Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет23/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
Байланысты:
document (3)

Категория. Категорияның негізгі деңгейі
.
Категория – адам ойының
танымдық формаларының бірі. Ол - адам тәжірибесін жалпылауға, жіктеуге
мүмкіндік беретін ерекше ұғым. Категория туралы алғашқы түсінікті белгілі
ойшыл Аристотель берген болатын. Оның пайымдауынша, әр категория қажет
әрі тануға жеткілікті белгілермен сипатталатын. Бүгінгі күні танымдық
категория негізгі ерекшеліктеріне қоса, жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз
етіліп, адамның когнитивті әрекетімен, яғни әр түрлі заттарды белгілі бір
қасиеттеріне орай жіктеу, топтау негіздерімен, материя мен оның қимыл-
әрекеттерін сипаттар көп қырлы формаларды объективті түрде кластарға,
топтарға біріктіру мүмкіндіктерімен сабақтаса дамып келеді.
Э.Рош пен оның тобы категориялану процесін орталық екі ұғыммен
байланыстырады, олар: прототип және негізгі деңгейдегі нысана. Ғылыми және
логикалық категорияларға қарағанда, табиғи категория құрамына енетін
«мүшелердің» бір-бірімен толық сәйкес келуі міндеттелмейтін бұл
нысаналардың негізін «тегі бойынша» ұқсату немесе прототипке сүйене топтау
үлгілері құрайды. Олай болса, категориялану ұғымы екі түрлі мағыналық
қолданыспен сипатталады, тар мағынада ол тек тәжірибеге сүйене топтауды
білдірсе, кең мағынада оған категориялардың жасалу процесі, адамның ішкі
және сыртқы әлемін оның қимыл-әрекеті мен тіршілігіне сай жіктеу мәселелері
жатқызылады. Категория адамның танымдық әрекетін сипаттайтын маңызды
ұғымдардың бірі бола тұра, барлық дерлік танымдық қабілеттермен әрі
жүйелермен байланысқа түсе алады, сол арқылы ойлау процесінде жүзеге
асатын салыстыру, ұқсату амалдарымен де тығыз сабақтасады.
Классификациялау үлгілері адамның бойында өте ерте кезден
қалыптасатынына қарамастан, есейе келе, ол тәжірибе мен тіл меңгеру
негізінде өзгеріп, тереңдейді, сол себепті кейбір ғалымдар категорияны
лингвистикалық құбылысқа жатқызу керек деп тұжырымдайды. Оған дәлел
ретінде зерттеушілер сөз бен оның толық мағынасын белгілі бір категорияны
танытушы нысана тұрғысынан зерделеп талдайды .
Категорияның негізгі деңгейі сана қызметі арқылы айғақталатын
тұтастықтар тұрғысынан қарастырылатындықтан, бұл кезде негізгі я болмаса
иерархиялық байланыстар ескерілмейді. Р.Браунның айтуына қарағанда, белгілі
бір заттың атауын білдірерде адамдар оның категориялы белгілеріне сүйенеді.
Ал ғалым Э.Рош аталмыш деңгейді ең жоғары және ең төмен сатылардың
ортасынан орын алатын көрсеткіш ретінде бағалайды, сол себепті оны алуан
44


түрлі мәселелерді шешу кезінде пайдаға асатын аралық деңгей деп түсіндіреді.
Осыған орай, Дж.Лакофф категория мәнінің өзгерісі адамның дүние туралы
көзқарасының өзгеруіне әкеледі деп есептеді, себебі, автордың пайымдауына
қарағанда, бұл уақытта танымдық процеске қабылдау, қиялдау секілді өзге де
әрекеттер қосылады . Демек, негізгі деңгейдегі категориялар адамды нақты
хабармен қамтамасыз етуге көмектесе келе, арнайы тұжырымдар мен атауларда
объектінің перцептуалды және функционалды ерекшеліктерін байланыстыруға
мүмкіндік береді.
Фрейм.
 
Лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған ғалым –
Ч.Филлмор. Ол өзінің ойын екі мәселе сабақтастығы негізінде тұжырымдап
көрсетті:

сөз мағынасы жіктеуге келетін бөлшектер жиынтығы түрінде ғана емес,
сөйлеуші мен тыңдаушыға әсер ететін таныс деректерден жинақталған
тұжырымды құрылым не пайыммен топталған тәжірибе үлгісі ретінде
қарастырылуы керек;

фреймдер белгілі бір „сценарий” үлгісі бойынша, соның баламасы ретінде
дүниеге келетін лингвистикалық нұсқалар жиынтығы болуы қажет. 
Автор фреймді балама және тәжірибе мәселелерімен байланыстыра келе, оны
„модуль” ұғымымен мәндес мағынада қолданған дұрыс деп есептеді. Оның
пікірінше, фреймдер үлкен модульдерге біріге отырып, ішкі және аралық
қатынастарға жіктеледі, сондықтан оларды тілдік құралдарды таңдау жүйесі
деп те қарастыруға болады. Ғалым грамматикалық ережелер, лексикалық
бірліктер, тілдік категориялар сияқты тілдік проблемалар фреймдердің ішкі
байланысын құраса, жадыда сақталатын тілдік деректер мен адам өмірінде
қолданыс табатын тілдік жағдайлар ұқсастығы фреймдердің аралық
байланысын түсіндіре алады деген қорытындыға келді .
Аталмыш пікірден басқа лингвистикада фреймге негіз (Э.Гоффман), схема,
сценарий, когнитивтік модель (Ч.Филлмор), білім бірлігі (Т.А.Дейк) секілді
анықтамалар беріліп келді. Бірінші жағдайда фреймдер жеке тәжірибелерге
арқау болар негіз ретінде қарастырылса, екінші жағдайда ол уәжді мәнмәтінге
сәйкес құрылған категориялар жүйесінен жинақталып, адамдардың қарым-
қатынас нормаларын, қажет білімдер мен тәжірибелер қорын сұрыптауға
көмектесті. Білім бірліктерінің қызметі белгілі бір ұғым туралы нақты мағлұмат
алуға саяды. Бұл кезде фреймдер конвенционалды сипатқа ие болып, сөз болып
отырған мәдени қауымдастыққа тән не жат нәрселерді саралап көрсетеді. Сол
себепті олардың маңыздылығы әлеуметтік байланыстың әр түрлі үзінділерінде,
күнделікті кездесетін қалыпты жағдайларда сезіліп отырады. Фреймдер білім
бірлігі ретінде мәліметтерді игеру, олардың жүйесін сақтау, қажет кездерде
бірнеше вариантта қолдана білу [егер, онда...] сынды әрекеттермен сабақтаса
жүзеге асып отырады. Жалпы алғанда, фреймдер алуан түрлі байланыстар мен
қатынастар құрылымын құрайды. Олар арнайы жағдайларға қатысты
анықталып, қажеттілігі туғанға дейін жадыда сақталатын ерекшелікке ие
болады. 
45


Көптеген ғалымдар сөздің тілдік мағынасы, бір жағынан, жеке адамның
қабылдауымен ұштасса, екінші жағынан, олардың қай-қайсысы болсын, жалпы
адам санасында орныққан белгілі бір бейнеге тәуелді болады деген
қорытындыға келді Когнитивистер оған дәлел ретінде адамның дайын
құрылымдарды пайдалану ерекшелігін атайды. Адам санасы әр түрлі танымдық
бөлшектердің қоймасы болғандықтан, олар мұнда алуан түрлі процестер
автоматты түрде және кезек-кезек, белгілі бір тәртіппен жүзеге асып отырады
деп тұжырымдайды. Айталық: әр түрлі жағдайларда қажет бірліктердің
автоматты түрде қолданысқа шығып отыруы; бейтаныс заттың өзі бұрыннан
қалыптасқан тәжірибе арқылы сәйкестендіріле не салыстырыла анықталуы,
ұқсас нұсқалар көмегімен қабылданып танылуы; қоршаған әлем адам
санасында әр түрлі бейнелер мен бағалағыштық сипаттамалар негізінде көрініс
табуы; т.б. – бұлардың барлығы үздіксіз шеңбермен қозғалып, дүние арқылы
тілді және тіл арқылы дүниені тануға мүмкіндік береді. Осыған орай,
М.Минский фреймдерді қалыпты жағдайларды адам санасында бейнелей
алатын деректер құрылымы деп қарастырды. Автор пікіріне сүйенер болсақ,
фреймдік модель адам санасы мен жадының психологиялық негізі болып
табылады, сол себепті ғалымның фреймдік теориясы декларативті және
процедуралық ілімдердің сабақтасуына негізделе келе, 3 түрлі сатылық
байланыспен ерекшеленеді: 1) әр фрейм өзіндік бірліктерден және олардың
байланыстарынан тұратын жүйе; 2) әр фреймнің өзінің деңгейлері болады; 3) әр
фрейм жаңа деректермен толығып отырады. А.С.Герд 1988 жылы аталмыш
ұғым кеңістігін одан да кеңейте түсу керек дей отырып, оған 3 түрлі ұстаным
негізінде анықтама беру қажеттігіне тоқталды. Мәселен, 1)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет