ДӘРІС КЕШЕНІ
№1
дәріс
Когнитивтік лингвистика пәнінің мақсат-міндеттері, қазіргі қазақ тіл
біліміндегі лингвистикалық парадигмалар
Жоспар:
Кіріспе. Когнитивтік лингвистика пәнінің мақсат-міндеттері
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық парадигмалар
Дәріс тезисі
Когнитивтік лингвистика пәнінің мазмұндық бағыттарына қарай мақсаты-
тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін, оның басты
тұжырымдары мен негізгі қағидаларын меңгеру.
Жалпы тілтану
мәселелерінің қалыптасып, дамуы диалектика мен
динамика заңдылықтарына сүйенетін құбылыстардың бірі деп танылатындықтан,
лингвистер тіл білімін қарапайымнан күрделіге, жалқыдан жалпыға қарай
айқындалатын, үнемі толығу, өзгеру үстінде болатын тұжырымдар тізбегі деп
сұрыптайды. Жалпы және жеке лингвистиканың зерттеу бағыттарын бір-бірінен
туындайтын логикалық байланыстар нәтижесі деп дәйектеген ғалымдар барлық
тілдерге тән қағидаларды сұрыптау мақсатында лингвистикалық салаларды,
категорияларды сипаттайтын жеке тілдік деректерді салыстыра-салғастыра
қарастыру қажет екенін ескертті (В.фон Гумбольдт, Л.Блумфильд, Ф. Де Соссюр,
И.А.Бодуэн де
Куртенэ, Ю.Д.Поливанов, Э.Бенвенист, А.А.Реформатский,
Ф.М.Березин, В.А.Звегинцев, В.И.Кодухов және т.б.). Нәтижесінде әр
лингвистикалық арнаның өз даму принциптерін сұрыптауға болатын ұстанымдар
желісі анықталып, жалпы ереже - «тіл атаулының барлығына тән, күллісіне ортақ
жалпы заң»; жалқы ережелер – әрбір тілдің өзіндік даму ерекшеліктерін
сипаттайтын нормалар болып есептелді. Екі бағыттың да тіл білімі үшін
маңыздылығын айғақтаған тілшілер кез келген тілдің «қоғамдық құбылыс
ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтарымен»
қатар «нақтылы бір тілдің өзіне тән, оны басқа тілдерден бөліп қарауға мүмкіндік
беретін жеке заңдарын ажырата білу қажеттігіне» баса назар аударды, сондықтан
бүгінгі күні олар жеке тілдік фактілерді жалпы тіл табиғатын да, қызметін де,
өзге құбылыстармен байланысу принциптерін де түсіндірер мәселелер қатарында
қарастырған дұрыс деп есептейді. Пәлсапалық
таным ұғымдарымен тығыз
байланыста, соның бір бөлігі ретінде дүниеге келген тіл туралы ғылымның
қазірде қазақ топырағында қалыптасу ерекшелігін айқындау, даму бағыттарын
саралау, әлемдік лингвистиканың концептуалды тұжырымдарымен
сабақтастығын, өзіндік үлесін талдау қажеттігі сол байланыстың уәжді жалғасы
болып табылады.
ХХ ғасырдан бастап нормативті грамматикалармен қатар, тілге жаңа
қырынан
зер салу, оның ішкі идеялық философиясына назар аудару,
антропоцентристік сипатын талдап қарастыру қазақ тіл ғылымында тың
лингвистикалық мәселелердің өзектелуіне әсер етті.
4
Тіл туралы ғылымның тарихи қалыптасуы мен теориялық дамуы алуан түрлі
ұғымдардың да лингвистика шеңберінде қолданыс табуына себепкер болды. Өзге
ғылымдармен тығыз байланыс құрай отырып, тіл білімі пәлсапалық, қоғамдық,
психологиялық терминдерді тілдік ізденістерге арқау етіп, ғасырлар тоғысында
жаңа міндеттер шешу мүмкіндігіне ие болды, соның арқасында қазір лингвистика
пәнаралық шекараларды жаңаша белгілеумен қатар, ғылыми
тұтасудың да өзгеше
үрдісін қамтамасыз етіп отыр. Бұл процестердің астарында «адамзат болмысын»
ерекше қабылдау, «қоғамдық қатынастарды» жан-жақты түсіну, «ғылыми зерттеу
мүмкіндіктерін» жаңа бағытқа жұмылдыру әрекеттері байқалады.
Бүгінгі күні көкейтесті ұғымдар қатарын толықтырған «тілдік парадигма»
тіркесі де сол үзілмес байланыстар тізбегінен орын алуда. «Парадигма» -
салыстырмалы түрде тек кейінгі жылдары ғана қажеттілік тудырған
концептілердің бірі» деп көрсетілгендей, аталмыш терминнің қалыптасуы мен
өзектелуі ғылыми сұраныстың салдарын құрайды. Атропоцентристік бағыттың
өріс алуымен, тіл тарихының зерделенуімен әрі танымдық ұстанымдардың
маңыздылығымен айғақталар бұл ұғымның мағыналық болмысы бірден
айқындала қойған жоқ. Оған дәлел ретінде В.З.Демьянков ұсынған шолуға назар
аударуға болады. «Парадигма» «еуропа ғылымында», нақтырақ айтқанда, роман,
герман
топтарында, орыс тілдерінде жүйелі түрде тек бір мағынада
қолданылмаған. Ол алғашында латын тіліне грек тілінде жарық көрген
теологиялық жазбалар мен риторикалық еңбектер арқылы енген. Аталмыш ұғым
бастапқы кезде «жағымды, жағымсыз мысалдардың айтылуы»; «өмірден алынған
үлгілер» (итальян тілінде); «жүйе» және «заңдылық» (испан тілінде) деген
сөздермен ұштаса беріліп келсе, кейін француз сөздіктерінде «мысал», ағылшын
тілінде жазылған лексикографиялық зерттеулерде «үлгі немесе модель», «жалпы
түсінік яки концепт», «лексеманың сөз түрлену мүмкіндіктерін айқындар септелу
формалары» деген мағыналарда қарастырылған екен» . Осыған ұқсас сипаттағы
түсініктемені орыс тілінде де кездестіруге болатынын атап өткен автор
парадигма ұғымының жаңа белесін Т.Кун есімімен сабақтастырды, ал басты
белгілерін «кундық мағына» тұрғысынан талдап көрсетті. Айталық,
бұл көзқарастар жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: