біріншіден,
автордың қазақ тілінің теориялық принциптерін
қалыптастырудағы өзіндік өлшемдері, ұстанымдары, жеке тілдік салаларды
зерделеуге қосқан үлесі оның лингвистика ғылымында алар өзіндік орнын
сұрыптауға мүмкіндік беріп отыр.
Екіншіден,
автор талқылауына негіз болған әр мәселе тек лингвистикалық
тұрғыдан ғана емес, логикалық, психологиялық, философиялық, танымдық
аспектілердің байланысына сүйене шешімін тапқан. Мәселен, тіл
дыбыстарының табиғаты ғалым зерттеуінде танымдық таразылаудан өтіп
барып зерделенеді: “Фонетика сөзінің түбірі – алдыңғы үш дыбыс – “фон”сөзін
біз басқа жерлерде де ұшыратамыз, мәселен, граммофон, телефон, фонограф
сөздерінде. Мұның бәрінде де “фон”дыбыс деген беріп тұрғанын білеміз. Енді
фонетика сөзінің аяққы екі буыны болған – тика жалғауын грамматика,
косметика сөздерінде де кездесеміз. Мұның бәрінде де –тика жалғауы “жүйе”,
“ғылым” мағынасында екенін аңғарамыз…”[8; 37-б.],- дей келе, айтылған
ойдың үйлесімді жалғасы есебінде Қ.Жұбанов тіл дыбыстарын өзге табиғи,
техникалық, адам шығаратын дыбыстардан жеке-жеке айырып көрсетеді әрі
барлығын қоғамдық қажеттілік тұрғысынан айқындап береді. Осы мақсатта тіл
білімінің адам анатомиясымен, табиғат жаратылысымен, әлеумет
нормаларымен сабақтастығы басшылыққа алынып, ғалымның зерттеулеріне
негіз болған мысалдар жалаң формалық талдаудан өзгешеленіп ұсынылды.
Олардың әрқайсысы мәдени-ұлттық сипатта, рухани-идеялық мазмұнда,
қоғамдық-әлеуметтік шарттылықта, танымдық-психологиялық аспектіде
қарастырылып, маңызды тілдік дереккөздерге, “мұра хаттарға” айналды.
Үшіншіден,
“Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер” салыстырыла-салғастырыла
берілген алуан түрлі тілдік фактілер қорымен құнды. Ғалым тек қазақ-орыс
тілдерінің мысалдарын талдаумен шектелмейді, керісінше, әр қилы
лингвистикалық мәселелерді сұрыптау барысында қырғыз, өзбек, татар, якут,
грузин, армян, қытай және т.б. тілдердің грамматикалық, семантикалық,
дыбыстық ерекшеліктерін де зерттеуіне арқау ете біледі. Сөйтіп барлық
тілдерге ортақ заңдылықтарды айқындауды, олардың өзгеше даму бағыттарын
сипаттауды міндет етеді. Мысалы, “…қытайда чун (жұмыс), жөн (адам), чун
жөн болып қосылып бір екпінмен айтылса жұмысшы деген сөз, егер екеуі екі
екпінмен айтылса жан-жөн (тау адамы)…” деген дәлелдемелер арқылы ғалым
қытай тіліндегі екпіннің семантикалық қызметін бөліп көрсетеді.Осы
мақсаттарда, ғалымның кез келген тілдік анықтамасы не болмаса ой түйіні
26
бірнеше тілдерге сипаттама берумен, олардың құрылымдық, генеологиялық
жіктемесіне көңіл бөлумен ұштасады. Айталық: “е. Бұл арабтың е-“ғ”-сы.
Мысалы, мағына (маепа)…аа. Ағаш дегенді түріктер ааш дейді. Екі “а”-ның
болуы компенсация заңы” және т.б. Келтірілген тілдік фактілер дүние жүзі
тілдерін бір-бірімен салыстыруға, олардың ортақ белгілері мен өзіндік
ерекшеліктерін нақтылауға әрі тілдік ұқсастықтар мен айырмашылықтар
негізінде тілдік универсалий мен типология ұстанымдарын таным үдерісімен
байланыста саралауға мүмкіндік берері анық.
Төртіншіден
,
ғалымның дәріс алған лингвистикалық мектептері, ғылыми
қалыптасу жолы Ленинградтағы танымал тілшілердің есімімен тығыз
байланысты болды. Атап өтсек, „1928 жылы Ленинградтағы Шығыс тілдері
институтын (экстерн ретінде) бітіріп, жоғары білімге ие болады. 1929-1932
жылдары Ленинградта аспарантурады оқиды: - 02. 1929 – 09. 1930 (1,5 жыл)
Шығыс тілдер институтында түрік тілдері мамандығы бойынша; - 10.1930 –
09.1932 (2 жыл) СССР Ғылым академиясында (жалпы тіл білімі бойынша).
Анкетада өзінің көрсетуі бойынша мына тілдерді білген: неміс, араб, парсы,
түрік, монғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдері”. Түркі тілдері мен жалпы тіл
білімі бойынша арнайы мамандандырылған Қ.Жұбанов „
жалпы тіл тану
”
мәселелеріне терең теориялық та, практикалық та дайындықпен келді.
Жалпы тіл білімінің өзекті мәселелерін талдап көрсету кезінде қазақ тіл
білімінің көрнекті өкілдерінің бірі С.Аманжолов пікірлеріне зер салу аса
маңызды. Ғалымның 1940 ж. «Халық мұғалімі» журналының 4 санында
жарияланған «Тіл ғылымы мен оның мақсаты» деген мақаласы жалпы
лингвистиканың ережелері мен принциптерін, өзіндік ерекшеліктерін
анықтауға бағытталды. Кейін бұл мақала 2002 ж. ғалымның ұлы
А.С.Аманжоловтың құрастыруымен шыққан «Қазақ тілі теориясының
негіздері» атты жинаққа енді. «Тіл ғылымы (лингвистика) негізінде адам
баласының тілінің жазылуын, өсу-өнуін, оның құрылысын, бұрынғы, қазіргі
күйін, оның бірімен-бірі өзара қарым-қатынасын, олардың даму жолдарын,
ондағы заңдарды тексереді. Сонымен қабат, тіл ғылымы тіл-тілдің келешегін
де, қалай дамитынын да, болашақ тілдің жасалу жолдарын да әңгіме қылады...»
деп басталған бөлім жалпы тіл білімінің мәселелерін, бағыттарын айқындауға
мүмкіндік береді. С.Аманжолов дәстүрлі бағытты жалғастыра отырып, тіл
ғылымының зерттеу нысанын, өзге ғылым жүйелері қатарында алар орнын,
атқарар қызметін нақтылауды мақсат еткен, оның айқын айғағы ретінде
автордың «бұл ғылым – бүтіндей адам баласының тіршілігіне байланысты
ғылым» деген тұжырымын келтіруге болады. Ғалым өзіне дейінгі
зерттеушілердің пікірлерін қолдай келе, тілді адамзат атаулына қатысты, оның
тұрмыс-тіршілігін, дамуын, өркендеуін қамтитын құбылыс ретінде қарастыру
қажеттігіне ерекше зер салды. Осыған орай, тілдің жалпы танымдық,
психологиялық, қоғамдық, философиялық негіздері тілші зерттеулеріне негіз
болды.
Сөз өнерінің, қатысымдық құралдардың, тілдік бірліктердің танымдық
өзгешелігін айқындар құнды пікір-көзқарастардың кез келгені тілге сырттан
27
әсер етуші құбылыстар мен жағдайларды зерттеу нысанына айналдыра
отырып, лингвистикада экстратанымдық ұғымдар мен категориялардың да
өзектелуіне түрткі болды. Бұл ретте «тілтану» ұғымының қалыптасу
парадигмасын үш түрлі теориялық тұжырым негізінде қарастыруға болады.
Олар:
Сөз өнері - таным өзегі: тіл және сөйлеу;
Халықтық психология – этнотаным негізі;
Жалпы тілдік фактілер - танымдық тәжірибе нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |