біліміндегі динамикалық қалыптасу мен жүйелі үйлесімділік кезеңдердің қарым-
қатынасын бөлек-бөлек емес, кешенді бірлікте,
шартты жіктеме негізінде
қарастыруға мүмкіндік береді. Мәселен, алғашқы сатыға қарағанда, әрбір келесі
кезең нақты аяқталған нүктеден басталмай, ішкі тұтастықты дәйектей, идеялық
тоғысуды сақтай жалғасқан. Оның себебін жалпы адамзат болмысының ортақ өсу
заңдылықтарынан, тілдік және танымдық универсалий негіздерінің ұштасу
өзгешелігінен әрі тіл атаулының табиғаты мен қызметін айғақтайтын
факторлардан іздеген орынды, өйткені адамның
физиологиялық қабілеті оның
әлеуметтік және психологиялық мүмкіндігінің, танымдық зерделеуінің, мәдени
өркендеуінің бастауын құрайды. Ішкі және сыртқы уәждердің тілдік құралдарды
зерттеуге әсер етуі тілтанымдық ұғымдар мен ұстанымдардың да өзара ұқсас
негізде дамуына ықпал етті, дәлірек айтқанда,
қазақ тілтаным ғылымының
теориялық қалыптасуы, бір жағынан, объективті себептермен айқындалса; екінші
жағынан, субъективті қабылдаудың, зейін қоя бақылау мен аңдаудың,
бағалаудың нәтижесі деп танылады; яғни «ғылыми қауымдастықтардың» (Т.Кун)
ортақ мақсаты мен мүддесі, зерттеу нысандары
мен қол жеткізген нәтижелері
қазақ тіл білімінде когнитивтік парадигмалар мен теориялардың дүниеге келуін
уәждеді.
Достарыңызбен бөлісу: