В.З.Демьянков парадигманың жасалуына аса қажет факторлардың ішінде
әсіресе Т.Кунның «ғылыми қауымдастық» деген тіркесіне баса назар аударды.
Бұл мәселе төңірегінде пікір айтқан ғалымдардың бірі Е.С.Кубрякова болды.
Ол ғылыми және ұлттық мектептер мен одан туындайтын бағыттар қатарында
тіл тарихында орын алар әр түрлі парадигмаларға зейін қою ғылыми
көпшіліктің үлесін бағалаумен астасатынын дәлелдеуге тырысты. «Тіл
теориясы аясында байқалар ағымдық және бағыттық ерекшеліктерге
қарамастан, бұл зерттеулердің шын мәніндегі жаңа өзгерістерді түсінуде, ең
бастысы, теориялық лингвистиканың адамдық факторды өзектеудегі орнын
айқындап көрсетуде атқарар маңызы зор»,-дей келе, зерттеуші білім
парадигмасының лингвистика тарихындағы үлесіне, тіл туралы көзқарастарды
жүйелеудегі қажеттілігіне, сол сияқты тіл хақындағы жаңа шындыққа негіз
болар болмысына көңіл бөлді, сондықтан парадигма негізінде дамитын
идеяларды ол келесі үлгіде топтап берді:
парадигма нақты ғылым саласында қол жеткізген нәтижелерге сүйенеді;
ол ғылыми қауымдастықтың сол нәтижелерді қабылдауын негізге алады;
парадигма белгілі бір үлгі бойынша нақты мәселелер мен олардың шешімін
модельдеу идеясын қолдайды.
Аталмыш идеялардың жүзеге асуын тілші 6 сатыдан тұратын жүйелі
қадамдар тізбегі ретінде айқындады, өйткені ғалым «тек олардың жиынтығы
ғана қойылар проблема мен оның шешілу жолдары туралы көзқарасты
қалыптастыра алады»,- деп тұжырымдады. Зерттеушінің айтуына қарағанда,
парадигмалық өлшемдерге төмендегідей мәселелер жату керек:
ғалым
парадигманың хронотопиялық шектер арқылы дәйектелуін
уәждеді,
яғни белгілі бір ғылыми парадигманың дүниеге келуін анықтайтын
маңызды көрсеткіштер қатарында уақыт пен орынның [мекен-жайдың]
немесе кеңістіктің ерекше қызмет атқаратынын атап өтті; соған қарамастан
тарих қойнауына еніп, алыстап кеткен парадигмаларды автор
салыстырмалы түрде ғана айқындау қажеттігін ескертті;
парадигманың пайда болуын түсіндіретін
шарттар, алғышарттар және
уәждер
болатынын дәлелдеген автор «еш нәрсе бос жерде дүниеге
келмейді, нольден басталмайды, барлық білім тарихи тұрғыдан шартталған
және байланысқан негізде дамиды» деген қағиданы ұстанды;
ғалымның пікіріне сәйкес,
көзделген мақсаттар мен міндеттер
, көп
жағдайда, парадигманың аты мен бағыт-бағдарын нақтылайды екен;
тілші парадигманы нақтылау барысында
талдауға негіз болған пәндік аялар
мен нысандардың
да ескерілуіне мән берді
Достарыңызбен бөлісу: