Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет21/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
Байланысты:
document (3)

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Минск.: Тетра
Системе, 2004. – 225с.
2. Гумбольдт В.фон. Избранные труды по языкознанию: пер.с нем.под общей
ред. Г.В.Рамишвили: посл. А.В.Гулыги. – 2-е изд.- Москва: Прогресс, 2000. –
400 с.
3. Сүлейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. – Алматы:
Мектеп, 1989. – 152 с.
4.Кенжемұратова С.К. Термин – адам танымының тілдік таңбасы (Мақала)
№ 6 дәріс 
Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі
 Жоспар: 

Когнитивтік лингвистика: концепт

Когнитивтік лингвистикадағы базалық ұғымдар
Дәріс тезисі
Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұстанымдары мен заңдылықтары оның
ұғымдық бірліктерінің өзара қарым-қатынас жасауы арқылы әрі бір-біріне әсер
етуі негізінде айқындалатындықтан, тіл мен танымның сабақтасқан бірлігі, ең
алдымен, адамның психофизиологиялық қабілетіне және одан туындайтын
әрекетіне қатысты сұрыпталады. Танымның күрделі табиғаты әр ұғымның
өзіндік ерекшелігін үлкен жүйенің бір бөлшегі ретінде зерделеуге мүмкіндік
берумен қатар, олардың адам мен қоршаған ортаны жан-жақты қабылдаудағы
қызметі мен орнын түсініп пайымдауға септігін тигізері сөзсіз. Осыған орай,
төменде келтірілген сөздер мен сөз тіркестері жаңа лингвистикалық бағыттың
өзгешелігін өзектеп қана қоймайды, сонымен қатар тіл арқылы жүзеге асатын
адам әрекетінің маңызды қырларын талдап көрсетуге, олардың жалпы тілдік
қатынаста атқарар функционалды-семантикалық, прагматика-танымдық
қызметтерін жүйелі саралауға көп үлес қосады.
Концепт

адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық
ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы
құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың
негізгі ұғымдарының бірі. Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде оған:
«жадының, ментальді қордың, тұжырымдау жүйесінің әрі адам санасында
көрініс табатын бүкіл әлемнің мазмұнды да белсенді бірлігі» деген анықтама
берілді. Тұжырым жасау арқылы адам ойлау әрекетін ғана жүзеге асырып қана
қоймайды, ол әлемді танудың негізін құрайтын тәжірибе мен білім жүйелерін
талдауды, олардың болмыс-табиғатын пайымдауды міндет етеді. Белгілі бір
құбылыстар мен заттарды нысанаға ала отырып, олардың ерекше белгілерін
сипаттауға бағытталған кез келген тұжырым дедуктивті не болмаса индуктивті
41


деректер мен хабарлардан жинақталады. Бұл мәліметтерді Р.И.Павиленис
индивид білетін, болжайтын, ойлайтын, жорамал жасайтын әрекеттер
нәтижесімен сабақтастырады. Автор әр концепт бастапқы алынған
мағлұматтарды ескеру, сол арқылы жаңа деректерді ұғыну негізінде дамып
отырады деген қорытындыға келеді . Демек, тұжырым жасау барысында адам
өз санасында бұрыннан орныққан қағидаларды басшылыққа алады әрі дүниені
тану, оның заңдылықтарын ой таразысынан өткізу, тың деректерді жинақтау,
оларды жадыда сақтау секілді мақсаттарды да жүзеге асырады. Ойша
жасалған болжам мен адам нақты көріп білген, бақылау нәтижесінде көз
жеткізген фактілер өзара тығыз байланыс құрай келе, концептілер жүйесінің
негізгі құрылымдық бөлшектерін қалыптастырады. Сөйтіп, субъективті
тәжірибе мен объективті қоғамдық норма ұстанымдары адамның танымдық
әрекетін айқындауға, оның кез келген қоғамда дұрыс бағдарлай білуіне және
заттар мен құбылыстардың, ұғымдардың өзіндік ерекшеліктерін нақты айыра
білуге көмектеседі. Осыған орай, ғалымдар тұжырым жасау тек теориялық
ұстанымдар арқылы ғана емес, нақты антропологиялық функциялар негізінде
де дәйектеледі деп есептейді. Олар маңызды концептілер адамның иіс сезу,
бақылау, пайымдау, зер салу әрекеттерімен байланыса дамытылады деп атап
көрсетеді, себебі затты я болмаса құбылысты жан-жақты тану процесі оның
сыртқы формалық сипатына түсініктеме берумен шектелмейді, ол үшін оның
исіне, сезімталдық қабілеттеріне, бағалану ерекшелігіне және жалпы мақсатына
да мән беріледі. Осыған орай, адамның танымдық ерекшелігін сипаттар
концепттік жүйе қазіргі лингвистикалық ғылымда 3 түрлі негізде айқындалады:

адам ойының негізгі мәдени көрсеткіші ретінде; яғни барлық мәдени
құндылықтар жекеленген концепттер мен олардың қарым-қатынасының
жиынтығы деп танылатын тұжырым арқылы дәйектеледі
(Ю.С.Степанов);

тілдік таңбаның семантикасы концепт мазмұнын айғақтайтын бір ғана
құрал деп есептеледі, сондықтан ғалымдар аталмыш терминді когнитивті
семантика элементі есебінде қарастырады (Н.Д.Арутюнова ,
Т.В.Булыгина , А.Г.Шмелев , Н.Ф.Алефиренко );

Д.С.Лихачев, Е.С.Кубрякова сынды ғалымдар концепт сөз мағынасынан
туындамайды, ол адамның жеке және халықтық тәжірибесінің сөз
мағынасымен «қақтығысуының» нәтижесі болып табылады деп
дәлелдейді .
1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның
табиғатын ой құрылымы деп қарастырса [196], қазіргі таңда бұл ұғымның аясы
кеңейе отырып, анықтама шеңберінде адамның барша психикалық ресурстары,
сана қызметі, жинақталған тәжірибені танытар құрылымдар сөз болуда.
«Концепт – жадының, концептуалды жүйенің, адам психикасында көрініс
тапқан әлемдік бейненің, ментальді қордың оперативті бөлшегі» болғандықтан,
оның негізінде тіл біліміне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет