құнды мазмұнға ие. Ал соңғы уақыттағы таза когнитивтік бағыттағы
ізденістер жалпы алғанда нәтижесіз емес. 1998 жылы Г.Г.Гиздатовтың «Сөйлеу
қызметіндегі когнитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты
докторлық диссертациясы қорғалды. Зерттеу жұмысы білім жинақтаудың
интервалды тәсілдерінің типологиясы мен динамикасын қарастыруға арналған.
Диссертацияда когнитивтік үлгілер тұтас универсумдар ретінде қарастырылып,
сипатталады.
Қ.Жұбановтың когнитивтік көзқарасын талдауға
арналған
Б.Хасанұлының еңбегінде ғалымның когнитивтік үрдістегі ой-тұжырымдары
тіл мен ұлт санасының байланыстылығын танытатын этимологиялық
зерттеулері деректерімен мысалдар келтіре отырып, дәлелдейді . С.Ақаев
«Сөздің когнитологиялық сипаттары мақаласында когнитология түсінігіне
тоқталып, ғылым ретінде қалыптасуына, кейбір когнитологиялық ұғымдарға
талдау жасайды. Ол «Когнитологиялық талдау бірнеше сала әдістерінің
үйлесімі және ойлау, ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік
құбылыстарды нақтыландыру әдісі тұрғысында қарастырылады» деп келтіреді.
Ғалым Ж.Манкеева «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері
мақаласында» тіл қызметінің когнитивтік негіздерін айқындайтын негізгі
ұстанымдарды анықтайды .
Жалпы алғанда, қазақ тіл біліміндегі когнитивтік зерттеулер қатарының
толысып келе жатқаны байқалады (Қ.Жаманбаева, Исабеков С.Е., Манкеева Ж.,
т.б.).
Қазақ лингвистикасындағы тілтаным теориясы қоршаған ортаның адам
санасында сөз арқылы бейнеленуін дәйектей отырып, жеке тұлғаның
психикалық және әлеуметтік күй-жайын білдірер өзгешеліктерден құралатын,
оларды ғылымдар тоғысы негізінде талдап зерттейтін әрі басты
тұжырымдарын тілдік және танымдық универсалий факторларымен
сабақтастыратын, диалектикалық, дедуктивті-индуктивті, сонымен қатар
антропологиялық ұстанымдарды да жан-жақты қамтитын, ғылыми негізі
айқындалған біртұтас күрделі жүйе деп танылды.
Достарыңызбен бөлісу: