Когнитивті лингвистика


№5 дәріс  Когнитивтік лингвистика және терминология



Pdf көрінісі
бет20/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81
Байланысты:
document (3)

№5 дәріс 
Когнитивтік лингвистика және терминология
Жоспары:

Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу

Терминдік атаулардың танымдық қызметті
 
Дәріс тезисі:
 
Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен
қатар, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесінің құрылымын,
сондай ақ тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану секілді
әрекеттердің жүзеге асуын қарастырады. Тілдік таңба арқылы кодқа салынған
ақпараттарды ашу немесе ақпараттарды кодқа салу сияқты әрекеттер
когнитивтік лингвистиканың құзырына жатады. Тіл мен таным процестерінің
арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік когнитивтік жүйесіне
сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының
интеллектуалды өмірінде құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп
береді. Тіл мен таным арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға
түседі. Сондықтан да терминдік бірліктердің берілу жолдарын, дефинициясын
осындай танымдық негізде қараудың мәні мен маңызы зор.
Тілімізде аударма жасау арқылы сөз жасаудың, ойды бейнелеудің жаңа
тәсілдер туады, жазу шеберлігі артады. Бұл – халықтың рухани жағынан
дамуының күшті құралы ретінде бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы
қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың
мектебі.
Аударматану ғылымы – тілтану ғылымындағы арнаулы өрістің бірі.
Теориялық салада жаңаша ойлау, жаңа көзқарасатарды ескеру – әрбір ғылым
сааласының негізгі, өзекті мәселесі. Онсыз бірде-бір ғылымның дамуы әрі
жетілуі мүмкін емес, барлығы бір-бірімен тығыз байланысты.
Қазақ тіліндегі терминдер когнитивтік санамен тығыз байланысты,
ғаламның ғылыми бейнесін құрайтын концептілер объктивтендірілу мен
вербалданудың тілдік құралы болып саналады. Қазақ терминдерінің
когнитивтік семантикасы тіл мен ойлаудың, тіл мен сананың өзара байланысын
көрсетеді.
Қазақ тіліндегі терминдік бірліктер таңбалық қасиеті мен атқаратын
қызметтерімен ерекшеленеді. Терминдердің когнитивтік кеңістігінде ғылыми –
35


интелектуалды ақпараттар басым түрде жинақталып, кодталған болса, онда
терминнің таңбалық сипаты когнитивтік құрылым болып есептеледі.
Терминдер өзінің таңбалық қасиетінің негізінде өз бойына,
концептілердің когнитивті құрылымдарына когнициялық ақпараттарды
жинақтап, осы құнды мәліметтерді әрі қарай дамытуға үлкен мүмкіндік
туғызады.
Қазіргі кезде терминологияның лингвомәдениеттану мен когнитивтік
лингвистика тоғысуындағы пайда болаған лингвистикалық концептология
парадигмасы аясында зерттелуі елеулі ғылыми нәтижелерге жеткізетіндігі
анық. Когнитивтік лингвистика мен лингвконцептологияның ең негізгі
маңызды да өзекті категориясы концепт болып табылады. Терминологиялық
концептіде менталды – когнитивтік ұғымдар, түсініктер, ақпараттар
жинақталып, таңбаланған.
Ғаламның ғылыми бейнесі – терминологиялық концептілердің жүйелі де
кешенді жиынтығы және ұлт танымының терминдік бірліктер деңгейіндегі
тілдік көрінісі. Терминологиялық концептілер тілдік санадағы лингвоменталды
құрылым болғандықтан, олардың тілдік көрінісі, яғни, вербалдану қызметі
когнитивтік – менталды өрісте, кеңістікте алуан түрлі қызметтерді атқарады.
Тілдік ғылыми мәтіндердегі терминологиялық концептілердің
қолданысы, вербалдануы ғылыми мәтіннің дискурстық сипаттарына
байланысты болып келеді және дискурсты құрылымдайтын маңызды құрал
болып табылады.
Когнитивтік семантика тіл арқылы құрылатын танымдық ақпарат ретінде
қарастырылып, сол тіл арқылы берілетін адам санасындағы концептуалды
білімді таным үлгісі арқылы зерттейтін ғылым деп түсіндіріледі, себебі
терминдердің семантикалық компоненттерін ғана емес, мүмкін, ықтимал
семантикалық компоненттерінің де маңыздылығы ескеріледі.
Терминология мәселелері – ғылымның өзекті мәселерінің бірі. ХХ
ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастаған терминология саласы мәселелері әлі
де шешуін таппаған, өзектілігін жоғалтпаған деп айтуымызға толық негіз бар.
Ғылымның барлық салаларының жан – жақты дамуы терминология
мәселелерімен тығыз байланысты, себебі қандай да бір жаңалық, жаңа ұғым
терминмен белгіленіп, терминологиялық жүйеде өз орнын тауып отырады.
Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты
деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен
көрініп тұрады. Ресей ғылымындағы терминологияны зерттеудегі арнайы
бетбұрыс Д.С.Лотте, С.А.Чпалыгин, С.И.Коршунов есімдерімен тығыз
байланысты. Өткен ғасырдың 30-жылдары құрылған терминкомдар бұл күндері
ғылымның дербес бір саласын құрап отыр және әлі де өз маңыздылығын
жойған жоқ.
Орыс терминологиясының дамуына А.А.Реформатский, Н.А.Баскаков,
Т.Л.Канделаки, Б.Н.Головин, Г.В.Степанов, В.П.Даниленко және т.б. ғалымдар,
сонымен бірге бүгінгі таңда осы істің ізбасарлары, жалғастырушылары
А.В.Суперанская, Н.В.Подольская, Н.В.Васильев, К.М.Мусаев және т.б. өз
36


үлестерін қосып отыр. Бұл тілші – ғалымдардың қарастыратын мәселелері де
жан – жақты, атап айтқанда, терминологиялық жүйенің құрылуы, терминнің
мағыналық ерекшелігін зерттеу, оның басқа тілдермен байланысы, сол
тілдердің лексикалық қорына еніп, терминология жүйесінен орын алуы т.б.
Тіл білімі ғылымында терминологиялық жүйенің психология,
социология, семасиология, ономасиология т.б. экстралингвистикалық
факторлармен байланыстырыла қаралуы – осы саладағы жаңа бағыттардың
бастауларының бірі. Терминдік ұғым, терминологиялық жүйе,
терминологиялық өріс, жоғарыда айтқандай, көптеген басқа ұғымдармен,
тәсілдермен бірге зерттеліп жүр. Соның ішінде термин мен концепт,
терминология мен когнитивтік лингвистика ұғымдарының бір қатарда қаралуы,
жаңа көзқарасты талап етеді.
Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі таңдағы дамуы
лингвистикалық зерттеулердің антропоцентристік зерттеулерге көшу ХХ
ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің ерекшеліктерінің
бірі болып табылады. Себебі тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек
қана тілдік, атап айтқанда, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық т.б.
жүйелермен шектеліп қана қоймайды.
Қазіргі таңда «тіл мен мәдениет», «адам және тіл» байланысын
когнитивтік тұрғыдан қарастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Когнитивті бағыттың маңыздылығы мен өзектілігі оның тек теориялық
лингвистикадағы контексті полипарадигматизміндегі доминанттылығында
емес, сонымен бірге ауқымды кең ғылыми бағдар ұсынуында, мәселен, тілдік
құбылыстарды экспликациалау, тіл мен мәдениет байланысындағы адамның
рөлі, адам және тіл мәселесі, басқа тіл құбылыстарын және аппаратын
қарастыру (Е.С.Кубрякова, Ю.Д.Апресян, В.З.Демьянков, В.В.Колесов,
Е.В.Рахилина, В.Б.Касевич, Ю.С.Степанов және т.б.). «Когнитивтік
лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте
түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм
негізінде туындайды» .
Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен
байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің
арақатынасына көңіл бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара
байланысын зерттейді. Оның негізі мақсаты – халықтың ойлау ерекшелігі мен
оның мәдениетін тіл арқылы ашу. Тіл мен мәдениеттің ажырамас бөлігі, әрі ол
лингвомәдениеттануда рухани болмыс ретінде танылады, яғни, тілде ұлттың
дүниетанымы, әдет – ғұрпы, дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің еркшеліктері –
рухани өмірі көрініс табады.
Тіл зерттеушілері арқылы халықтың менталитетін, дүниеге, қоғамға,
өздеріне көзқарасын түсінуге болады деп есептейді. Халықтың өмірі, дүниеге
көзқарасы мақал – мәтелдерде, фразеологизмдерде, метафоралар мен
символдарда сақталып қалған. Олар халықтың мәдениеті мен менталитетінің ең
бағалы мәліметтерінің дереккөздері. Лингвомәдениеттану мәдениетте метафора
мен символдардың, ғасырлар бойы тілде сақталып келген фразеологизмдердің
37


рөлін анықтауға тырысады, себебі фразеологизмдер халықтың көзқарасын,
белгілі қоғамдық кезеңдегі сол заманның идеологиясын жанама түрде
жеткізеді, яғни, халықтың мәдениеті фразеологизмдерде, метафораларда,
символдарда бейнеленген.
Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол
ашады. Өйткені бұған дейінгі дәстүрлі семантикалық, жүйелі – құрылымдық
парадигмалар жоққа шығарылмай, қайта керісінше, терминологиялық
процестерді жаңа тұрғыдан зерттеп ұғынуға ұмтылыс жасайды. Когнитивтік
лингвистика жалпы лингвистиканың аумағынан шыға отырып, философия,
психология, логика, әлеуметтану пәндерімен байланыс жасап, осы саладағы
ғылымның ауқымын кеңейтеді.
Терминдер – өзіндік құрлымдық, семантикалық, деривациялық,
функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Аталған
ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу, калькалау,
терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес. Терминдер адам қызметінің ерекше
түрін атап көрсететін болса, біріншіден, ғылыми, кәсіби деңгейлерін
анықтайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және
өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді.
Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының
біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз
тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды.
Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі, терминсіз, терминологиялық
жүйесіз бірде –бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы
мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түснігі жайлы арнайы білім, ұғымдар
қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының,
ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін
сипаттайды.
Қазақ дәстүрлі терминологиясында қазақ тілінің терминдері, негізінен,
семантикалық, құрылымдық тұрғысынан жүйелі түрде зерттелді, мұнда
терминологиядағы семантикалық және құрылымдық қатынастардың
типологиясына назар аударылды. Қазақ те,рминологиясында, бүкіл тіл
білімінде тілдің таным шарттары мен құралдары ретіндегі рөлі мен
транцформациялаудағы таңбалау жүйесі болып табылатынын айқындауға көп
уақыт бөлінді, Мысалы, қазақ тілінің терминдері белгілі шамада
терминологиялық аталымның соңғы нәтижесі, өнімі ретінде қарастырылды
(Ш.Құрманбайұлы), сонымен қатар лингвистикалық бірліктері ретінде олардың
тілдік қасиеттері мен белгілері толық зерттеліп пайдаланылды (Ө.Айтбаев).
Дегенмен, қазақ терминдерін аталымдау мен функциялауда адамның танымдық
және ментальдық қызметі (когниция) лингвистикалық зерттеу пәні болып
қалыптса қойған жоқ.
Тіл – ұлттық мәдениеттің көрінісі. Осы ұлттық мәдениет, қоғамдық
өзгерістер мен инновациялық атаулының барлығы тілдік көрініс табуы заңды
құбылыс. Себебі тіл – халықтың рухани және материалдық мәдениетінің,
барлық бітім–болмысының айнасы іспетті. Тіл біліміндегі таңба теориясының
38


танымдық негізін салушы В.фон Гумбольдтың: «Халықтың тілі барда оның
рухы бар, халықтың рухы бар да оның тілі бар, ал өзіме осыларға тең келетін
нәрсені елестету қиын», деген пікірі біздің ойымызды негіздей алады .
Адам өзін қоршаған ортаны бейнелейтін көптеген қызмет түрлерін –
еңбекті, өнерді және т.б. шығармашылық, өндірістік салаларды біледі. Олардың
әрқайсысы шындыққа апаратын психикалық болмыстың дербес жүйесін
көздейді. Осымен байланысты танымдық деңгейге қатысты қазірде жиі
айтылатын «концептуалдық ғылым» шындықты ұғынудың негізгі тәсілі болып
табылады. Дүниетанымының құрылысы негіздерін анықтауға бағытталған
тілдік бейненің когнитивті модельдері ғылыми талдаулар жасауға мүмкіндік
береді. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың жер шарын мекендейтін
адамдарға ортақ болуымен қатар, әр халық сол заттар мен құбылыстарды өз
мәдениетіне, танымына, болмысына қарай ыңғайлап, өзінің таным – түсінігінің
деңгейі мен тану мүмкіндігіне сәйкес атау береді.
Атаудың танымдық – қызметтік табиғатын терең тану үшін оның
теориялық негізін қалаушылардың ғылыми пайымдауларының маңызы зор.
Ғалым А.А.Потебня еңбектерінде антропологиялық тіл білімі адамның
шығармашылық рухы туралы әлемдік ілімнің ең ірі бөлгі ретінде концептілік
негізде зерттеулерге бастау болғандығы белгілі.
А.А.Потебня адамзат сөзінің табиғи шығармашылығы туралы
лингвопоэтикалық тұжырымдамасында «теориялық көркемдік және ғылыми
шығарманың бір ғана мақсатты адамның ішкі жан дүниесін өзгертушілік болып
табылады. Осылайша бұл мақсат жаратушының өзіне қатысты жаратуы бір
мезгілде жетеді. Ендеше көркем және ғылыми шығармада бір және сол уақытта
қанша құрал болса, соншалықты мақсат бар немесе ондағы мақсат
категориялары және құралдары барлық белгілермен сәйкес келе отырып,
ажыратылуы мүмкін емес», – деп көрсетеді .
Ұғым белгілі бір нысанның ең мәнді және жалпылама белгілерін
анықтайтын сананың нәтижесі болып табылады. Ал концептіде нысанның
маңызды белгілерімен аралас маңызды емес белгілері де қамтылуы мүмкін.
Сондықтан да терминологиялық бірліктер де аса күрделі таңба болғандықтан,
оларды дәстүрлі тілдік тұрғыдан қарастыру ғана жеткіліксіз болады. Өйткені
терминдер мазмұны көптеген экстралингистикалық факторларға байланысты
болып келеді де, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесін
құрайды. Терминдер ұлттың, халықтың тәжірибесін, қоғамдағы адамдардың бір
– бірімен байланысын, шаруашылығын, рухани, материалды мәдениетін т.б.
концептуалдық ғылым кешенінде өз бойына жинақтайды. Осы тұрғыдан
терминдер антропоцентристік бағытта қарқынды дамып келе жатқан
когнитивтік лингвистиканың жаңа саласы ретіндегі когнитивтік терминология
арнасында зерттелуі тиіс деп санаймыз.
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасуында
Э.Д.Сүлейменова, Н.Ж.Шаймерденова, Г.Г.Гиздатов, Ж.Манкеева,
Қ.Жаманбаева, Г.Смағұлова, Б.Хасанов, Б.Қасым, А.Ислам еңбектерінің
маңызы зор.
39


Когнитив ғылымының басты, негізгі ұғымы – «ғаламның тілдік бейнесі
термині» «Ғаламның тілдік бейнесі термині» философия мен логикада
Л.Витгенштейннің, ал антропология, семиотика, лингвистикада
Л.Вайсгербердің ұсынуымен қолданған .
Когнитивтік ғылым мен жасанды интеллект інің маңызды ұғымы «ғалам
моделі» немесе «когнитивтік моделмен» тікелей байланысты. Ғалам моделі –
концептуалды табиғатқы ие құрылым. Ғалам моделінде субъектінің ақиқат
шындық туралы түсініктері, нақты деректер, оқиғалар туралы концептулды
білімі тіркеледі .
Когнитивтік лингвистикадағы сөз мағына мен семосиологиядағы сөз
мағынаны ажыратудың қазіргі тіл білімі үшін маңызы зор. Когнитивтік
лингвистикада мағына семиосологиядағыдай сөз мазмұны ретінде көрінбейді.
Когнитивтік семантикада мағына когнитивтік моделдің еркеше
«қорытындысы» ретінде көрінеді. Мағына концепт негізін құрауға мүмкіндік
беріп, табиғи тілде ақпараттық құрылым арқылы ойша кодталған және санада
бекітілген тілдік мазмұн болып табылады. Сонымен қатар, когнитивтік
лингвистикада мағына екі жақты табиғатқа ие: біріншіден, жалпы адамзат
білімі тіркелген қоғамдық сананы құрушы бірлік ретінде саналады, екінішіден,
сананың нәтижесі ретінде қабылданады. Адам сөзді білгенде нені түсінеді,
мағынаның таңбалық құрылымы неге негізделеді, семантикалық қабылдау, сөз
таңдау барысында қандай әрекеттер орындалады дегендер когнитивтік
семантика мәселері болып табылады. Семантикалық талдау мен когнитивтік
семантикадағы концептуалды талдаудың да өзіндік ерекшеліктері бар.
Концептуалды талдауды да концептілік талдаумен шатастыруға болмайды.
Концепт теориясы – концептуалды білімнің бір ғана тәсілі. Концептуалды
құрылым мағынасы одан кең, ол санадағы тұтас тілдік мазмұнын қамтиды.
Қазіргі тіл ғылымында тілдік мағынаның кең таралған семантикалық
үштігі – шындық зат, оның таңбасы және ой туралы тілдік мағынаның
табиғатын шешуге бағытталған. Когнитивтік семантикада тілді ұғыну және
қолдау мәселесі негізге алына отырып, мағынаның санада кодталған процесс,
ғаламның тілдік бейнесін құрушы элемент екені көрсетіледі. Соның
нәтижесінде процесстік «әрекет етуші, әрекет, мақсат, нәтиже» қатынасы
негізінде жүзеге асатыны айқындалады. Әрекет етуші әрекетті белгілі бір
мақсат көздеп жасайды және ол белгілі бір нәтижеге бағытталады. Нәтиже –
объективтік шындықтың тілдік бейнеленген формасының концептуалды жүйесі
(семантикалық құрылымдар – прототип, фрейм т.с.с.), ал мағына – санада
кодталатын процесс. Танымның кодталуы әрекет түрінде сөз, дыбыстық
құрылым мен мазмұн бірлігі арқылы ойша және әр түрлі бейвербалды,
вербалды түрде жүзеге асады. Осындай вербалды түрде қалыптасқан таным
кодталуының бір ерекше түрін терминдер жүйесі айқындайды.
Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн
мәселесінің маңызы зор. Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз
– белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз
ететін референциялардың инвариянтты жүйесі. Концептуалды құрылымды тіл
40


жүйереі мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп
қарастыруға болады. Бұл арада тілмен тікелей байланыс мазмұнды аспект
арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан концептуалдық құрылымның өзі де
белгілі бір семантикалық және ұғымдық категориялармен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет