Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет25/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81
Байланысты:
document (3)

Қабылдау.
 
Қабылдау – психологияның, когнитивтік психология мен
танымдық ғылымның негізгі ұғымдарының бірі. Өзінің табиғи ерекшелігіне
орай аталмыш термин пәлсапада да, физиологияда да, нейроғылымдарда да
дәстүрлі зерттеулер нысанын құрағандықтан, қабылдау шеңберіне адамның
болып жатқан оқиға-құбылыстарға қатысымен қатар, оның қоршаған әлемді
бейнелеу, даралап жалпылау әрекеттері де енді. Жекеленген сенсорды
процестермен бірге, қабылдауға адамның біріктіру, алған деректерді саралау,
шынайы болмыстан белгілі бір сапалық өзгешеліктерді бөліп көрсету, соның
негізінде олардың тұтасқан бейнесін жасау әрекеттері де жатқызылды. Сөйтіп,
хабарларды өңдеу, оларды әр түрлі материалдық сигналдар мен стимулдар
тұрғысынан бағалау ұстанымдары қалыптасып, қабылдаудың өзіндік белгілері
айқындалды. Кезінде Аристотель сенсорды қабылдаудың басты амалдары
қатарында жекеленген сезім ағзаларының қабілеттері мен қызметтеріне назар
аударған болатын. Осы мақсатта ойшыл ғұлама көру, есту, сезу, иіс сезу
процестерінің жүзеге асу ерекшеліктерін ескеріп, қабылдауды солардың
механизмі, яғни функционалдық белгісі деп таныды . Осыған орай, когнитивтік
ғылымда қабылдау тек қоршаған әлемді еш әрекетсіз тану емес, онымен
үздіксіз байланыста болу, оның негізгі заңдылықтарына бейімделу, келіп
50


түскен хабарлар тізбегінен өзіңе қажет мәліметті бөліп алу қабілетіне ие болу
негіздері деп зерттеліп келеді. Қабылдау адамның өз ақыл-ойына сәйкес
қоршаған дүниені танып-білуге, оны сезімдерінің қайнар көзі ретінде бағалауға
мүмкіндік береді, сол себепті оның табиғатын зерделеу барысында физикалық
және нейрофизиологиялық аспектілермен қатар, танымдық негіздер де
маңызды роль атқарады. Демек, когнитивті тұрғыдан қабылдаудың ойлаумен
байланысы, ментальды көзқарастармен сабақтастығы, білім мен оны жинау
тәсілдерімен ұштасу ерекшелігі және т.б. проблемалар ескерілу керек немесе
ғалым Б.Сағындықұлы атап көрсеткендей, «Кез келген затты немесе
құбылысты қабылдау адамда бұрыннан бар тәжірибе, білім негізінде жүзеге
асады». 
Когнитивистер адамзат болмысы мен оның әрекет ету табиғатын
сипаттау кезінде қабылдау процесіне ерекше көңіл бөлу қажет деп есептейді.
Осыған орай, У.Найссер жаңа когнитивтік теорияда қабылдау нормалары мен
адамзат әрекетін ажырамас бірлікте қарастырады. Ол үш перцептивті жүйелік
өзгешелікке тоқтала отырып, олардың танымдық үдерісте алар өзіндік орны
мен маңызын дәйектейді. Атап өтсек:

тікелей қабылдау мен оған сәйкес айқындалатын адам әрекеті мен
реакциялары, бұл кезде тек сол мезетте, яки нақты бір жағдайда
қабылданатын мәселелер ескеріледі; 

тұлғаралық қабылдау мен олардың бір-бірімен байланысу ерекшеліктері,
яғни адамдардың аралық қарым-қатынасына, қатысымдық әрекетіне зер
салынады;

объектілерді олардың ментальды ерекшеліктері негізінде тану әрекеті,
керісінше, белгілі бір дәрежеде адамның тәжірибесіне және біліміне
сүйене айқындалады.
Ғалымның айтуына қарағанда, күнделікті өмірде бұл үшеуі де тығыз байланыс
құрайтындықтан, таным процесін тек біреуімен қатыстыра анықтауға
болмайды, яғни барлық когнитивтік ерекшеліктер бір-біріне қаншалықты
тәуелді болса, олардың қоғамдық және мәдени нормалармен сабақтасу
негіздері де соншалықты дәрежеде байланыс құрай дамиды . 
Гештальт.
 
Тілдік гештальттар теориясын ұсынған Дж.Лакофф оларды
тілдің терең мағыналы ерекше бірліктері ретінде қарастыру керектігін атап
өтті. Гештальт адамның шынайы болмысты қабылдауына негізделіп, танымдық
процестерді бағыттап отыратын қызмет атқаратындықтан, қазақ тіл білімінде
оған Қ.Жаманбаева төмендегідей анықтама берген болатын: „Гештальт – образ,
форма, бір сөз болуы да мүмкін. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі
„бейне, құрылым, біртұтас форма” дегенді білдіреді. Оның атқаратын қызметі
сан алуан, сан тарапты нәрсені біртұтас күйінде қабылдату. Аталған біртұтас
деген нәрседе жеке бірліктер болмайды. Ол – бір жүйе, құрылым. Оны санамен
бөлшектеп көрсету мүмкін емес. Ол тосыннан жарқ етіп, ерекше күй арқылы
дүниеге келеді” . Негізінен, ғалымдар оның орыс тіліндегі нақты баламасын
табу қиынға соғады деп есептейді, сондықтан олар „гештальт” ұғымының
астарында „фигура, конфигурация” негіздері көрініс табады деген ойда болды.
51


Бұл ретте когнитивистер Н.Я.Перлс іліміне назар аударды, өйткені ол „дене мен
ақыл, объект пен субъект, адам мен орта ұғымдарының бөлінуін жоққа
шығарып, адамға тән рухани және физикалық әрекеттердің арасында „құз”
жоқ”] деген қорытынды жасаушы тұлғалардың қатарын құрады. Н.Перлс
пікіріне сүйенер болсақ, адам санасы қоршаған әлемді бір деңгейде қабылдай
алмайды, сондықтан оның маңызды да мәнді құбылыстары сананың орталық
бөлігін қамтып, гештальттың немесе фигураның орнығуына әсер етеді, ал
екінші кезектегі мәселелер кейінге шегіріліп, фон ұғымын құрайды. Олай
болса, гештальт-теориясы, негізінен, келесі бірліктер қарым-қатынасынан
жинақталады: фигура мен фонның арақатынасы; қажеттілікті сезіну әрі бүгінгі
күнге ден қою; қарама-қайшылықтар заңдылығы; қорғау қызметі мен өсу-
өркендеу негіздері және т.б. „Ағза ақылдылығымен” айқындалатын жеке
тұлғалар өзін-өзі реттеп отыратын тіршілік иелері деп ұғынылатындықтан,
олардың әрқайсысы өзімен де, өзгелермен де әрі өмір сүріп отырған ортасымен
де тепе-теңдік дәрежесін сақтай алар мүмкіндіктермен қаматамасыз етіледі.
Олай болса, „...гештальт барлық құбылыстың негізінде жатыр. Жоғары
құрылымдар гештальт арқылы жасалады. Дара тұлға, эмоция тұрпаттары, ішкі
қажнттілік, тілдік сана, бүкіл шығармашылық процесс гештальт арқылы
жасалады” , ал оның құрастырушы шарты ретінде дәл сол мезеттегі адамның
өзін сезіне білу қабілеті мен өз қажеттілігін мойындау ерекшелігі
қарастырылады. Н.Перлстің гештальт-терапиясы да сол себепті „осында және
қазір” деген қағидаға негізделген, яғни психолог „Осында және қазір болып
жатқаннан басқа ештеңе жоқ. Тек қазіргі сәт қана бар...Өткен нәрсе өткен, ол
жоқ, ал ертеңгі күн әлі келе қойған жоқ...” деп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет