Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет5/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
document (3)

когнитивтік
белгілердің
бірі, сондықтан ол пәнаралық зерттеулердің нысаны ретінде
психологиялық, мәдени, әлеуметтік, экологиялық факторларды бейнелей
алады;

тілдік құрылым «концептуализация» үдерісіне тәуелді, өйткені ол адамның
өзін және қоршаған әлемді меңгеруі, оның сыртқы дүниеге қарым-қатынасы
сынды тәжірибелерінің нәтижесі болып табылады;

тілдік бірліктер, сонымен қатар, категоризация процесіне қатысты, олардың
басым бөлігі метафоралық не болмаса метонимиялық сипатқа ие;

грамматика семантика ұстанымдарымен уәжделген; басқаша айтқанда, тілдің
граматикалық ерекшеліктері адамның оны мағыналық тұрғыдан қолдануынан
туындайды;

тілдік бірліктің мағынасы – концептуалды құрылым, ол әлеуметтік негізде осы
бірлікпен байланысады; ал бұл байланыс әр тілдің өзгешелігін айқындайтын
физикалық кеңістіктегі бейнелі ассоциацияларға негізделеді;

мағыналар білім құрылымына сәйкес келетін терминдер арқылы беріледі
(айталық, «концептуалды салалар», «қарапайым үлгілер (модельдер)» т.б.),
оның ішінде негізгі және қосымша құрылымдар да бар;

айтылған мәліметтерге сүйенер болсақ, синтаксис, морфология, фонология,
лексикон, семантика және т.б. бір-біріне тығыз байланысты болғандықтан,
ешқайсысы тілден тыс жатқан білімнен бөлек қарастырылмайды .
«Орыс тіл біліміндегі ат қою теориясы когнитивтік лингвистиканың алғашқы
үлгілерін құрады деуімізге әбден болады. Бұл бағыттың шеңберінде адамның ат
қою әрекеті сөйлесім мен ойлау әрекеттерінің тоғысуы арқылы жүзеге асатын
ерекшелік деп танылады. Ономасиологиялық жұмыстар қазіргі когнитивтік
зерттеулерді жаңаша қарастыруға және когнитивтік лексикология мен
когнитивтік ономасиологияның алғашқы үлгілері туралы болжамдар жасауға
мүмкіндік береді» деп көрсетілгендей, тіл біліміндегі танымдық бағыттың
өзектелуіне тек осы күнгі тұжырымдамалар жемісі ретінде ғана емес, тарихи
қалыптасудың, дәстүрлі дамудың үлгісі деп қараған дұрыс. 
Адам баласының тұрмыс-тіршілігімен, үздіксіз өсіп-жетілуімен анықталар
білім парадигмасының маңызды бөлшегі болып табылатын когнитивтік
зерттеулер әр кез ғалымдардың назарында болды, өйткені адамның
лингвокреативті әрекетінде оның шығармашылық тұрғыдан ескіні жаңғыртар,
жаңаны тудырар танымдық қабілеті көрініс табады деп есептеледі. Бұл жағдайда
зерттеушілер «концептуалды интеграция процесінің универсалды сипатына»
зейін қояды. Осындай аса қажет алғышарттар қатарында Е.С.Кубрякова сөз
8


таптар теориясының когнитивтік негіздерін де зерделеп көрсетеді. Оны автордың
2004 ж. жарық көрген «Тіл және білім: Тіл туралы білімді жинақтау жолында: Сөз
таптары когнитивтік тұрғыдан. Әлемді танудағы тілдің қызметі» атты еңбегі
дәлелдейді. Тілдің күрделі табиғаты күрделі зерттеулердің дүниеге келуін
айғақтайды, дәлірек айтқанда, бұл мәселені әр дәуірде тек бір жақты қабылдау
мүмкін емес, ол үшін білім мен тәжірибе, пайым мен зерде, жады мен зейін
қажет. 
Қазақ тіл білімінің жекеленген тұжырымдарын да тілтаным теориясының
қалыптасу бастамасы ретінде қарастыру бүгінгі күнгі когнитивтік зерттеулердің
тың бағыттарын зерделеу, олардың қазақ топырағына тән даму сатыларын
айқындау міндеттерін сұрыптауға септігін тигізіп отыр. Тіл табиғатын адамның
танымдық әрекетімен байланыстыра талдаған тұжырымдардың қай-қайсысы да
психофизиологиялық, әлеуметтік және этнотанымдық мәселелердің үйлесімді
сабақтасуына негізделеді. Зерттеушілер назарына іліккен тілдік фактілердің
көпшілігі лексикалық бірліктердің мағынасын анықтау, оларды халықтық
пәлсапамен тығыз қарым-қатынаста пайымдау, ат қою процесінің танымдық
негіздерін таразылау, адамның шығармашылық қабілетін жеке биологиялық
мүмкіндіктерімен әрі өмірден көрген-түйгенімен байланыстыру, тіл тарихы мен
тілдік категорияларды адамзат танымынан өрбіте түсіндіру, сол арқылы
жекеленген тұлғалардың пікір-көзқарастарын зерделеу, оларды ой мен когниция,
жады мен зерде, зейін мен білім жемісі деп қарау арқылы шешімін тауып отыр,
сондықтан қазақ тілтанымының өзегін адамзатттың өмір сүру, қоғамда тіршілік
ету ұстанымдары, жеке этностық құндылықтары мен мәдени нормалары құрайды.
Оған дәлел ретінде ХХ ғасырдың бас кезінен күні бүгінге дейін дамып келе
жатқан лингвистикалық ұстанымдарға көңіл аударған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет