Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет26/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Байланысты:
document (3)

Ұлттық-мәдени кеңістік және этномәдени белгілер.
 
Аталмыш ұғымның
аясы мен негізгі айырым белгілері өзге мәдени құбылыстармен бетпе-бет
келгенде ғана айқындалатындықтан, оның мағыналық ерекшелігін
информациялар мен эмоциялар тізбегі, адам өмір сүретін және қызмет ететін
виртуалды әрі шынайы шарттар құрайды.
Мәдениет константтары
.
Бұл Ю.С.Степанов пен С.Г.Проскурин
„мәдениеттің қалыпты ұстанымы” деп сипаттаған ежелден келе жатқан
тұжырымдар жігі. Олардың ұрпақтан ұрпаққа беріле бүгінге жетуі –
ойшылдардың, жазушылардың және өзге де халықтық қазынаға еңбек етуші
тұлғалардың жеңісі.
Прототип
ұғымы - белгілі бір өлшемдермен немесе параметрлермен
тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш. Оның негізінде арнайы
топталатын белгілер, таңдалып алынған өлшемдер жататындықтан, когнитивтік
лингвистика көлемінде бұл ілім прототиптер теориясы не болмаса прототиптік
амалдар жиынтығы арқылы ұғынылады. Осыған орай, Дж.Клейбер үш түрлі
тұжырымдар тізбегін ұсынады: 

прототиптер семантикасы немесе Э.Рош қағидасына сүйенген
психологиялық және антропологиялық амалдар жиынтығы;

Х.Патнамның стереотиптер семантикасы;
52



Л.Виттгенштейннің тектік яки жанұялық ұқсастыққа негізделген
тұжырымдамасы].
Осыған орай, когнитивистер прототиптің екі түрлі сипатын анықтап көрсетеді:
біріншіден, белгілі бір топтың өзге қасиеттерімен ортақ дәрежеде
айқындалатын бірлік ретінде; екіншіден, өз алдына жеке жүзеге асатын
элементтер тізбегі есебінде . Демек, прототиптер теориясында тілдік бірліктер
прототип өзгешелігіне негізделген семантикалық қатар құрайтындықтан,
лексикон бөлшектері прототиптілік әсерімен дәйектелетін әрі табиғи
категорияларды қалыптастыратын ұғым ретінде қарастырылады . Бұл ілімді
жақтаушылар прототиптен белгілі бір арақашықтықты ұстанатын биологиялық,
танымдық негіздерді топтастыру қажеттігін категориялық кеңістіктегі
қағидаттармен түсіндіреді. Олар осы уақытқа дейін үстем болып келген
Витгенштейн тұжырымдамасы мен «Платондық» көзқарастың екеуінен де
өзгешеленетін ұстанымдарды басшылыққа алған дұрыс деп есептейді, себебі,
бірінші жағдайда «жанұялық ұқсастық» категория элементтерінің біркелкі
таралу заңдылығына негізделсе; екінші жағдайда категорияның барлық
бөлшектері категориялық кеңістіктегі орталық нүктемен байланыста
сұрыпталады. Прототиптер теориясына сүйенсек, бөлшектер, көп жағдайда
прототиптің өзімен толық сәйкес келе бермесе де, әрқайсысының маңына
топтасқан өзгешеліктерден құрылады , яғни бұл ретте прототиптілік мәселесі
мәнмәтіннен бөліп қарастырылып, тілдік бірліктер өз алдына жеке талданады.
Оған мысал ретінде Дж.Тэйлор «үстінде деген мағынаны білдіретін «on» - «на»
деген бірліктің семантикасын талдап өтеді . 
Прототиптік көзқарас өзара тәуелсіз, бірақ бір кезеңді қамтыған біргеше
ғылыми бағыттарда қатар қалыптасты, мәселен, когнитивті психология,
этнолингвистика, теориялық тіл білімі, пәлсапа және т.б., сондықтан,
Э.Холстейннің айтуына қарағанда, зерттеушілердің бір тобы бұл ілімнің
бастамасын К.Штумпф, Э.Гуссерль, М.Мерко-Понти еңбектерінде көрініс
тапқан феноменологиялық пәлсапалық тұжырымдармен байланыстырса ,
ендігілері когнитивтік психологияның өкілі, табиғи және адамдық
категорияларды дамытқан Э.Рош пікірлерінен өрбітеді Осыдан келіп прототип
идеясы аударма, жасанды интеллект, образды тіл, тілдік категоризация,
антропологиялық лингвистика, лингвистикалық семантика мәселелерін шешуде
кеңінен қолданыс тауып, адамдардың белгілі бір категорияға қатысты нақты
немесе абстактылы ойлары мен бейнелі сипаттарын жүйелеуге ат салысады.
Когнитивтік ғылымда бұл бейнелер прототип деп аталып, сол бейнеге жақын
категория мүшелері өз класының озық үлгілері не болмаса прототиптік
даналары деп танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет