Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет18/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81
Байланысты:
document (3)

Лингвистикалық семантика 
когнитивтік лингвистиканың дереккөзінің бірі.
Когнитивтік лингвистика дәстүрлі семантиканың әдіс тәсілдерін дамыта
отырып, кейбір жалпы ұғымдық категорияларды адам танымының әлемді
когнитивтік игеруі нәтижелері ретінде қарастырады. Когнитивтік семантика
ерекше терең құрылымды семантика ретінде анықталады, сондай-ақ
семантикалық ойлардың табиғи дамуы сипатын да қарастырады. Дәстүрлі
лингвистикадағы тілді имманентті зерттеу арқылы қол жеткізу мүмкін емес
тілдік жүйе қызмет етуінің креативтік аспектісіне назар қоюға мүмкіндік
береді.
33


Инженерлік пән
когнитивтік лингвистиканың тағы бір негізгі бастауы
ретінде анықталады. Қазір жасанды интеллект деп аталып жүрген бұл пәннің
дамуы нәтижесінде когнитивтік ғылымдар ( когнитология, когитология ) пайда
болғаны мәлім. Ол табиғи тілді түсіну бағдарламасын құру негізінде өрістеп,
адам білімінің құрылуы мен қалыптасуы жөнінде ізденіс жасауға талпыныс
жасады. Кейін машина мүмкіндігіне терең үңілген мамандардың қабілетін
ескеру нәтижесінде басқа нәрсеге, сананың, адам миының жемісіне көңіл
қоюға бетбұрыс жасалды. Яғни, мұнда табиғи тілді машинаның түсініп,
қабылдау деңгейі басты назарға алына зерттелуі,ақырында адам қабілетінің
мүмкіндіктеріне үңілуге әкелді.
Ақпаратты өңдеу тұрғысынан қарағанда, нерв жүйесінің маңызды компоненті
- нейрондар. Нейрон электр қуатын жинайтын және беретін жасуша. Адам миы
шамамен 100 миллиард нейроннан тұрады. Ал адам миының әр бөлігінде әр
басқа когнитивтік қызмет атқарылады. Бір үш фундтық ми әлемдегі барлық
компьютерден артық өңдегіш,ұйымдастырғыш қабілетке ие. Бірақ кейде
қарапайым қол калькуляторы квадрат түбірлерді есептеуді адам миынан жақсы
орындады. Жүйке жүйесінің осындай мықты және әлсіз тұстарын салыстыра
зерттеу - адам танымы табиғатын тану, түсінудегі басты мәселе болды .
Индивидуальды сана мүмкіндігін жасанды интелектіге пайдаланудың
когнитивтік лингвистикадағы түпкілікті мақсаты лингвистиканы нақты
ғылымдар (точные науки) қатарына қосуға тырысумен байланысты
анықталады.
Тілдің қызметіне қатысты когнитивтік лингвистиканың енді бір негізгі
ұштасатын пәні –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет