,
яғни
бейне мен ұғымның олардың техникалық
қабілетімен байланысуы; 3)
логикалық ойлау
яки тұжырым жасау мен
ұғымдарды қолдана білудің қатаң ережесін сақтау . Нәтижесінде адамның
танымы мен қабылдауын дәйектейтін және оның тілдік қабілетіне тікелей
байланысты болатын ойлаудың кез келген формасы қалыптасады деп
есептеледі. Олай болса, лингвистикалық тұжырымдардың маңызды бөлігі
тілдің психологиялық және психотанымдық бірліктерін айғақтауға
бағытталғандықтан, қазақ тілінде жарық көрген ғылыми еңбектердің басым
көпшілігінде аталмыш мәселе тілдің табиғаты мен қызметін анықтау, адамзат
тіршілігінде алар өзіндік орнын сипаттау мақсатында таза философиялық не
танымдық тұрғыдан, логикалық пайымдаудың үлгісі ретінде және өзге
лингвистикалық проблемаларды шешуде қосымша дерек көзі есебінде негізге
ала талданып келеді. Осыған орай, «Танымның жоғары сатысы болып
табылатын психикалық процесс – ойлау сезімдік танымға негізеледі, санадағы
бейнелерге сүйенеді. Дүниедегі құбылыстарды, жекеленген фактілерді
қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді, олардың әрқайсысының мәнісі
мен қасиетін, өзара байланысын танып біледі. Осылайша дүниедегі заттар мен
құбылыстар адам санасында сәулеленеді, зерделенеді, олар туралы ұғым пайда
болады» деген пікірге сүйене отырып, тіл мен ойлау ұғымдарының
байланысын айқындайтын психолингвистикалық және когнитивті
ұстанымдардың болашақ зерттеулерге арқау бола алатындығын анықтау
қиынға соқпас деп ойлаймыз. Бүгінгі күннің өзінде психотанымдық
мәселелердің кейбір аспектілері, атап айтқанда, этнонимдер табиғатын
зерделеу, түр-түс атауларының психологиялық реңктерін анықтау
қазақстандық лингвистика көлемінде өз шешімін табу үстінде. Әйтсе де,
«Сыртқы» лингвистика тілдің таңбалық, әлеуметтік және психологиялық
табиғатын анықтауға, оның адамзат өмірінің алуан түрлі салаларын қамтитын
өзгешелігін, тілдік қатынастың маңызын көріп тануға бағытталады. Ол тіл
пәлсапасына және пәлсапаның өзіне оңай ауыса алады, өйткені ол - адамның
адамзаттың бастауының негізінде жатқан құбылыс Ал тіл теориясы тіл
білімінің шегінен аса отырып, жалпыгуманитарлық мәнге ие болады»,-деп
көрсетілді, яғни «сыртқы» лингвистика тіл пәлсапасы мен адамзат әрекеттерін
сипаттар өзге де философиялық қағидалармен үздіксіз байланыста
болғандықтан, ғалымдардың «Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да адамға тән
құбылыстар» деген пікірі психолингвистиканың зерттеу шеңберін жүйелейтін
маңызды проблемалар қатарында:
тіл де, ойлау да адам миының туындысы;
тіл де, ойлау да әлеуметтік құбылыс;
сөйлем мен байымдаудың байланысы;
74
байымдау – шындық дүниенің адам санасында бейнелену формасы;
тіл – ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы;
тілдің материалдық, дыбыстық әрі мағыналық жақтарының ойлауға
қатысы туралы;
логикалық және грамматикалық категориялардың байланысы;
сөз мағынасы мен ұғымының арақатынасы және т.б.
сынды мәселелердің жинақталуына себепкер болды. Аталған мәселелердің
ішінде К.Аханов, әсіресе, соңғы үшеуінің әлі де жан-жақты зерттеуді қажет
ететіндігін ескерте отырып, психологиялық зерттеулердің ерекшелігін
нақтылау мақсатында И.П.Павлов, И.М.Сеченов, В.фон Гумбольдт,
Л.Блумфильд, З.Харис, Н.Я.Марр секілді зерттеушілердің пікірлеріне шолу
жасады, нәтижесінде: «...тіл мен ойлаудың арасына тепе-теңдік белгісін қойып
теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен бірін бөліп тастау да
ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып табылады» деген
қорытындыға келді. Осыған орай, зерттеуші тіл мен ойды байланыстыратын әрі
екеуінің де жүзеге асуын дәйектейтін алғышарттар қатарында «шындық
болмыс» пен «адам танымын» қарастырды. «Ой тіл арқылы айтылған
мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті
арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттарымен және
құбылыстарымен байланысқа түседі...» деп тұжырымдаған тілші «адам
ойлауының хайуанаттың «ойлауынан» айырар басты белгілері ретінде адамның
«шындықтың объектілерінің байланысы мен қарым-қатынастарын танып білер
және олардың қасиеттерін айқындап белгілер» қабілеттерін даралады. Демек,
адам миының туындысы бола тұра, тіл де, ой да «шындық дүниенің адам
санасында бейнеленуімен» тығыз байланысты, яғни «Ойда айқындалатын
міндеттерді шешу тілді қолданумен тікелей байланысты, себебі тіл өзге
қатынас жүйелеріне қарағанда, әлде-қайда күшті таңбалық сипатпен
ерекшеленеді. Ол хабарды жіберу не қабылдау қызметтерін жүзеге асырып қана
қоймайды, сонымен қатар сырттан келетін хабарларды өңдеуге, сөйтіп, арнайы
тілдік фреймдерді жасауға көмектеседі...» делінгендей, тіл мен ойлаудың
антропологиялық және когнитивтік негіздері адам жаратылысының қимыл-
әрекетінен, өзін қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасау сипатынан айқын
аңғарылады.
2. “…ой дегеніміз әмсе жайдақ болмайды, күрделі, түс сияқты
шытырманды, арман сияқты бейнелі [образды] болып келеді” ,- деп адам
ойының болмысына дәл анықтама берген Р.Сыздық көркем шығарманы талдау
барысында оның қабылдану ерекшелігіне зер салады, себебі “авторлық
даралықтың, жазушының өзіндік қолтаңбасының” ажырамас белгісі ретінде
Р.Сыздық қаламгердің “кейіпкерді сөйлету, ойлату” әрекеттеріне ерекше назар
аударды, оларды адам табиғатын танудың басты құралы деп бағалады. Ойды
танымға, танымды халықтық дәстүрге жалғастырған зерттеуші “ой-монолог”,
“ой-текст”, “ой-сана тартысы” сияқты ұғымдарды шебер пайдаланды. Сөз
табиғаты мен оның мүмкіндіктерін көрсету мақсатында “Сөз құдіретінде”
теңеулер мен алуан түрлі көріктеу, айшықтау құралдары да психологиялық
75
таным тұрғысынан дәйектеліп талданған, ал оның астарында терең
этнографиялық таным мен жазушының өз дүниетанымы, “содан өзі алатын ой
түйіні” өзгеше пәлсапамен өрілген. “Мәдени өзгешеліктер, яғни бір халықты
екінші халықтан ажыратуға мүмкіндік беретін белгілер, адамның ішкі әлемін
қалыптастыруға, оның ұлттық менталитетін сұрыптауға әсер етеді»,- деп
И.Горелов пен К.Седов атап өткендей, адам - өз заманының, халқының
перзенті, оның бар дүниетанымы осы аталған ұғымдармен тығыз байланыста
қалыптасады, сол арқылы жеке танымдық ерекшелігі, қоршаған әлемді
қабылдау нормалары сұрыпталады, сол себепті тілші психологиялық
зерттеулердің негізгі арналары қатарында этнографизмдердің авторлық “сөз
таңдауға” әсерін қарастырды. “Сөз таңдаудың” үлкен саласына өмір
шындығын, атап айтқанда, қазақ халқының ұлттық болмысын шынайы
көрсетуде этнографизмдер деп аталатын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрге
қатысты сөздер мен тіркестерді дұрыс танып, дәл тауып қолдану жатады”, -
дейді Р.Сыздық. Шынайы болмыс пен халықтық дәстүр сабақтастығынан нәр
ала қалыптасатын жеке тұлғалардың ішкі сезімі, дүниедегі құбылыстарды тану
әрекеті күрделі байланыстың психологиялық негізін құрайды. Адамның
«психологиялық күйі» мен «ішкі, сыртқы портретін» Абайдың шебер өрілген
сөз оралымдары арқылы дәйектеген автор тілдік бірліктердің барша
функционалды-прагматикалық мүмкіндіктерін лингвистикалық талдауларына
арқау етеді. Осы қатарда зерттеуші тілдің «психологиялық күйді білдіру»
қызметін «нақты сурет беретін сөздермен» байланыстыра анықтайды. Мысалы:
«...сүйіскен жастардың ішкі көңіл күйлерін суреттеу үшін суыну, ысыну, бос
шошу, жүрегі түпілдеп, саусағы суыну...» сияқты сөздерді өлең тіліне қосады»
дей келе, ғалым Абай шығармаларында ерекше орын алатын «жалпы толғаныс»
пен «нақты картина» заңдылықтарының үйлесе ұштасуын дәлелдейді.
Адам образының психотанымдық келбетін сипаттар ақындық шеберліктің
тағы бір үлгісі ретінде Р.Сыздық қыз бен жігіт сөздеріне зер салды. Халықтық
дәстүр, тәлім-тәрбие, тағылым, ұлттық болмыс негіздерін жастардың мінез-
құлқынан, бір-бірімен қарым-қатынас жасау өзгешеліктерінен өрбіткен Абай
сөздерін ғалым тілтанымдық талдаудың өзегіне айналдырды. «Абай
өлеңдерінің ішінде жанры жағынан аса бір қызық шығармалары «Жігіт сөзі»
мен «Қыз сөзі». Екі өлең де жастардың бір-біріне жазысқан хаттары деп
ұсынылған: жігіт сәл еркіндеу, қызға сен деп қарата сөйлейді, тілі де ауыл
мырзасының өзімсінген стилін [мәнерін] танытады, ал қыз болса, тәрбиелі,
ибалы, сөзін сіз деп бастайды, бірақ ол да еркін өскен құрбысына наз арта
алатын сауатты қыз...» деген үзіндіде терең этнопсихологиялық, ұлттық-мәдени
танымның элементтері көрініс тапқан. Қазақ даласына тән еркіндікпен қатар,
қыз-жігіттердің бойында қалыптасатын этика, эстетика нормаларын елдік
құндылықтармен, қазақи болмыс-бітіммен ерекше ұйқастырған Абай
шығармаларын тілші қайталанбас этнотанымдық психологияның нысаны
ретінде пайымдап талдайды. «Модальдық реңк», коннотациялық сипат
мәселелерін де ғалым тілдік бірліктер табиғаты немесе олардың өзара
байланысу амалдары негізінде түсіндірді, сөйтіп, «шылау, одағай, көмекші
76
есім, көмекші етістік, етістіктің рай тұлғалары, сын есімнің шырай тұлғалары,
дауыс әуені [интонация] сияқты лексика-грамматикалық құралдарды» адам
болмысын айқындар амал-тәсілдерге жатқызды. Р.Сыздық зерттеулеріндегі
тілтанымның психологиялық ерекшеліктері, ең алдымен, адам ойының
субъективті өзгешелігін сипаттайтын объективті болмыс заңдылықтарын
уәждеп талдауға бағытталған. Ғалым тіл мен ой ұғымдарының үйлескен
бірлігін адамзат атаулының болмыс табиғатынан, өсіп-өнген ортасынан,
әлеуметтік шығу тегінен іздеді.
«Танымның жоғары сатысы болып табылатын психикалық процесс – ойлау
сезімдік танымға негізделеді, санадағы бейнелерге сүйенеді. Дүниедегі
құбылыстарды, жекеленген фактілерді қабылдай отырып, адам оларды ойша
өңдейді, олардың әрқайсысының мәнісі мен қасиетін, өзара байланысын танып
біледі. Осылайша дүниедегі заттар мен құбылыстар адам санасында
сәулеленеді, зерделенеді, олар туралы ұғым пайда болады» деп
сипатталғандай, таныммен тығыз байланыс құрайтын адамның ойлау әрекеті
қоршаған орта заңдылықтарын өзгеше қабылдауға, қорытып бағалауға
мүмкіндік береді, сол себепті оның бүкіл болмысы адамзат жаратылысының
маңызды бөлшегі, ажырамас бірлігі деп танылады. Тілтанымдық зерттеулердің
психологиялық тұрғыдан дәйектелуі жалпы психологиялық әдістердің
өзектелуімен тығыз байланыста қарастырылады десек те болады, себебі
адамның сезіну, эмоциясын білдіру амалдары, негізінен алғанда, биологиялық
тұрғыдан универсалды сипатқа ие, сондықтан «Кез келген сезінуді, тәртіпті
немесе тұлғаны тану екі түрлі әдіспен жүзеге асады...Психолог сезімдерге әрі
өзгеше, қайталанбайтын және идиосинкретикалық құбылыс деп әрі белгілі бір
әлеуметтік топтың типтік категориясы ретінде назар аударып отырады»,-деп
Абрахам Г.Маслоу ескерткендей, адамды тіршілік атаулының ең құнды да
күрделі көрсеткішіне жатқызған ғалымдар оны психотанымдық зерттеудің
нысаны ретінде, бір жағынан, жекеленген тұлға деп айғақтаса; екінші
жағынан, рубрификация ұғымымен айқындалатын типтік мінездемелер
жиынтығы есебінде қарастырады. Бұл әрекеттің астарына ғалымдар «объектіні
белгілі бір категорияға жатқызуға мүмкіндік беретін сипаттамалар жігін»
топтағандықтан, ол адамға тән тәртіптер мен жай қимылдардың автоматты
түрде қайталануын дәлелдеуге септігін тигізді. Дәлірек айтқанда, ғалым
Ә.Хасенов ескерткендей, психология ғылымы «адамның сөйлеу процесін,
қабылдау, түсіну заңдылықтарын, сөз мағыналарын ауыстырып қолдану
сияқты жайлардың мәнін, сөйлеу мақсатына қарай сөйлем түрлерінің мәнін т.б.
түсінуді жеңілдететіндіктен» , оның жалғасын құраған тілтанымдық қағидаттар
да психикалық процестердің танымдық уәждерін тілдік құралдар арқылы
уәждеуге бағытталады.
Қорыта келгенде, қазақ тіл біліміндегі тілтанымның универсалды
психологиялық негіздерін ой, сана, қиял, арман, ішкі ғалам мен сыртқы ғалам,
ой өлшемі, сезім, көңіл мейірі, адам миы, ми сәулесі, ой-монолог, ой-текст, ой-
сана тартысы және т.б. ұғымдар тізбегі құрайды
.
Олар «...дүниені, дүниеде
болып жатқан құбылыстарды тек өз күйінде қабылдамай, оған өз көзқарасын
77
білдіруге, ...дүниедегі құбылыстарға баға беруге;...оның жинақтық бейнесін
жасап, өмірде пайдалана алуға» көмектеседі, яғни «әр ұрпақ өз дәуірінде болып
жатқан қоғамдық, табиғи құбылыстарды, өзгерістерді өздерінше бағалап,
кейінгі ұрпаққа беріп отырады» .
Достарыңызбен бөлісу: |