белгілі/белгісіздік
категориялары мен
базис/қондырма
формаларын адамның ойлау жүйесі мен
санадағы ақпараттың активациясы арқылы түсіндірген. Яғни, ағылшын
тіліндегі белгілі бір мәлімет жөнінде ақпар беру мақсатында айтылатын
хабарлы сөйлемнің интонациясы мен сөйлем ішіндегі мезгіл пысықтауыштың
орын тәртібі, У.Чейфтың айтуынша, “хабарланатын оқиға туралы мәлімет
сөйлеуші жадының қай қабатынан шығатындығына сәйкес, сол мәліметті
жеткізуде қаншалықты когнитивтік энергия жұмсалғандығы жекелеген
ақпараттардың активациялану энергиясымен пара-пар болады”.
Когнитивтизм – зерттеу нысаны адам санасы, ойлауы, олармен байланысты
болатын менталды процестер мен жағдайларт болатын ғылымдағы бағыт. Бұл
ғылым білім мен таным, адам әрекеті процесіндегі дүниені қабылдауы туралы.
Когнитивтитерге дейін ғалымдар барлық ғылым мен тәжірибе аймағында
«жұмыс жасайтын» жалпы логикалық заңдылықтарды ашуға ұмтылған
болатын. Бұл ертте когнитивтизм дәстүрі тереңнен – антика заманынан бастау
алады. Адам инттеллектісімен, ойлау заңдылықтарымен, ертеректе логика,
философия, физиология, психология айналысқан Философияда таным
теориясымен айналысатын тұтас бөлім – гносеология бар. Когнитивизмнің бұл
ретте тамыры тереңнен – антика заманынан бастау алады. Адам интеллектісі,
ойлау заңдылықтарымен ертетекте логика , философия, физиология,
психология айналысқан. Философияда таным теориясымен айналысатын
гносеология бар. Когнитивистика шеңберінде байырғы мәселелер жаңа
қырынан қаралатын болды.
2. Когнитивтік лингвистиканың зерттелу тарихы
Тіл білімінде танымдық бағыттың негізі
Н.Хомскийдің, Дж.Миллердің,
Ф.Джонсон-Лэрдтің, Дж.Лакоффтың, Р.Шенктің, М.Джонсонның, Т.А. ван
Дейктің т.б. зерттеулеріне сүйене дүниеге келді. Бүгінгі күні аталмыш ғылым
саласы орыс тіл білімінде Н.Д.Арутюнова, Е.Г.Беляевская, Е.С.Кубрякова,
В.З.Демьянков, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия, В.А.Маслова сынды
өзге де ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қолдау тауып, зерттелу үстінде.
1975 ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның „Когнитивтік грамматиканы
ұсынамыз” атты мақалалары, 1985 ж. Ж.Фоконьенің „Ментальді кеңістік” атты
еңбегі, 1987 ж. Р.Лангакердің „Когнитивтік грамматика негіздері” атты
зерттеуінің 1-томы, ал 1991 ж. 2-томы жарық көрді. Танымдық мәселелерге
өзіндік тұжырыммен келген зерттеулер қатарында ғалымдар Дж.Лакоффтың
„Әйел, от және қауіпті заттары” мен М.Джонсонның „Тән ойлау үстінде” атты
кітаптарын да атап өтеді. 80-жылдардың аяқ шенінде „Бенджаминс”
баспасынан Б.Рудзки-Остынның басқаруымен дайындалған „Когнитивтік
лингвистика мәселелері” атты көлемді мақалалар топтамасы да шығарылды.
Аталған ғылыми зерттеулердің әрқайсысы тілдің танымдық ерекшелігін әр
қырынан сипаттай отырып, когнитивтік лингвистиканың теориялық
ұстанымдары мен бірліктерін айқындауға, танымдық элементтердің адам
санасында жүзеге асу, қызмет ету өзгешеліктерін зерттеуге айтарлықтай үлес
15
қосты. Мәселен, Чейф программасы жады қызметін ұйымдастыру теориясы деп
аталып, жадының түрлері мен ерекшеліктерін белгілі бір жағдайларға қатысты
зерттеуге бағытталды. Осыған орай, ғалым жадының үш түрлі сипатына
анықтма берді: атүсті, қысқа мерзімді және ұзақ уақытты жады. Р.Шенк пен
оның шәкірттері адамның ойлау әрекетін сұрыптайтын кешенді теория мен
концептуалды байланыстар теориясын сабақтастыра келе, концептуалды
хабарларды өңдеу мәселелерімен шұғылданды. Р.Шенк барлық білім атаулыны
тек лингвистикалық терминдермен түсіндіруге болмайды дей отырып,
концептуалды байланыстар тілін ойлап шығарды, оның негізінде ауысудың екі
түрі жатты: P – Trans – физикалық ауысу; M – Trans – интеллектуалды ауысу.
Тіл мен танымның арақатысын толық қабылдай қоймаған бұл ілімнің нақты
танымдық үлгілерді құрастыруда, түсіну процесіндегі танымдық күтудің
маңызын сипаттауда өзіндік жетістіктері де болды. Ғалым зерттеуіне
қызығушылық, түсіндіру, жады, күту секілді категорияларды арқау етіп,
алғашқы когнитивтік теориялық бірліктердің тізбегін, когнитивтік
операцияларды немесе концептуалды нәтижелер заңдылықтарын ұсынды.
Дж.Лакофф бағдарламасына когнитивтік модельдер, семантика,
лингвистикалық гештальт, семантикалық прототип теориясы, метафора
теориясы (немесе санаға тәуелсіз шығармашылық деңгейде жүзеге асатын
танымдық процестер) секілді мәселелер енді. Н.Хомский негізін қалаған
фразалар мен сөйлемдерді құрастырудағы морфемаларды тіркестірудің жалпы
ережелері тіл біліміне маңызды өзгерістер әкелген құнды тұжырымдар
қатарында бағаланып, универсалды, кейде генеративті грамматика деп аталды.
Ж.Фолконьенің ментальді кеңістігі танымдық бағытты дәстүрлі логика-
прагматикалық мәселелермен байланыстырудан туындады.
1990 жылдарға дейін когнитивтік тіл білімі бір-бірімен тоғыса қоймаған
жеке зерттеу бағдарламаларын, ғылыми көзқарастар жиынтығын құрады. Оған
тілшілер жоғарыда аталған еңбектерге қоса, маңызды танымдық
қорытындылар жасаған Т.ван Дейктің, Дж.Хэйманның, Т.Гивонның ғылыми
көзқарастарын да жатқызды. Когнитивистер тек 1980-1990 жж. бастап дүниеге
келген жұмыстар ғана жаңа сипаттағы, тың үлгідегі когнитивтік зерттеулердің
бастамасын құрады деп есептеді . Мысалы, 1994 ж. шыққан „Дискурс, сана
және уақыт” атты кітап Ч.Филлмор, У.Чейф мақалаларын жинақтаса, 1990 ж.
бастап басылып отырған „Когнитивтік лингвистика” журналы алғашқылар
қатарында тілдік бағыттың академиялық курс ретінде сұрыпталуына әсер етті.
Ерекше айта кетер жай, 90-жылдардың орта шені жаңа оқулықтар мен оқу
құралдарының, аударма еңбектердің дүниеге келуімен ерекшеленді. Мәселен,
1996 ж. Ф.Унгерер мен Х.-Й.Шмидттің авторлығымен дайындалған
„Когнитивтік лингвистикаға кіріспе”, 1997 ж. Б.Хайненің „Грамматиканың
когнитивтік негіздері”, 1980 ж. Р.Щенк пен оның шәкірттері бірлесіп шығарған
„Концептуалды хабарды өңдеу” еңбегінің аудармасы көпшілік назарына
ұсынылды. Тақырыбы мен мазмұны жағынан өзгеше лингвистикалық
ізденістердің нәтижесін сабақтастырған аталмыш басылымдар, біріншіден, бір-
бірінің үйлесімді жалғасын құраса, екіншіден, когнитивтік лингвистиканың
16
ғылыми пән ретінде дербес қарастырылуына мол үлес қосты, өйткені әр
еңбек курстың әдістемелік және терминдік жүйесін айқындауға, өзіндік
нысанын саралауға, сол арқылы танымдық тілдік фактілердің ғылыми-
теориялық ұстанымдары мен қағидаларын өзектеуге мүмкіндік берді.
Ресейлік зерттеулердің бастамасын 1985 ж. В.И.Герасимов ұсынған
шолу, 1988 ж. баспадан шыққан, тілдің когнитивтік аспектілеріне арналған
„Шетел тіл біліміндегі жаңалық” атты жинақтың ХХІІІ томы құрды. 1995 ж.
жазылған орыс тіліндегі аудармалардың топтамасы да „Тіл және интеллект”
деп атала отырып, тіларалық ғылыми байланыстың дамуына септігін тигізді.
Танымдық тіл білімінің дамуына ерекше үлес қосқан еңбектердің ішінде
В.А.Маслова Ю.С.Степановтың 1997 ж. шыққан „Константтар: орыс
мәдениетінің сөздігі” зерттеуін атап өтті. „Бұл орыс мәдениетінің
құндылықтарын жинақтаған алғашқы еңбек бола тұра, концепт, констант
ұғымдарының да мәдени негіздерін талдауға бағытталған аса қажет зерттеулер
қатарын құрады. Мұнда „Шындық”, Заң„, „Махаббат”, „Сөз”, „Жан”,
„Ғылым”... константтарының сипаттамасы нақтыланып берілді”,-дей келе,
автор маңызды лексткографиялық жұмыстарға 1996 ж. Е.С.Кубрякованың
редакциясымен жарық көрген „Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігін”
жатқызды.
„Когнитивтік лингвистикада тіл адамзат ақыл-ойының ажырамас және
органикалық бөлшегі ретінде, ал универсалды білім қабылдау, түсіну, ойлау
секілді ұғымдармен қатар тұратын құрылым тұрғысынан қарастырылады” деп
тілші Э.Д.Сүлейменова айқындағандай, адамзат болмысының универсалды
сипатын айқындау тіл мен танымның да жалпыға ортақ өзгеше мүмкіндіктерін
сұрыптауға көмектеседі. Барша адам баласына тән биоанатомиялық негіз оның
ми мен жүйке, сана мен жады құрылыстарының жұмыс істеу принциптерін
айқындауға, адамзат атаулының ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге әрі
табиғи болмыс-бітімнің әлеуметтік-мәдени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру,
толығу бағыттарын талдап көрсетуге себепкер болар маңызды факторлардың
бірі ретінде қарастырылды. Сондықтан жалпы тіл білімі көлемінде ғалымдар
адамның ерекше жаратылысын оған қызмет ететін тіл, сана, таным, қоғам
ұғымдары арқылы зерделеуді, олардың ішкі-сыртқы сабақтастығын
әрқайсысының динамикалы қозғалысынан өрбітуді, сол арқылы жеке мен
жалпының байланысы негізінде диалектиканың даму заңдарын сұрыптауды
мақсат етіп отыр. Қазіргі тіл ғылымы ғылымдар тоғысында, олардың аса
маңызды жетістіктері негізінде күрделі ғылыми мәселелерді шешуге талпыныс
жасауда, ең бастысы, лингвистика адамның барша әрекетінің көзі ретінде тіл
мен оның құралдарын қарастыру қажеттігін дәйектеп көрсетуде. Тіл адамның
сыртқы ортамен байланысынан туындайтын, соған ұқсастыра әрекет еткен адам
қабылдауынан сусындайтын өзгеше құбылыс екенін ғалымдар ерте кезден
байқаған. Олар сөз табиғатын зерттей отырып, оның номинативтік қызметін
түсіндіруде тіл пәлсапасының маңызды тұжырымдарын басшылыққа алған. Ат
қою мен ұқсату арқылы да жаңа ұғым, жаңа сөз жасала отырып, адамның
17
танымдық қорына енетін үлгілер мен бейнелер, мағыналар мен типтік формалар
саны көбейе түсетінін дәлелдеген.
50 жылдар шамасында Г.Щедровицкий „ойлау теориясының” жобасын
жасауға талпыныс білдірді. Осы мақсатта ғалым адамға тән ойлау әрекетінің 2
түрлі формалық өзгешелігін атап өтті: біріншіден, ой белгілі бір объектілердің
бекітілген мағыналық бейнесі ретінде қарастырылса; екіншіден, ол сол
бейнелердің қалыптасуын қамтамасыз ететін процесс не әрекет ретінде
танылды. Соңғы жағдайда ой мен танымның белгілері бөлшектенбей,
екеуінің белгілері жақындастырыла қабылданған болатын. Дегенмен, бұл
кезде адамға тән ойлау қабілетінің жаңа қырларын анықтауда жаңаша көзқарас
байқалды. Кейінірек психолингвистикамен тығыз байланыста сұрыптала
отырып, когнитивтік лингвистика сана, қабылдау, сыртқы ортамен үздіксіз
қатынаста болу, тану, бақылау, пайымдау секілді проблемаларды ұғым,
семантика тұрғысынан айқындауға бағытталды. Оның өзге аспектілермен
бірге кең көлемде дамып келе жатқан екі түрлі саласын атауға болады:
1) когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикология және т.б.
2) концептуалды семантика, фреймдік семантика және т.б.
Олар символдық, семантикалық және фонологиялық құрылымдардың
ерекшелігін, ұғымдардың пайда болуын, трансформациялануын [бір күйден
екінші күйге ауысуы] және т.б. мәселелерді түсіндіру арқылы адамның
концептуалды жүйесінің үнемі толығу үстінде болатындығын дәлелдеуге
бағытталды.
Тіл табиғатын танымдық тұрғыдан анықтау, оның лексикалық бірліктерін
когнитивтік ұғымдармен байланыста сұрыптау, сөйлеу әрекетіндегі
когнитивтік модельдерді жүйелеу, олардың онтогенетикалық сипатын тәжірибе
жүзінде дәйектеу, қазіргі қазақстандық лингвоқоғамның әлемді танудағы тілдік
бейнесін айқындау, лингвистикалық таңбалардың асимметриялық сипатын
танымдық негізде талдап көрсету, ғылыми метафоралар мен тілдік бейне
байланысын зерделеу, этномәдени танымның ұстанымдарына зер салу, тілдік
қолданыстың когнитивтік негіздерін айқындайтын эмоция, символ, тілдік сана
ұғымдарын пайымдап түсіндіру сынды мәселелерді шешу мақсатында
қазақстандық тіл білімінде арнайы ғылыми зерттеулер дүниеге келді.
Ғалымдардың зерттеу бағыты да сөйлесім әрекетіндегі когнитивтік
модельдердің антропоцентристік ерекшелігін анықтауға, тілдік тұлға
табиғатын тілдің мәдени-танымдық кеңістігімен байланыстыра айқындауға,
ассоциативті тәжірибелердің көмегімен концептуалды жүйенің прототип пен
бейнелі көзқарасқа сүйенген болмысын сипаттауға, сол арқылы когнитивтік
модельдердің өзіндік табиғатын саралауға негізделді. Айталық, ғалым
Э.Д.Сүлейменова қазақ, орыс тілдерінің негіздері мен мағына табиғатын
когнитивтік ұстанымдар арқылы өзектей отырып, Қазақстанда танымдық
қағидалардың кең көлемде зерттелуіне зор үлес қосты; ал онтогенетика мен
эгоцентризмнің танымдық белгілерін мәдени құндылықтар мен эмоционалды
негіздердің арақатынасынан өрбіткен Г.Гиздатов «тілдің жүйелі модельдерін»
номинация мен метафоралану үлгісінде талдап көрсетті,
18
Ш.К.Жарқынбекованың тілтанымдық нысанын түр-түс атауларының
қолданылу ерекшелігі құрады . Осы қатарда Қ.Жаманбаеваның ,
Г.Қосымованың , А.Исламның , Э.Р.Когайдың , Р.Д.Ашимбетованың,
Г.Ю.Аманбаеваның, Б.М.Тілеубердиевтің, М.Т.Күштаеваның , Н.Н.Аитованың,
А.Б.Әмірбекованың , С.И.Жапақовтың, В.И.Акимованың , Р.Б.Иманалиеваның ,
Ж.Қ.Ибраеваның, С.Сансызбаеваның, Ш.Әбдірованың және т.б. ізденуімен
жарық көрген зерттеулерді атауға болады.
Қазақстандық тіл білімінде когнитивтік лингвистика ұстанымдарын бүгінгі
күні жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдардың бірі – Э.Д.Сүлейменова.
Когниция ұғымын, тілдің танымдық мүмкіндігін, мағына табиғатын
контрастивті лингвистика аясында әрі екінші тілді меңгеру проблемаларымен
сабақтастыра зерттеген тілшінің тұжырымдары адамзат санасы, концептуалды
жүйе, когнитивтік феномен, әлемнің тілдік бейнесі, білім, ішкі лексикон,
адамзат тәжірибесі сияқты ұғымдар табиғатын айғақтаумен тығыз байланыста
дамыды. «Таным процесіндегі тілдің қызметін абсолютті деңгейге көтеру оны
адамнан, оның танымдық әрекетінен тыс тұрған концептуалды жүйе, өзгеше
білімдер жиынтығы ретінде тануға әкеледі...» ,- деп атап көрсете келе,
зерттеуші тіл мен таным арасындағы байланыстарды тек ойлау арқылы ғана
жүзеге асатын өзгеше қатынастар көрсеткіші ретінде танып білді, себебі,
ғалымның пайымдауынша, «...тек ойлау жүйесінде ғана әлемнің бейнесі
сұрыпталады, ал тіл ондай қасиетке ие бола алмайды, ол арнайы үлгіде
ұйымдастырылған әлемдік бейненің материалдық формасын ғана құрайды».
Осыған сәйкес, Э.Д.Сүлейменова әлемдік бейнені де, әлемнің тілдік бейнесін
де адамның ойлау әрекетінің «нәтижесі және шарты» деп қарастырды,
сондықтан тілдің танымдық негізін де «жеке тұлғаның өзіндік жетістігі,
когнитивтік, перцептивті және аффективті үдерістердің жан-жақты және ұзақ
байланыстарының нәтижесі, білімді ұйымдастырудың бастапқы әрі
универсалды амалы, адамзат санасының қабылдау, ойлау, түсіну, есте сақтау
сынды өзге де когнитивтік құрылымдарымен тығыз қарым-қатынас жасайтын
ажырамас құрамды бөлігі» тұрғысынан қабылдады. Әлемдік тәжірибенің
ұтымды үлгісі ретінде тілші когнитивтік процесте қатар қолданылатын
субъективті–объективті және дара-универсалды қатынастарға тоқталды, сөйтіп,
ішкі лексикон, әлемдік бейне ұғымдарын да осы байланыстардан өрбіте
отырып, олардың тіл мен таным негізін дәлелдейтін бірлігіне және қажеттігіне
назар аударды. Ғалым «Адамның шындықты тануы лингвистика үшін маңызы
зор екі өзгешелікке ие болады: бірін танымдық әрекеттің нәтижелерін тілде
бекіту амалдары құраса; екіншісін бұл әрекеттің қатысым шарттарында жүзеге
асу сипаты айқындайды»,- деп атап көрсетті, сондықтан автор әлемнің бейнесін
сыртқы ортаны танудың әрі болжам мен сенімге негізделетін теориялар мен
тәжірибелердің байланысуының нәтижесі ретінде айғақтады.
Достарыңызбен бөлісу: |