қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады,бұлардың тұтас
көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады. Ал
бұл этностың, оны
құраушы жеке индивидтің таным деңгейіне ғана емес, генетикалық табиғатына,
тілді тасымалдаушылардың психофизиологиясына, әлеуметтік күйге,
жағрафиялық жағдайына, қысқасы, ол тыныс алатын күллі дүниеге тікелей
қатысты болады,басқаша
айтқанда, адам мен оның тілін тұтастықта зерттеудің
шындық нәтижеге жетуі оны қоршаған ортадағы физио,социо, психологиялық
шарттарды бірдей ескеруде мүмкін болады.
Когнитивтік ғылым АҚШ-та, Еуропада кең таралған әдістемелік зерттеу
үрдісі. Жалпы адам танымына деген қызығушылық ерте кезден-ақ ежелгі
гректерден басталып, ес пен ойлау, адам білімі –
табиғаты төңірегіндегі
зерттеулерден, ақырында екі бағыт ұстанған ағым ретінде қызу айтысқа
созылды. Оның бірі – эмпиризм – ол білім тәжірибеден пайда болды десе
(Беркли, Юм, Милль), екіншісі – нативизм – бала дүниеге білім қорымен келеді,
- деген ұстанымды басшылыққа алды. Философиялық айтыс уақыты көпке
дейін толастамады. Бұл уақытта астрономия, физика, химия, биология, т.б.
ғылымдар елеулі деңгейде дамыды. Бірақ адам танымын түсінуге ХІХ
ғасырдың аяғына дейін ешбір ғылыми әдіс арнайы қолданылмады.
Философиялық, тіл философиясы төңірегіндегі зерттеулерде әр қандай ұшқыны
байқалып қана отырды. Әдістемелік қозғалыс көрінісінің бірі ретінде тек 1950
жылдардың соңындағана басталған когнитивтік
лингвистиканың бастау көзі
Аристотельдің, Платонның, кейін Гумбольдт және оның шәкірттерінің тіл
философиясы концепцияларында жатыр. Бұл үрдістің негізгі айырым белгісі тіл
туралы жаңаша зерттеулерінде, тіпті зерттеу әдістеріне жаңа тәсілдер,
процедуралар енгізуінде емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілге
танымдық тұрғыдан келуінде. Жүйелі–құрылымдық зерттеулер мен
антропоцентристік ізденістердің ұштасуы тілді белгілі бір ұлттың рухани-
мәдени коды ретінде қарастырып, ұлт пен рухты – тілді тұтас тануды мұрат
ететін Германияда Гумбольдт теориясы мен кейін Лео Вайсгербердің ұғымның
(концепт) креативтілігі
теорияларында көрініс берсе, Щвейцариядағы
құрылымдық жүйе өкілі Ф.де Соссюр теориясының тіл мен сөйлеу арақатынасы
туралы терең пайымдауларынан да табылады. Ф.де Соссюр тіл тарихы мен ұлт
тарихы байланысын байқап, бұл екеуінің сабақтастығы тілде бейнеленетінін, ал
тіл ұлтты қалыптастыратынын көрсетіп, тілдің әлеуметтік, психологиялық
табиғатын дұрыс таныған. Ол « язык – это совокупность которых и составляет
язык, суть реальности,имеющие местонахождение в мозгу »,-деп жазады .
Алғашқы когнитивтік зерттеулер
этнолингвистикалық және
лингвистикалық типологияны шендестіру деңгейінде сипат алды. Сөйтіп,тілдік
универсалий әмбебап құбылыстарды терең түсінуге жағдай жасауға талпыныс
жасады. Бұл туралы қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика саласының негізін
салушы ғалым Ә.Қайдар «…кейінгі кезде (АҚШ-та) қалыптаса бастаған тағы
бір көзқараста этносты «Адам» деген ұғыммен алмастыру арқылы
этнолингвистиканың баламасы ретінде «антропология» (адам туралы ғылым)
терминін қолдану үрдісі байқалып отыр»,- деп көрсетеді . Әр түрлі деңгейде
31
антропоцентристік парадигма элементтерін қамти дамыған зерттеулердің бір-
біріне ұласып, саралануы таза теориялық-танымдық ұстанымдардың
айқындалуына, бағыт-бағдарының екшеленуіне ықпал етті.
Жаңа ғылыми парадигмаға сай тілді зерттеуде негізгі назар тілдік тұлғаға
аударылады, сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды
ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік теориялық негіздер қалыптаса бастады (5.40).
Когнитивтік лингвистикалық зерттеулер Америкада – Хомский Н,
Джонсон М., Лакофф Дж., Лангакер Р. және Ресейде – Апресян Ю.Д.,
Кубрякова Е.М., Караулов Ю.Н., т.б. еңбектерінен көрініс тапқан. Бірақ бір
жүйеге түскен, нақты бір жерге тоғысатын пікір жоғы рас.
Когнитивтік лингвистика саласында зерттеу жасап жүрген
ресейлік
Н.Н.Рябцева батыс және ресейлік лингвистикада когнитивтік деп санауға
болатын бір де бір жалпы қабылданған анықтама жоқтығын көлденең тартады.
Солай бола тұра, когнитивтік деп есептелген зерттеулердің көпшілігі
когнитивтік емес, ал алдына когнитивтік негізде мақсат қоймаған
семантикалық зерттеулердің мазмұнында бұл мүдде орындалғанын
(Ю.А.Апресян, Н.Д.Арутюнова, А.Г.Шмелев, Г.В.Булыгина, В.Левонтина)
жазады . Бұдан соң когнитивтік лингвистика қайдан пайда болды деген заңды
сұрақ туындайды
Әр алуан деңгейдегі когнитивтік зерттеулерді зерделегенде , жоғарыда
көрсетілгендей, олардың барлығына ортақ мәселе тілдік антропоцентризм,
дәлірек айтқанда, тілде тілді тасымалдаушылардың өмірлік тәжірибесі,
теориялық, мәдени білімі концептуальды түрде ғаламның тілдік бейнесі ретінде
көрініс табуы екендігі анықталады.
Когнитивтік антропология адам сана-сезімінің негізінде жатқан өзіне ғана
тән саналық, түпсаналық рухани болмысының тіл арқылы көрініс табуын
зерттейді. Антропоцентристік парадигманы алғашқыда «интуитивтік»
(интуитивный) жүйе деп атау ұсынылғанмен, кейін «антропоцентристік»
термині қабылданған .Тілдік зерттеулердегі антропоцентристік бағыт ХІХ
ғасырдан бастау алып, көптеген лингвистикалық дәстүрлерден орын алған
(еуропа, үнді, араб, қытай, жапон, т.б.).
Антропоцентристік
бағыт алғашқыда лексикография, оқу әдебиеті
негізінде тар көлемде қолданылғанмен,кейін, әсіресе, семантика саласында
ауқымын кеңейткен. Бұған дейінгі тіл біліміндегі функциональды-
семантикалық, құрылымдық жүйе негізіндегі тілдік талдаулар жақсы дамығаны
белгілі. Алайда жаңа дәуір талабына жауап беруде жеткіліксіздігі байқалады.
«Себебі грамматикалық категориялардың қызметі ( синтаксистік,
морфологиялық, лексикалық) және сөздердің мағынасы зерттелгенмен, сөздің
(тілдің) табиғаты мен дамуына аса үлкен мән берілмейді».
Когнитивтік лингвистика антропоцентристік парадигманы,
яғни адам
және адам танымын құрастырушы тілді бір-бірі арқылы зерттеуді мұрат ете
отырып,бірнеше лингвистикалық (этнолингвистика, психолингвистика,
социолингвистика, дәстүрлі лингвистика ) және мәдениеттану,философия,
математика кибернетика, психология пәндерімен шендеседі. Бұл пәндермен
32