуы дәрежесінде ортақ
семантикалық өріс құруынан көрінеді. Ал тірек концепт бір автордың
шығармасында байқалатын индивидуальді – авторлық әлемдік бейненің
ядросын танытады.Концептуалды талдау барысындағы ең тиімді тәсіл –
когнитивті пропозиционалдық құрылымды қолдану.»,-дейді. Р.М.Фрумкина
концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі
ретінде түсіндіріледі: 1. Талдауға алынған материалға әр түрлі шығармадан
контекст алынады. Мағынаны түсіндіруде автордың жеке тәжірибесі сол
мәдениетті тасымалдаушы, философиялық дәстүрді тасымалдаушы ретінде
таратылады. 2. Нысана ретінде пропозицияның модальды шылау, кванторлар
предикатты лексиканың кейбір типтері алынады. Лингвистика дәстүріне сай
тәсілдер қолданылады, мағына интерпретациясы негізгі назарға алынады. 3.
Кез-келген кең контекссіз лексика алынады. Зерттеудің интроспекция тәсілі
талдауға қолданылады, формаландырылған семантикалық метатілдегі
концептерді түсіндіру жазбасы нәтиже болады. 4. Бағыты жөнінен
айырмашылығы бар және мәдени, философиялық, не әлеуметтік жоспардағы
жұмысты біріктіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет