1
Метафора және метафоралану – «сөз мағынасының ауысуы»
.
Метафора – тұжырымдау мен танудың бір үлгісі. Ол – жаңа ұғымдарды жасай
отырып, жаңа білімнің қалыптасуына тікелей әсер ететін маңызды фактор.
Тілдің дәстүрлі теориясында метафора ойдың емес, тілдің ғана құбылысы деп
танылып келді.
Когнитивистер алғашқылар қатарында метафораның әлемдік
бейнені танудағы, оның концептуалды сипатын
айқындаудағы қызметін
сұрыптаған ғалымдар қатарында М.Реддидің есімін атаған орынды деп
есептейді. Аталмыш зерттеуден бастап метафораның зерттелу аясы кеңейіп,
адамның ұқсату әрекеті тек салыстыру мақсатында ғана емес, әсер ету,
шынайы болмысты өзгеше қабылдау бағытында да ұғынылды деп көрсетіледі.
Осы орайда, бүгінгі күні метафора танымдық
құрылғы ретінде ғана емес,
абстрактылы ұғымдарды нақтылауға көмектесетін құрал есебінде
қарастырылып, қоршаған әлемді танудың, ол туралы тұжырымдаудың нақты
көрінісі, амал-тәсілі тұрғысынан сипатталып отыр , сондықтан тілшілер
когнитивтік метафораның шығу тегін адамдардың әр түрлі
тұлғалар мен
объектілер арасындағы ұқсастықтарды құрастыра білу қабілетінен өрбітеді .
Бұл ұғым бір объктінің екінші объект арқылы сипатталуымен
ерекшеленетіндіктен, ғалымдар оны жекеленген құбылыстар табиғатынан гөрі
күрделі ой кеңістігіне сәйкестендіре зерделейді, олар танымдық үдерісте орын
алатын ой-қорытындылар метафора арқылы бір-бірімен байланысқа түсе келе,
нақты және абстрактылы бірліктердің үйлесу заңдылықтарын саралауға
септігін тигізеді деп пайымдайды. Демек, ойлау жүйесіне құрылған
метафораның танымдық
қызметін өзектеумен қатар , қазіргі тіл ғылымында
оны „”абстрактылы тұжырымдарды саналы түрде қабылдаудың тәсілі,
абстрактылы ойлауға мүмкіндік беретін механизм ретінде” қарастыру
керектігіне
өзгеше мән берілуде, сол себепті Дж.Лакофф пен М.Джонсонның
авторлық бірігуімен дүниеге келген еңбекте „Адам ойлайтын, әрекет ететін
жүйе табиғатынан метафоралық күйде болатындықтан, метафоралық таным
адамның күнделікті өмірінде тек тілге ғана емес, оның ойы мен әрекетіне де
әсер етіп, толығымен кірігіп кеткен” делінген.
Осы мақсатта ғалымдар
метафораның келесі түрлерін бөліп көрсеткен:
онтологиялық метафора
- эмоцияны, оқиғаларды,
әрекеттер тізбегін
белгілі бір зат немесе субстанция ретінде қарастырудың амалы.
Когнитивті терминдер сөздігінде оған „абстрактылы ұғымдардың
кеңістіктегі шекарасын анықтау” деген анықтама берілген;
Достарыңызбен бөлісу: