Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет8/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81
Байланысты:
document (3)

Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Л. Язык – М., 1968, Соссюр Ф.де. Заметки по общей лингвистике – М.:
Прогресс, 2000. – 280 с., 
2. Демьянков В.З. Термин парадигма в обыденном языке и в лингвистике //
Парадигмы научного знания в современной лингвистике: Сб.науч. трудов./
РАН.ИНИОН. Центр гуманит.науч.-информ.исслед. Отд.языкознания; Редкол.:
Кубрякова Е.С., Лузина Л.Г. и др. – М., 2006. – 164 с. – С.15-41.
3. Кубрякова Е.С. Понятие «парадигма» в лингвистике: Введение // Парадигмы
научного знания в современной лингвистике: Сб.науч. трудов./РАН. ИНИОН.
Центр гуманит.науч.-информ.исслед. Отд.языкознания; Редкол.: Кубрякова
Е.С., Лузина Л.Г. и др. – М., 2006. – 164 с. – С.4-15.
4. Оразалиева Э. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма (Филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация) Алматы, 2007
5. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Минск.: Тетра
Системе, 2004. – 225с.
13


№2 дәріс 
Когнитивтік лингвистика – жеке ғылым саласы. Когнитивтік
лингвистиканың зерттелу тарихы
Жоспар:

Когнитивтік лингвистиканың ғылым ретіндегі ерекшелігі

Когнитивтік лингвистиканың зерттелу тарихы
Дәріс тезисі
Тіл таңбаларының «таңбалаушылық» қабілеті олардың сыртқы болмыспен
тікелей қарым-қатынасы нәтижесіндегі фактілер негізінде емес, адами
тәжірибелер негізінде жүзеге асады. Кез келген жаңа ақпаратты игермек болған
индивид оны өз танымы тұрғысынан игереді. 
Ағылшын тілді лингвистикада «когнитивтік грамматикаға» көп көңіл
бөлінсе, Ресейдегі тіл туралы ғылымның басты назары «когнитивтік
семантикаға» бағытталған. Алғашқысында «грамматика» термині кең
мағынасында алынса, соңғысында
семантика
аталмыш зерттеу бағытының
негізгі аспектісі болып танылады. Ал отандық когнитивистикаға аталған екі
сипат та тән деуге болады.
Когнитивтік лингвистиканың түбегейлі мақсаты тіл туралы ғылымдар
жүйесіндегі жаңа пәннің пайда болуымен шектелмейді, ол сондай-ақ, танымдық
механизмнің (эвристика) әдіснамалық өзгерісімен де байланысты болады.
Мұндай іргелі өзгерістерге себеп болған – Н. Хомскийдің
генеративтік
лингвистикасы
, ерекше дамыған
лингвистикалық семантика
мен
мәтін
теориясы
, сондай-ақ, шынайы дискурстағы тілдік бірліктердің құбылу
заңдылығына қызығушылықтың пайда болуы. Осы аталған бағыттар бойынша:
біріншіден,
тілдік фактілерді тілдік емес құбылыстар арқылы тану мақсат болса,
екіншіден,
тілдік фактілер арқылы адамзаттың тілдік қабілетіне қатысты
тылсым заңдылықтардың сырын ашуға ұмтылу әрекетін көреміз. Мәселен,
прагматикалық лингвистика үшін мұндай фактілер негізінде әлеуметтік
контекстегі адам әрекетінің принциптері болса (мұндағы тірек ұғымдар
мақсат, ниет, әрекет шарттары
, т.б.), когнитивтік лингвистикада бағыт
нұсқаушы негіздер қатарына когнитивтік құрылымдар мен адам танымындағы
процестер енеді. Олар: алғаш рет М. Минский ұсынып, кейіннен Ч.
Филлмордың лингвистикаға икемдеуінен пайда болған
фрейм
ұғымы (Л.П.
Крысиннің шетел сөздерінің түсіндірме сөздігіндегі анықтамасы бойынша:
фрейм [<ағыл. frame құрылым, шеңбер> ақп. Адамның болмыс туралы
танымын білдіретін немесе белгілі бір стандарттық жағдайдың ерекшелігі
туралы мәліметтер құрылымы), Дж. Лакофф ұсынған
идеалды когнитивтік
модель
, Р. Джэкендофтың
2S өлшеміндегі жобасы
,
зейіннің жіктелуі
,
семантика-грамматикалық суперкатегориялар
, т.б., Ч. Филлмор мен П. Кэйдің
«конструкциялық грамматикасында» келтірілген көпқырлы кешенді тілдік
конструкциялар; концептуалдық түйін типіндегі когнитивтік операциялар (Р.
Шенк, Ч. Ригер).
Когнитивтік лингвистикаға бет алған алғашқы қадамдар 1970 жылдардың
басында жасалды. Американдық лингвист У. Чейфтің ағылшын тіліндегі
сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі мен интонациялық заңдылығына


қатысты түсініктемелері берілген сериялық еңбектері жарық көрді. Онда тілші
ғалым сөз тіркестерінің грамматикалық сипатына орай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет