адамтану, бірде қоғамтану, бірде елтану міндеттерін шешуге бағытталды, сол
себепті қазақ тіл білімі тарихындағы бұл жылдар «жалпы сипаттама шолудан
жеке мәселелерді тереңінен түсінуге бағытталуымен» дараланды. Оған дәлел
ретінде А.Байтұрсынұлының, Қ.Кемеңгерұлының, Қ.Жұбановтың,
С.Аманжоловтың және т.б. еңбектеріне зер салған орынды, өйткені олардың
әрқайсысы қазақ тілінің мүмкіндігін жаңа арнаға бағыттаумен қатар, жалпы
тілдік құралдардың танымдық сатыларын адамның физиологиялық
болмысымен, шығармашылық қабілетімен, ұлттың халықтық дәстүрімен
байланыстыра білді.
Қазақ тіл білімінде тілге тек құрылымдық ерекшелік ретінде емес, адамзат
болмысының өзгеше бір бөлшегі деп қарау ХХ ғасырдың басында-ақ негізделе
бастады. «Тіл - құрал» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, қазақ
зерттеушілері тілдің әлеуметтік, психологиялық, танымдық қызметтеріне назар
аударды. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры...» деген
А.Байтұрсынұлының пікірі де сол маңызды бастаманың алғышарты болды.
Тілші 1914 ж. Орынборда шыққан еңбегін «Тіл - құрал» деп атай отырып,
атаудың алғашында өзгелерге қаншалықты жат естілсе де, болашақта
соншалықты маңызды болатындығын ерекше сеніммен ескертті.
«Тіл құрал деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай
жат көрінер, үйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат...» деген автор
сөздері соған айғақ. А.Байтұрсынұлы - қазақ тілін өз алдына оқшауланып
тұрған, бір халықтың игілігіне ғана қызмет ететін қазына ретінде ғана емес, тіл
туралы ғылымның іргелі бір тармағы есебінде, жалпыадамзаттық құндылықтың
жүйелі көрсеткіші сияқты зерттеу керектігін алғаш дәлелдеген ғалымдардың
бірі. Тілші Р.Сыздықова бұл еңбекке «...қазақ мәдениетінде бұрын болмаған
соны құбылыс» деп жоғары баға берді. Тек қазақ тіл біліміне ғана емес, «қазақ
мәдениетіне» қосылған зор үлес тұрғысынан бағаланған бұл зерттеудің жалпы
танымдық, этнографиялық, ұлттық-мәдени өзгешелігі ерекше, сол себепті
автор ойын «Кітап бетінің төменгі тұсындағы сілтемеде хат таныту жолы
көрсетіліп, сабақ әдісі қоса беріледі. Барлық әріптерді өтіп болған соң,
танымдық материалдар ұсыналады» деп жалғастырды. Таным көзін құраған
сөздердің «туысқан-туған іліктес» деген тақырыпта,...киімдердің, ойындар мен
ойыншықтардың т.б. атаулары» түрінде топталып берілгенін де тілші асқан
көрегендікпен ескертті. Тілдік материалдар сол кездің өзінде таза теориялық
қағидаларға ғана емес, идеялық-рухани тәрбиеге де, халықтық дүниетанымға да
арқау болған. Ғалым бастауыш мектептерден бастап, оқушыларға тілді үйрету
аз, тілді таныту қажет деп есептеді. Еңбегінің жазылу мақсатын да автор өзгеше
зейінмен баяндады: «Бұл әліп-би кітабы жаңа әдіске көшу жүзіндегі көңіл тілегі
мен қол қысқалығын бір-біріне жанастырып жақындату шарасын табу түрде
шығарылып тұр. Үйрету жағынан «дыбыс әдісі» мен «тұтас оқу» әдісінің
екеуіне бірдей жарарлығы көзделді. Мазмұн жағынан қазақ жағдайына
жанастырылып, жаңа програмша болуы көзделді».
Халық қабылдауына жақындатылып, түсінік-пайымдауына негізделіп
жазылған бұл еңбек,
Достарыңызбен бөлісу: