Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Демьянков В.З. Термин парадигма в обыденном языке и в лингвистике //
Парадигмы научного знания в современной лингвистике: Сб.науч. трудов./
РАН.ИНИОН. Центр гуманит.науч.-информ.исслед. Отд.языкознания;
Редкол.: Кубрякова Е.С., Лузина Л.Г. и др. – М., 2006. – 164 с. – С.15-41.
2. Лузина Л.Г. О когнитивно-дискурсивной парадигме лингвистического
знания // Парадигмы научного знания в современной лингвистике: Сб.науч.
трудов./РАН.
ИНИОН.
Центр
гуманит.науч.-информ.исслед.
Отд.языкознания; Редкол.: Кубрякова Е.С., Лузина Л.Г. и др. – М., 2006. –
164 с. – С. 41-49.
3. Кубрякова Е.С. Язык и знание: На пути получения знаний о языке: Части
речи с когнитивной точки зрения. Роль языка в познании мира – М., 2004. –
560 с.
4. Гайденко П.П. Познание ценности // Субъект, познание, деятельность: к
70-летию В.А.Лекторского. – М.: Канон: Реабилитация, 2002. -720 с.
5. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г., Краткий
словарь когнитивных терминов / Под общей ред. Е.С.Кубряковой. – М.:
Наука., 1996. – 340 с.
№8 дәріс
Когнитологияның жеке тармақтары
Когнитивтік социология және әлеуметтік лингвистика
Когнитивтік психология
57
Дәріс тезисі
Әлеуметтік танымның қажеттілігі тілдің шығу тегін зерттеу, оның
табиғатын сұрыптау, өзге тілді меңгеру, базис пен қондырма мәселелерін
анықтау, яғни адамның бар болмыс-табиғатын түсіну-түсіндіру процестерінің
шешілу мүмкіндігімен сараланады. «...таласы көп сөздер әлеумет мәселелері
турасындағы пікірлерде болады. Тұрмыс мәселесі – тоқсан түйіннің тоғысып
шиеленісетін жері. Оны дұрыс шешуге көпті көрген көсем болуға керек.
Адамның, халықтың, я бір таптың мінезін, құлқын, салт-санасын, жан жүйесін,
ой жүйесін, тарихын, мұң-мұқтажын жақсы білетін дана болу, ғалым болу
керек. Тұрмыс мәселелері деп қандай мәселелер айтылады? Тұрмыс мәселесі
деп айтатын, айтылатын шын адамшылық мәселесі, өмір мақсатының мәселесі,
яғни өмір бақытты болу мәселесі, ошақ басының, жұрт қамының, мемлекет
жайлылығының, дүние тыныштығының мәселесі» деп қазақ тіл білімінің
көрнекті өкілі А.Байтұрсынұлы ұсынған мәселелер жіктемесіне назар аударсақ,
адам атаулының қоғамдағы, күнделікті тіршіліктегі жүзеге асырар қызмет-
қасиеттері оның әлеуметтік танымын айқындауға, когнитивтік бірліктерді
қоғамдық ұғымдармен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Қоғам мен адам
арақатынасы, ең алдымен, тілдік құралдар арқылы көрініс табатындықтан, жеке
тұлғалардың қатысымдық әрекеті, топпен араласу қабілеті, қоғамда атқарар
қызметі, соған орай анықталар әлеуметтік жағдайы – барлығы дерлік тіл
арқылы, тілдік қатынас негізінде дәйектелетін экстратанымдық факторларды
құрайды. «Тілдік жағдай» ұғымының астарында да осы аталған фактілер
жинақталып, жүйеленетіні сондықтан болар. Адамдар тіл арқылы құрылымдық
не болмаса формалық өзгешеліктерді ғана емес, ең бастысы, сол тілді
пайдаланушылардың ұлттық психологиясын, мәдени даму үлгісін, әлеуметтік
негіздерін танып білу қасиетіне ие болады, сол себепті тілдің шынайы
болмыспен, қоршаған әлеммен, өркениетпен, адам жаратылысымен байланысы
ғалымдар назарын ғылыми қалыптасудың алғашқы кезеңдерінен бастап өзіне
аударды. Ежелгі үнді, грек, қытай ойшылдары да тіл табиғатын зерделеуде
адам мен қоршаған орта ұғымдарының байланысын негізге ала пайымдады.
Айталық, Платон өзектеген мәселелер қатарында «Сөздер танымның құралы
бола ала ма? Олар тілден сырт жатқан болмыспен байланысты ма?» деген
сауалдар қарастырылып келді.
Қоғам мүшесі туралы толыққанды мәлімет жинау үшін, оның өмір сүру
ерекшелігін, әлеуметтік ойлау жүйесін, бойында тұнып жатқан сан алуан
қабілеттер желісін айқындап алу қажет. Адам мәңгі қозғалыста жүретін
жаратылыс иесі ретінде ұғынылатындықтан, әлеуметтік танымның
ұстанымдары да сол қозғалыстың динамикалы сипатына, латентті
мінездемесіне қатысты, яғни жеке субъектілердің өмірі де, мәдени қалыптасуы
да өзара байланыссыз тізбектер жиынтығы емес, олар бүтіннің бөлшектері,
әлеуметтік дамудың құрамды бөліктері деп танылады, өйткені Б.Хасанұлы
«Адамзат баласы дүние есігін ашқаннан бері қоршаған ортаға әсер ету үшін
қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын зер сала зерттеп, тынымсыз тану
үстінде...» болады ,- деп атап көрсетеді. Осыған орай, бірінде болып жатқан
58
өзгерістер екіншісін де сырт айналып өтпейді, тіпті бір күйден келесі қалыпқа
ауысуына, өтуіне ықпал етеді. Шынайы болмыс, қоршаған орта өзгерген жерде
танымның өзі де, оның дереккөздері де өзінің қалыпты жағдайынан ауытқып,
нәтижесінде әлеуметтік заңдылықтардың жаңа теориясы қалыптасады, өзгеше
бағыт-бағдары анықталады. Осындай өзгерістер қатарында әлеуметтік
танымның тілдік құралдарын атауға болады. Ғалым А.Байтұрсынұлы дәйектеп
өткендей, олар «Адамның, елдің, жұрттың басындағы келіссіз ғамалдарын,
мінездерін айтып көрсету, халықтың құлқын түзеуге зор пайдасы тиетін нәрсе»
болғандықтан, тіл қоғам мен оның даму ерекшелігін сипаттайтын әрі оның
адамзат жадында сақталар нормаларын белгілейтін құндылықтардың бірі
болып табылады, сондықтан тілдік деректерді жинақтау, олардың
экстратанымдық ұстанымдарын саралау, ең бастысы, қоғамдық маңыздылығын
уәждеу қазіргі лингвстикалық зерттеулердің қажет діңгегін құрайды. «Әрбір
халықтың тарихында үлкен әлеуметтік, қоғамдық, мәдени өзгерістер дәуірі
болатыны хақ. Халық тарихындағы осындай өзгерістер сол халық тілінің сөздік
қорына әсерін тигізбей қоймайды. Өмірге қанша жаңалық, қанша жаңа зат пен
жаңа ұғым қосылса, тілге де соншама жаңа сөздер мен сөз тіркестері қосылып
отырады»,- деп ғалым Ш.Сарыбаев ескерткендей, тіл дамуын айғақтайтын бұл
өзгерістер халықтың тілдік қорынан ғана емес, өмірлік тәжірибесінен де,
мұрагерлік қазынасынан да орын алары анық.
Когнитивтік әлеуметтану мен әлеуметтік тіл білімі мәселелерін
сабақтастырудан туындаған бұл бағыттың да бүгінгі күні өзіндік ұстанымдары
да, тұжырым-қағидалары да өзекті тақырыптарға ұласып, маңызды тілдік
зерттеулерге арқау болып отыр. “Халықтың әдеби тілінің қалыптасып, дамуы
сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты...Әдетте қоғамның
азаматтық тарихының тіл дамуына әсері едәуір кідіріспен, кешеуілдеп жүреді.
Әлеуметтік-саяси, идеологиялық өзгерістер болған күннің ертеңіне тіл өзгеріп
шыға келмейді. XІX ғасырдың ІІ жартысынан бермен қарай қазақ халқының
әлеуметтік-саяси өмірінде не бір өзгерістер, жаңалықтар болып өтті, бірақ тіл
өзінің негізгі сипатын түбегейлі өзгерткен жоқ, рас, сөздік қазына молықты,
грамматикалық нормалар тұрақтала түсті, функционалдық стильдердің жеке
белгілері айқындала түсті т.т. ..,”-деп атап көрсетеді тілші Р.Сыздықова . Шын
мәнінде, тіл мен қоғамның байланысы, бір-біріне әсер ету ерекшеліктері бір
күнде не бір мезетте байқала қоятын қатынастар құрамына енбейді. Ол үшін
қоғамдық-саяси жағдайлардың деңгейін, әсер ету күшін әрі танылу сипатын
сұрыптайтын арнайы уақыт керек, өйткені тіл адамзат жаратылысының негізі
ғана емес әрі сол адамдар өмір сүретін қоғамның, қарым-қатынас
нормаларының сарапшысы да бола алады.
Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның “қажетін”жүзеге асыратын құрал
болғандықтан, тіл білімінің әлеуметтік лингвистика деп аталатын саласының
атқарар қызметі де, ғылыми маңызы да ерекше. XІX-XX ғғ. бастап,
лингвистикалық бағыттар мен мектептердің бірі ретінде негізі қаланған бұл
саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, заңдылықтары қалыптасып
орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік
59
саралануын, әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік
мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға
мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э.Д.Сүлейменова “Әлеуметтік
лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері
мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды
бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің
өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты
айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады”,- деп
анықтама береді. Тілдің қоғамдағы орны оның қатысымдық деңгейімен,
нормалану дәрежесімен, құқықтық мәртебесімен, конфессиялық ерекшелігімен,
оқытылу, меңгерілу сипаттарымен өлшенеді.
Ғалым С.Аманжолов зерттеулерінің желісі тілдің қоғамдық ерекшелігіне
шоғырланған. Автор тілдің барлық белгілерін оның қоғамдағы орнымен,
әлеуметтік өзгешелігімен байланыстырды. Автор тұжырымдарының басым
көпшілігі лингвистиканы қоғамдық ғылым ретінде қарастыруға саяды. «Адам
қоғамына» мән бере келе, оның мүмкіндігін жоғары бағалай отырып, ғалым
тек қоғам бар жерде ғана тіл өмір сүреді, оны зерттеп, өркендетер тіл ғылымы
дами алады деп түйіндейді. Осыған сәйкес, кез келген тіл білімінің саласын
С.Аманжолов “адам қоғамының зор табысы, ғылыми жетістігі” деп дәйектеді:
”Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет
еткен тіл, тек қарым-қатынастың құралы ғана емес, ол дамудың да және.
күрестің де құралы болуымен қатар, грамматика сияқты адам баласына зор
қызмет істейтін өте маңызды ғылымды тудырды
.
Бұл ғылым адам баласының
ұзақ өміріндегі тұрмыс үшін күрес жолында жасаған тәжірибелерін, ойлауының
ұзақ уақыт абстракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан
да білім болып отыр”. Ғалымның жоғарыда келтірілген үзіндісінде “адам
баласы” деген тіркес қатарынан үш рет кездеседі. Тілші көпшілік назарын
тілдің қоғамдық маңыздылығын, оның табиғи әрі танымдық ерекшелігін,
функционалды сипатын тіл арқылы айқындауға бағыттаған. Осы орайда,
қоғамдық факторлармен бірге зерттеуші тілтанымдық құралдарға зер салды, ол
тілдік амалдарды тек қарым-қатынас функциясында ғана емес, дүниені тану,
тәжірибе жинау, ойлау, білім алу негізі деп сұрыптау қажеттігін ескертті.
Құрылымдық типология тұрғысынан барлық тілдер тең дәрежелі болып
есептелсе де, әлеуметтік типологияда тілдердің сараланатын өз өлшемдері, өз
“құндылықтары” барын назарға алсақ, С.Аманжоловтың “...тілдердің біріне-бірі
ұқсап та, ұқсамауы да әлеуметтік [социалды] жағдайға байланысты” деген
тұжырымының маңыздылығына, сөзсіз, көз жеткіземіз. Бұл жағдайда сол тілде
сөйлеуші адамдардың, халықтардың саны, қолданушы мемлекеттердің есептік
көрсеткіші ескеріледі әрі тілдің қоғамдық функциялары мен әлеуметтік
салаларды қамту өзгешелігі нысанағы алынады. Мұндай ерекшеліктерді
С.Аманжолов “қоғамдық қарым-қатынас күштілігі” ,- деп сипаттай отырып,
тілдің “қоғамдық құбылыс, қоғамдық коллективтіктің тапқан, жасаған нәрсесі,
қоғаммен бірге өсіп-өнетін нәрсе” екенін дәйектейді. Демек, тілдің әлеуметтік
деңгейін анықтау, оның қоғамдық танымын саралау және қоғамдық сананы
60
қалыптастырудағы атқарар қызметін талдап көрсету, бір жағынан, қарым-
қатынас күштілігі деп түсіндірілсе, екіншіден, қоғамдық коллективтің тапқан,
жасаған нәрсесі деп ұғынылады, яғни әлеуметтік таным тілдік құралдардың
жасалу, қалыптасу, даму заңдылықтарымен тығыз байланысты болады.
“...тіл және оның даму заңдарын қоғам тарихымен бірге, бірінен- бірін
айырмай қарағанда ғана түсінуге болады” деген тұжырым негізінде тілдік
таным мен қоғамдық сананың байланысын дәлелдейтін мәселелерді
С.Аманжолов, біріншіден, “Жаңа жағдай, жаңа тұрмыс, жаңа қоғамдық саты
тілдің де жаңаруын керек етеді...” деген қағидамен байланыстырды. Олай
болса, адамды қоршаған орта, тұрмыс-тіршілік оның әлеуметтік өсуіне, сол
арқылы тілдің қоғамдық қызметіне тікелей әсер етеді. Бұл ретте автор
К.Маркстің „сөз – қоғамдық өнім. Бұл өнім қоғам өскен сайын өседі” деген
пікірін қолдады, сондықтан әлеуметтік танымның өзегі ретінде, ең алдымен, ол
лексикология проблемаларына шолу жасады: жаңа сөзді, жаңа ұғымды, жаңа
мағынаны – барлығын „қоғамдық өнім”деп таныды. Зерттеуші ең кіші
лексикалық бірліктің өзіне өзгеше анықтама береді, сондықтан оның
қабылдауындағы „сөз” тек номинативті қызмет атқарушы тілдік элемент қана
емес, ол - “адам баласының барлық қоғамдық тіршілігінің сәулесі, көрінісі,
дерегі...” (П.Лафарг) болып табылды.
„Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындыларын”
дамытқан К.Аханов зерттеулері де тіл мен қоғамның қарым-қатынасын «екі
жақты байланыс» үлгісінде қарастырған ғылыми ізденістер нәтижесін құрады.
Ғалым «...тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен
бірге дамитын қоғамдық құбылыс ретінде, қоғам мүшелерінің пікір алысу,
қатынас жасау құралы ретінде қарастырады» дей отырып, бұл сабақтастықтың
бірнеше дәлелдемелерін келтірді:
тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды: қоғамның өмір сүруі, адамдардың
бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл
қажет;
тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді: қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты,
қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ .
Олай болса, қазақ тіл білімінде әлеуметтік лингвистика мәселелеріне
алғашқылар қатарында зер салған автор тілді қоғамдық құбылыстарға жатқыза
отырып, оны базис пен қондырмадан универсалды қоғамдық-әлеуметтік
функциясы арқылы ажырату керектігін атап өтеді, өйткені, автордың
пайымдауынша, тіл адамдардың әлеуметтік ерекшеліктерін танып білуге
көмектесетін және қоғамдық нормалар мен заңдылықтарды жүйелейтін құрал
болып есептеледі. Осыған орай, тілші «шындық болмыстағы» құбылыстарды да
екі түрлі сипатта зерделеген дұрыс деген қағиданы ұстанды. Сөйтіп, олардың
ір тобын «материалдық құбылыстар, жаратылыс құбылыстары» құрайды,
оларды «жаратылыс тану ғылымдары зерттейді»; екіншісін «қоғамдық
құбылыстар» айқындап, «қоғамдық ғылымдар зерттейді» дей келе, автор
қоршаған әлемнің күрделі табиғатын қазіргі ғылымдар интеграциясының аса
қажет алғышарты деп түсіндірді. «Ғылымдардың интеграциясы өте-мөте
61
күрделі процестерді, заттарды, шындық болмыстың құбылыстарын бірқыдыру
ғылымдардың бірлесе комплексті зерттеу түрінде де, әр түрлі ғылымдардың
басқа ғылымдарға кірігуі, әр басқа ғылымдардың предметтері мен
методтарының өз ара жақындасуы түрінде де жүріп жататындығын» ескерген
ғалым қоғамдық құбылыстардың да даму, өзгеру себептерін сыртқы
факторлардың әсерімен таразылады, соның негізінде тілдік құралдардың
толығу амалдарын айғақтайтын сөздік қор мен сөздік құрамның даму
заңдылықтарын да жан-жақты талдады. Бұл бірлікті ғалым «дүниенің бір
тұтастығымен, оның салаларының, бөлшектерінің, әр түрлі жақтарының өз ара
тығыз байланысымен, бірімен-бірі шарттас екендігімен, бір-біріне әсер
ететіндігімен» айқындады. Нәтижесінде «...қоғам тарихын зерттеу барысында
тіл білімінің деректері мен жетістіктерін де пайдаланатын» тіл ғылымы мен
қоғамтанудың тығыз байланысы дәйектеліп, тың ұстанымдардың өзектелуіне
мүмкіндік жасалды әрі «қоғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының
тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтар» мен «жеке, нақтылы тілге тән»
қағидалар сабақтастығы зерделенді.
«Заман қозғалысы тілді де қозғады» деп тұжырымдаған Р.Сыздықтың
ғылыми-танымдық талдаулары әлеуметтік тақырыппен, қоғамдық фактормен
тығыз байланысты. Тіл табиғатын анықтау, оның таныммен байланысу
нормаларын сұраптау мәселелерінің бүгінгі күні әлеуметтік және саяси
ықпалмен түсіндіріле зерттелуі тілдік танымның уақыт пен заман сұрыптаған
заңдылықтармен ұштасуы деп түсіндіруге болады Оның айқын айғағы ретінде
осы кезге дейін тілшілер лексикалық қабаттың өзгеру, толығу жолдарын
талдап, сөздік құрамға енген бірліктердің кірігу уәжін айғақтауды мақсат етсе,
қазіргі тілдік ізденістердің дені экстратанымдық себептердің тарихи тұрғыдан
дәйектелген, пәлсапалық болмыс тұрғысынан айқындалған әрі әлеуметтік сана
тарапынан қабылданған қорытындыларына негізделіп келеді. Бір жағынан,
«сөздік құрамның дамуына әсер ететін факторлар – қоғамның әлеуметтік
құрылысының өзгеруі, өндірістің, мәдениеттің, ғылымның дамуы» деп
талданса, екінші жағынан, қазақ әдеби тілдің қалыптасуы мен даму тарихы
«қоғамдық сананың», «патриоттық танымның», «халықтардың өзін-өзі тану
санасының оянуының» жемісі деп танылды, сондықтан автор «Қоғам өмірімен
етене қабысқан тіл – сөйлеу тәжірибесі, оның лексикасы сол қоғамның тыныс-
тіршілігіне орай әр алуан тематикалық серияларға бөлініп, бірқатарының
мағыналары өзгеріп, енді бірсыпырасы тұрақталып, терминденіп жатады.
Қысқасы, лексиканың белгілі бір топтары сол қоғамның сол дәуірдегі мазмұн-
мәнін көрсететіндей дәрежеде қызмет етеді...» деп тұжырымдайды. Демек,
әлеуметтік таным - тілдік қордың молаюына, сөйлеу тәжірибесінің
қалыптасуына тікелей әсер ететін экстралингвистикалық фактор. Ол
«әлеуметтік диссонансты [кереғарлықты]» көрсететін, қоғамдық сананы
қалыптастыратын қозғаушы күш бола тұра, тілдік бірліктердің қоғамдағы орны
мен қызметін, әлеуметтану саласына қосар өзіндік үлесін сұрыптауға мүмкіндік
беретін когнитивті ұғымдардың бірі болып табылады, сол себепті «әлеуметтік
танымды ішкі сәйкестіктері бар көпдеңгейлі үрдіс» ретінде қарастыру қажет.
62
Ғалым зерттеулерінің көлемді бөлігі әлеуметтік танымның тілдік құралдарды
қалыптастырудағы маңызын дәйектеуге бағытталған. Автор көркем шығарма
тілін сан алуан экстратанымдық ықпалдардың нәтижесі ретінде саралай келе,
қаламгердің тақырыптық, мазмұндық және идеялық өрісін, ең алдымен, оның
азаматтық болмысын сомдар қоғамдық мәселелермен сабақтастырады.
Айталық, Абайдың дара тұлғасын, ақындық шеберлігін Р.Сыздық тілтанымның
әлеуметтік мақсатымен ұштастыра талдады. «Абай - әлеумет, халық, ұлт
мүддесін кеңінен сөз еткен ақын. Оның әлеуметтік тақырыптарға баруы өзіне
дейінгі барлық ақындардан асып түседі. Өз заманын, заманындағы қазақ
қоғамын, сол қоғамдағы саяси-әкімшілік, заң-сот құрылысын, экономикалық
тұрмыс-тіршілігін тарихшыларша баяндамайды, ақын болып суреттейді.
Суреттеу арқылы жаманына күйінеді, жақсысына сүйінеді. Сондықтан ақын
заманының әлеуметтік картинасын беретін, сол кездегі жалпыхалықтық тілде
актив қолданылған сөздер Абай тілінен де кең орын алған» дей отырып, ғалым
«болыс, болыстық, шаруа, сайлау, партия, ..атшабар, бай, жарлы, сауда...» ]
сынды бірқатар сөздерге ден қойды. Сөйтіп, ғалым Абай танымындағы тілді
«заманын түзету үшін қолданған» «қару» ретінде сипаттаумен қатар, оның
әлеуметтік табиғатын, танымдық болмысын «заман», «қоғам», «әлеуметтік
картина», «әлеуметтік топ атауы» сияқты ұғымдардың көмегімен түсіндірді.
Олай болса, қазақ тіл біліміндегі тілтанымның әлеуметтік негіздерін қоғам,
қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным, әлеуметтік тыйым, әлеуметтік
картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды ұғымдар құрайды, себебі
ғалым Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі жоқ қоғам –
адамзаттың ешбір қауымы болмайды. Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір
сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл – ақиқат та тарихи шындық» , яғни
қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды
әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері
қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет. Айталық, Ә.Ахметов
мифотанымдық элементтер мен әлеуметтік заңдылықтарды байланыстырған
тілдік құбылыстар қатарында “табу мен эвфемизмдерді тек
этнолингвистикалық құбылыс қана емес, сонымен қатар тіл мен қоғамның
өзара байланысын сипаттайтын социолингвистикаға да қатысы бар құбылыс”
ретінде де зерттеген орынды деп тұжырымдайды. Тілдің әлеуметтік саралануы,
әлеуметтік топтар мен олардың мүдделері сияқты әлеуметтік тіл білімінің
өзекті мәселелерін тыйым салу яки ауыстырып айту құбылыстарымен
сабақтастыру мақсатында ғалым 1)“Саяси эвфемизмдер” бөлімінде баспасөз
бетінен алынған бірқатар мысалдарға шолу жасайды. Сөйтіп оларға “…белгілі
бір саяси топтардың мүддесін қорғауға арналған, шындықты бүркемелеу үшін
қолданылатын айла-шарғы, саяси тәсіл” деген мінездеме береді. Мысалы:
тұтқын лагерьлер – стратегиялық деревнялар, ауруханалар мен мектептің
жетіспеушілігі - инфрақұрылымның аздығы және т.б. 2) Келесі кезекте автор
“сөз магиясын” уәждейтін фактор ретінде “ат тергеу салтын” қарастыра
отырып, оның негізгі себебін адамзаттың биоәлеуметтік дамуымен түсіндіреді.
“…шартты лексиканың немесе тілдің пайда болуының ең басты себебі
63
адамдардың жыныс айырмашылығы мен олардың қоғамдағы әлеуметтік
сатылардан алатын орнына байланысты қалыптасатын әр түрлі әлеуметтік
тыйымдар жатыр” деген пікірдің төркінінде қазақ халқының ұлттық
танымымен қоса, сан ғасырлар бойы сақталып келе жатқан әлеуметтік
заңдылықтары, тұрмыс-салт нормалары да жататыны да даусыз.
2. «Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі және тілдің психологиялық сипаты
арасындағы сәйкестік немесе тілде көрініс табатын жүйе мен қабілет
арасындағы байланыс олардың динамикалы әрі біріне-бірі ауысып өте беретін
өзгешелігіне қатысты болады»,- деп А.А.Леонтьев атап көрсеткендей, тілде
байқалатын әлеуметтік және психологиялық сәйкестіктер қазіргі қазақ тіл
білімінде де тіл мен ойлаудың арақатынасын, олардың бір-біріне әсерін,
адамның сөйлеу әрекеті арқылы айғақталатын болмысын, ерекшелігін
танымдық негізде лингвистикалық тұрғыдан дәйектеуге мүмкіндік беріп отыр.
Тілге таза грамматикалық тұрғыдан ғана емес, терең философиялық,
логикалық, танымдық тұрғыдан көңіл аудару нәтижесінде туындаған бұл
өзгешеліктер
адамзат
тілінің
функционалды-семантикалық,
психофизиологиялық, әлеуметтік даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік
беруде. «Психология адамның жанын қарайтын ғылым делініп келеді...» ,- деп
Қ.Жұбанов атап көрсеткендей, тіл адамдардың өзара қарым-қатынас жасау
нормаларын жүзеге асырумен қатар, олардың өзге жаратылыс иелерінен
табиғи айырмашылығын айқындайтын, ойлау қабілетінің даму деңгейін
сипаттайтын өзгеше аксиология болып табылады, сондықтан оның адам
«жанын» айғақтайтын қасиеті де универсалды құбылыс деп танылады. Тіл
арқылы адамзат атаулыны біріктіруге, олардың жеке этникалық ерекшеліктерін
сұрыптауға әрі ішкі сырын айқара ашуға немесе жасырып «бүгіп қалуға»
болады, сондықтан қазақ тіл білімінің өкілі А.Байтұрсынұлы адамға тән екі
ғаламның сабақтастығын дәлелдеу мақсатында оның психологиялық
эмоционалды көңіл-күйін қияли танымның, ойлы сезімнің өзегіне айналдыра
сипаттады. «Ішкі ғаламның» субъективті мүмкіндіктерін, өзіндік даму жүйесін
анықтауда «тысқы ғаламның» элементтерін ұтымды пайдалана білген ғалым
тілдік құралдарды, адамның сөйлеу әрекетін оның ойының жемісі ретінде
қарастыра отырып, «жүрек лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын
күйі» сынды ұғымдар байланысын жан-жақты зерделеді. «Ойлау екі түрлі:
ойлағанда я нәрсеге тиісінше ойлайды, я көңілінің түйісінше ойлайды» дей
отырып, тілші адамды қоршаған әлемдегі заттар мен нәрселер табиғатын
«сипатты» қабылдаудан өткізе келе, әрқайсысын «бойындағы қасиеттеріне»
қарай «жағымды, жағымсыз» әсерлер арқылы таразылады. «Нәрсе түрлі
сипатты болады. Ол сипаттардың біреулері бойына біткен сипат болса,
екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мәселен, нәрсенің бірін
жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз.
Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл сипаттаудың біреулері адамға
ұнайтын болар да, біреулері ұнамайтын болар...Бұлардың біреулерін жағымды,
сүйкімді деп, екіншілерін жағымсыз, сүйкімсіз деп сипаттау нәрсені тиісінше
сипаттау емес. Адам өз көңілінің түйісінше сипаттау болады» деген
64
тұжырымға сүйенер болсақ, дүниенің өзі адам санасына «шынайы жағымен»
яки табиғи болмысымен әсер еткенде, оның тек «тиіс» белгілері ескеріледі де,
ал жеке психологиялық тұрғыдан не болмаса субъективті бағалау, оған өзіндік
көзқарасыңды білдіру тұрғысынан алып қарағанда, тысқы ғаламдық заттар
«түйістің» елегінен өте қабылданып, «көңілдің түйген, қиялдың меңзеген»
қалпын «әліптейді» . Олай болса, адам, ғалым пайымдауынша, сол әсерлер
жігін тек «...уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен
айырып, ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді тіл» арқылы ғана
баяндап жеткізе алады яки кез келген құбылысқа өз қарым-қатынасын білдіру
мүмкіндігіне ие болады. Демек, тіл мен ойлау байланысынан туындайтын
психологиялық реңктер тілтанымдық фактілердің қабылдану өзгешелігін
дәйектейтін болғандықтан, адам дүниеге әкелген сөз үлгілері де, олардың
функционалды-семантикалық өзгешеліктері де танымдық процестің нәтижесін
құрайды. Анығырақ айтқанда, «шешен сөз», «толғау» сынды әдеби
шығармалар адам-дүние-тіл ұғымдарының «зор іліккен» байланысын уәждейтін
психологиялық таным тұрғысынан сұрыпталды. Шешен сөздің «қызметі
адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру,
арқасын қоздыру» сынды әрекеттерге негізделетіндіктен, бұл жағдайда
«айтушының мақсаты баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне
нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру» қажеттілігіне саяды,
сондықтан адам өзінің «ішкергі ғаламына» сүйену арқылы толғай отырып,
психологиялық мүмкіндіктерін адамтану, қоғамтану, тілтану, табиғаттану
бағыттарына жұмсайды. Оның себебін А.Байтұрсынұлы адамның қоршаған
әлеммен психофизиологиялық сабақтастыққа түсуі арқылы айғақтады. Ол
«Адам дүниедегі көрген-білген нәрселерін тек байқап, тек пікірлеп, тек
саңлаулап қана қоймайды. Ол нәрселермен қатар адамның көңіліне күй де
жасалады. Адам көрген-білген нәрсенің я ісінің біріне күйінеді, біріне сүйінеді,
бірінен сескенеді, бірінен шошынады.
Сезіліп тұрған тысқарғы ғаламмен, сезіп
тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға келіп түйіскен жерде жыртылып
айрылғысыз болып бірігеді» деп атап көрсетті. Осыған орай, автор адамның
санасына өзгеше анықтама да берді, оның бар болмысы мен қызметін
тоғыстыра отырып, тілші «Адамның санасы фотография (сүгірет машинасы)
емес, нәрсенің тұрпатын ғана
түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп адамның
санасына түскенде, адамның ойын да, көңілін де бірдей оятады...» деген
маңызды тұжырым жасады, соның арқасында қазақ тіл ғылымында адам
психикасын танымдық негізде дәйектеген алғашқы көзқарастар дүниеге келіп,
когнитивті зерттеулердің құнды ұстанымдары өзектеле бастады.
“Логика сөйлемі”, “психология коммуникациясы”, «психологиялық
қиялдау» секілді тіркестерді қолдану негізінде Қ.Жұбанов та “ойды сөзбен
білдіру” амалдарын жеке-жеке түсіндіріп көрсетуді мақсат етті. Сөйтіп, тек
қазақ тіл білімінде ғана емес, бүкіл әлемдік лингвистикада алғашқылар
қатарында “сөйлеуші тас емес, тірі адам, сезімі бар, жүрегі бар адам” деген
өзекті де мәнді қорытынды негізінде адамзатқа тән психологиялық
ерекшеліктерді, олардың тілдік қатынас арқылы байқалу сипатын, өзін және
65
қоршаған ортаны тану кезінде атқарар маңызды қызметін саралап берді.
С.Аманжолов та “...тіл мәселесі ойлаусыз ешбір шешілмек емес” дей келе, кез
келген тілдің құрылымдық элементін, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын
адамның ойлау әрекетімен бірлікте қарастыру қажеттігін ескертті. Осыған орай,
ол “Сөйлемдегі сөздердің логикалық байланысын” талдау арқылы “...сөйлем,
оның мағынасы дүние танудың, даму мен күрестің құралы. ...сөйлем дегеніміз -
ойдың жүзеге шығуы” сияқты тілдік зерттеулер үшін аса құнды қорытынды
жасады. Сөйлем құрамындағы сөздер бір-бірімен айтушы логикасына сүйене
әрі белгілі бір қоғам қажеттілігін өтей тіркеседі, сөйлемдегі сөздердің орны “ой
екпінімен” тығыз байланысты, арнайы интонациямен, өзгеше леппен бөлініп
айтылатын бұл құрылымдар “ой өткірлігімен, сөз қырлануымен” көзге түседі,
айталық “Ой екпіні түскен сөз сезімге, ұғымға әсер етіп, сөйлем мүшесінің
тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) мүшелерінен де бұрын көңіл тартады” деген
тұжырымдардың әрқайсысы қазақ тіл білімінің психологиялық бағытын
негіздеуге, оның қалыптасу тарихын әлде-қайда ерте бастауға, сол арқылы
қазақ лингвистикасының әлемдік тіл ғылымына қосар өзіндік үлесін дәйектеуге
мүмкіндік берді.
Осындай сабақтасқан байланыстың нәтижесінде лингвистиканың бір саласы
психолингвистика дүниеге келді. ХХ ғасырдың 50-60 ж.ж. бастау алған
аталмыш сала психология ғылымының маңызды концепцияларына сүйене
қалыптасты, яғни, К.Аханов көрсеткендей, «...психикалық құбылыстарды, атап
айтқанда, түйсік пен қабылдау, елес пен ой, сезім мен тілек, бейімділік пен
қабілет, ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейтін» психология
лингвистикамен байланыса келе, олардың «сөйлеу процесімен» ұштасу
ерекшелігін айқындауға мүмкіндік берді. Ол туралы ғалым «Сөйлеу арқылы
қарым-қатынас жасау, пікір алысу, біреудің сөзін қабылдау, оны ұғыну
процесін түсіндіру психологияның жәрдемін керек етеді...Бұлай болатындығы
мынадан: тілдік жүйе адам санасында сақталынады, адам бұл жүйенің
элементтерін өз ара байланысты элементтер ретінде ұғынады. Заттың біздің
санамызда сақталған атауымен байланысы – психикалық байланыс...Заттардың
өзіне тән белгілері бойынша аталуы және ол белгілердің таңдалып алынуы –
психологиялық факт» деген тұжырым келтірді. Осы кезден бастап, «Тіл білімі
тарихи даму барысында психологизм ұстанымдарымен үш рет байланыса
отырып, маңызды салалардың қалыптасып дамуын өзектеді. Олар: ХІХ ғ. 80
жылдарында жас грамматистер бағытының дүниеге келуі; ХХ ғ. орта шенінде
психолингвистиканың зерттеле бастауы және ХХ ғ.80 жылдарында когнитивтік
лингвистиканың дәйектелуі» делінгендей, адам тек белгілі бір қоғамның
мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар алуан түрлі эмоционалды-психикалық
белгілердің, мінез-құлықтардың, ішкі заңдылықтардың тұтастығы ретінде
зерттеу нысанына айналды. “Сөйлеудің пайда болу, түсіндірілу, жүзеге асу
ерекшеліктерін сипаттап зерттейтін ғылым саласы психолингвистика деп
аталады”деген И.Н.Горелов, К.Ф.Седов анықтамасына сүйенер болсақ,
психолингвистика - адамдардың сөйлеу әрекетін оның мінез-құлқындағы
өзгешеліктерімен байланыстыра, тілдік тұлға ұғымын жеке психологиялық
66
аспектіде қарастырыра дамып отыратын бағыттардың маңыздысы. Өзге
лингвистикалық салалармен бірге психолингвистиканың да өз қалыптасу
тарихы, даму ерекшелігі, қағидалары мен ұстанымдары белгілі болғандықтан,
тілдің шығуы, пайда болуы, қызметі немесе құрылымдық ерекшеліктері
туралы алғашқы пікірлер кенін біз, ең алдымен, көне заман ойшылдарының
еңбектерінен кездестіреміз. “...тіл білімін тек оның материалдық, яғни
формалық сипаттарымен шектеп қалуға болмайды”,-деп белгілі лингвист
Э.Бенвенист дәлелдегендей, психолингвистиканы тек тіл білімінің
ережелерімен ғана емес, сол сияқты психологияның әдіс-тәсілдерімен, дәстүрлі
зерттеулерімен байланыстырған дұрыс. Осыған орай, бұл бағыттың негізгі
тұжырымды ойлары Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, А.А.Леонтьев,
Н.И.Жинкин, И.Н.Горелов, К.Ф.Седов, А.А.Залевская, И.А.Зимняя,
Л.В.Сахарный, Е.Ф.Тарасов сынды ғалымдардың есімдерімен тығыз
байланысты. Кезінде психолингвистиканың ірге тасын сөйлеу әрекеті
теориясының концепциялары ғана қаласа, қазіргі уақытта ол тек бір ғана
лингвистикалық мектептің (“Москва мектебі”) бағыт-бағдарына айналған. Тіл
білімінің бұл саласы адамның табиғатымен, ойлау, қабылдау, есте сақтау,
түсіну секілді әрекеттерімен сабақтаса дамып келе жатқандықтан, оның әр қилы
проблемаларды зерттейтін өзіндік түрлері жіктеліп, жаңа да тың мәселелерді
шешу мүмкіндігі туындап отыр, айталық: жалпы психолингвистика, әлеуметтік
психолингвистика, онтолингвистика, патопсихолингвистика және т.б.
«Танымның жоғары сатысы – ойлау. Ол сезімдік танымға негізделеді,
бейнелерге сүйенеді. Ойлау – ми қыртысында жүзеге асатын психикалық
процесс...Шындық өмірдегі заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттердің, тағы
басқалардың жалпы қасеттерін, елеулі, маңызды белгілерін бейнелендіретін,
олардың арасындағы нақты байланыстар мен қатынастарды ашатын
психикалық процесті ойлау деп атайды»,- деген ғалым Б.Сағындықұлының
пікіріне сүйенер болсақ, бүгінгі күні психолингвистика мәселелерінің көкжиегі
кеңейіп отырғанда, тілдегі ментальді лексиканың өзгешелігін анықтау,
ассоциативті тәжірибелер жасау, “тілдік сана” ұғымының табиғатына мән беру,
тілдің эпистемиялогиялық қызметін сұрыптау және т.б. тілдік проблемалардың
Қазақстанда зерттелуі қазіргі тіл біліміндегі жаңа үрдісті байқатары сөзсіз
Тіл, ойлау, тану ұғымдарын қатар, тығыз байланыста қарастырған тілшілер
адамдық факторды алға тарта отырып, сол кездің өзінде тілді психологиялық
танымның құралы ретінде қарастыру керектігін дәл көрсете білген. “Тіл өсуі ой
өсуіне, ой өсуі тіл өсуіне байланысты” деген С.Аманжолов қағидасы адамның
ойлай алу қабілетін сөйлеу дағдысымен ұштастыруға, тілдік элементтердің
құрылымдық-семантикалық, функционалды-прагматикалық өзгешеліктерін
«таза лингвистикалық» талдаулармен шектемей, психологиялық ұғымдармен
жақындата түсіндіруге себепкер болды. Бүгінгі күні де тілдік зерттеулердің
аясы экстралингвистикалық фактілермен толығып, адам психологиясы оның
сөйлеу әрекетімен байланыса, қарым-қатынас жасау ұстанымдарымен
сабақтаса, танымдық әрекетімен тоғыса талданып келеді. Тек когнитивтік
лингвистика көлемінде ғана емес, танымдық психология тақырыптары
67
қатарында да тіл, тілдік мүмкіндіктер, тілдік қабілеттер сынды ұғымдар
қолданыс тауып, сөйлесімнің жүзеге асуы, сөйлесімнің қабылдануы секілді
мәселелер жан-жақты түсіндірілу үстінде. Осыған орай, когнитивтік тіл
білімінің өзекті проблемаларын құрайтын тіл мен ойлау байланысы
психолингвистиканың да қарастыратын нысаны болып табылады. Екеуінің
зерттеу ұстанымдарында байқалатын өзгешеліктер тек мақсат-міндеттері
арқылы әрі қолданылатын әдіс-тәсілдері негізінде айырылады. Мәселен,
психолингвистика
лингвистикалық болжамдардың психологиялық
шынайылылығын анықтауға бағытталса, яғни психологиялық әдіснаманы
лингвистикада пайдалана білудің маңызын нақтыласа, когнитивтік
лингвистика, керісінше, психологиялық болжамдардың тілдік негіздерін
айғақтап көрсетуді мақсат етеді.
«Әлем туралы белгілі бір көзқарастардың қалыптасуы - үш деңгейлі
психикалық жағдайлардың өзара әсерінен туындайтын ерекшелік. Олар: сезім
мүшелері арқылы қабылдау деңгейі; ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру
деңгейі және сөйлеу мен ойлау процестерінің бірлігіне негізделетін деңгей.
Осы аталған хабарлардың жиынтығы танымдық тұжырымдардың негізін
құрайды»,- деп көрсетілгендей, адамның психологиялық танымы ғаламдық
қабылдаудың өзегін құрайтындықтан, қазақ тіл біліміндегі “жалпы тілтану”
мәселелерінің қалыптасып дамуы, соның ішінде тіл мен ойлау, сана секілді
ұғымдардың өзара тығыз байланыста қарастырыла бастауы
психолингвистиканың қазақ топырағындағы қалыптасу шарттарын
айғақтаумен қатар, оның тілтанымдық ізденістер үшін маңызын дәйектеуде де
құнды қажеттілік деп танылды, себебі «Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның
негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы
тілдік единицалар объективті дүниенің заттарымен және құбылыстарымен
байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы
мүмкін болмаған болар еді» деп ескерткен К.Аханов пікіріне сәйкес,
танымдық үдеріс, бір жағынан, адамның ойлау, қабылдау жүйелері арқылы
жүзеге асса, екіншіден, ойлау «мидың материалдық физиологиялық
процестерімен тығыз байланыста бола отырып, тек тілдің негізінде және тілдің
көмегімен іске асады». Осы ретте қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі Қ.Жұбанов
зерттеулеріне мән берер болсақ, ғалым тіл мен ойлау арақатысына қатысты
пікірлерін алуан түрлі тілдік мәселелердің сабақтастығынан өрбітті.
Қ.Жұбанов “адамның жаны, “ой”, ”ұғым”, ”психология”, «тану» сияқты өзара
тығыз байланысқан проблемаларды тілдің құрылымдық, жүйелік негіздерімен
бірлікте қарастыру керектігін дәлелдей отырып, “тілдің жаратылыстық
себепкерлерін” анықтауға тырысқан үнді-европа тілшілерінің кезінде тілді тек
“дара адам денесінде ғана болатын физиологиялық, озса ғана, психологиялық
құбылыс қылып шығарғанын” сынға алады. Осы орайда, ғалым: “...сөйлеу ...
бір оқиғаның жайын хабарлау. Сөйлеу дегеніміз хабарлап қана қою емес;
белгілі бір ойды, ниетті білдіру” деп атап көрсетті. “Көңіл одағайлары”
бөлімінде автор :”...көздеген мақсатымызға қарай оқиғаның өзімізге тигізген
әсерін білдіре де, білдірмей де сөйлейміз; сұрай, өтіне, бұйыра, тыңдаушыға
68
белгілі бір талап қоя сөйлейтін кездеріміз де болады. Қысқасы, біз өзіміздің
хабарымызға тиісті өң бере сөйлейміз. Тыңдаушыға айтар хабарымызбен бірге
өз көңіліміздің мейірін қоса білдіреміз. Хабар - қуанта, таңдандыра, күлдіре,
ызаландыра, өтіне, кекесіндей, сұрай, бұйыра, қандай әсері барын ашпай да
айтылады ”,- дей отырып, сол эмоционалды реңктерге толық талдау жасады,
олардың айтылу не жасырылу өзгешелігіне тоқталды. Сөйтіп, “өң бере
сөйлеу”, “көңіл мейірін білдіру”сияқты ұтымды тіркестерді қолданды. Қазіргі
психолингвистикалық зерттеулерде сөздің эмоционалды бояуы ментальді
лексиканың бірлігі ретінде қарастырыла келе, адамның психофизиологиялық
дамуының басты көрсеткіштері қатарында ерекше аталады. Е.Мягкова
“Маңызды мәселелер қатарында сөз эмоциясының психолингвистикалық
теориясын анықтау қажеттігі аталады, себебі бүгінгі күні эмоционалды
құбылыстар теориясы мен алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық негізде
сұрыптау проблемаларын тоғыстыра талдаудың өзектілігіне мән берілуде ”,-
деп атап өтті, яғни психотанымдық зерттеулердің дені сөз бен оның
эмоционалды-экспрессивті бояуынан бастау алады, сол арқылы тілдік
бірліктердің адам психикасымен байланысқан табиғаты, тыңдаушы мен
сөйлеуші арасындағы «көңіл мейірін» таныту жолдары айғақталады.
“Хабарлағалы тұрған оқиғасының жәйін де, сөйлеушінің көңілін де,
талабын да білдіру - тілдің кәрі әдеті” деп айқындады Қ.Жұбанов . Ол әр
адамның психологиялық ерекшелігі, көңіл-күйі сол мезеттегі сөйлеу әрекетінен,
сөйлемдерге әртүрлі “ән” бере тілдесуінен байқалады деген қорытындыға келді.
Ғалым ”Тілде көңіл райын қоса білдіретін амалдар өте көп. Өйткені көңілдің әр
түрлі райының өзіне тән әр түрлі әні бар. Айтушының көңіл райын сөйлемнің
әніне қарай танимыз. Ән - тілде көңіл райын білдіру үшін қажетті амалдардың
маңыздысы”- деп тұжырымдады. Бұл ретте автордың ән деп отырғаны сөйлеу
интонациясы, тоны, баяндау ерекшелігі, өзіндік мәнері т.б. Сонда,
“сөйлегендегі мақсат - біреудің екінші біреуге өзінің ойын білдіруі” болса, ол
ойдың өзі тыңдаушыға әртүрлі амал-тәсілдер арқылы белгілі бір реңктермен
немесе психологиялық штрихтермен жеткізілетіні анық. Қ.Жұбанов бұл ретте
ой деген сөзге төмендегідей анықтама берді: ”ой деген адамның өзі жайлы,
болмаса, төңіректегілер жайлы білгені. Сөз деген - сол білген нәрселердің аты.
Сондықтан адам, заттар мен құбылыстар жайында білгенін [ойын] білдіргісі
келсе, сол заттар менен құбылыстардың аттарын айтып білдіреді, ойды сөзбен
білдіреді”. Келтірілген тұжырым негізінде тілшінің ой, таным ұғымдары
хақындағы өзіндік түйгені айқын аңғарылады. Ол ойдың қалыптасуын, ең
алдымен, танымның дамуымен байланыстыра отырып, субъективті және
объективті факторлардың психологиялық амалдармен сабақтасу өзгешелігіне
зер салады, сөйтіп, когнитивтік лингвистиканың алғашқы психотанымдық
бағытын саралауға мүмкіндік береді. Осыған орай, ғалым тілдің қатысымдық
функциясымен қатар, этнопсихологиялық, ассоциативті танымдық
ерекшеліктеріне баса назар аударды, сондықтан адамның тіл арқылы түсінісу
яки пікіралысу мүмкіндігін қарастыру үшін “ойды сөзбен білдіру”табиғатын
жан-жақты талдап көрсетті, айтушы мен тыңдаушы арақатынасына терең мән
69
беру арқылы тілдік коммуникацияның психологиялық сипатын дәйектеді.
Белгілі психолог Л.С.Выготский ой мен сөз арасындағы қозғалысты “жеке
ұғымның жалпыға түсінікті мағынаға айналуы” деп түсіндіргендей, ойды
айқындауға, жеткізуге, дәлелдеуге бағытталған сөздің негізгі мақсаты
дедуктивті-диалектикалық заңдылыққа бағынған жалқы мен жалпы
арақатынасынан туындайды, яғни сөз танымның ойдағы көрінісі және сыртқа
шыққан формалық келбеті бола тұра, зейін мен зерденің, сана мен жадының,
ақыл мен білімнің үйлесімді одағын сипаттар, адамнан адамға жетер құралы да
болары хақ.
Достарыңызбен бөлісу: |