Пайдаланған әдебиеттер:
1. Лузина Л.Г. О когнитивно-дискурсивной парадигме лингвистического
знания // Парадигмы научного знания в современной лингвистике: Сб.науч.
трудов./РАН.
ИНИОН.
Центр
гуманит.науч.-информ.исслед.
19
Отд.языкознания; Редкол.: Кубрякова Е.С., Лузина Л.Г. и др. – М., 2006. –
164 с. – С. 41-49.
2. Кубрякова Е.С. Язык и знание: На пути получения знаний о языке: Части
речи с когнитивной точки зрения. Роль языка в познании мира – М., 2004. –
560 с.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999. -581 б.
9 Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері – Алматы: Рауан, 1991. – 256
4. Андерсон Джон Р. Когнитивная психология. 5-ое издание – М., СПб.,
Нижний Новгород. Воронеж. Ростов-на-Дону. Екатеринбург. Самара. Киев.
Харьков. Минск: Питер, 2002. – 496 с.
5. Оразалиева Э. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма (Филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация) Алматы, 2007
6. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Минск.: Тетра
Системе, 2004. – 225с.
7. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г., Краткий
словарь когнитивных терминов / Под общей ред. Е.С.Кубряковой. – М.:
Наука., 1996. – 340 с.
№3 дәріс
Когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Жоспар:
Когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік зерттеулер
Дәріс тезисі
ХХ ғасырдың алғашқы жартысын қамтыған тілдік зерттеулер «...қазақ
лингвистикасының тармақталып, молырақ көлемде көріне бастаған»
[ ізденістерін құрай отырып, маңызды тілтанымдық тұжырымдардың да
қалыптасуына ықпал етті. «Жиырмасыншы жылдар кеңес дәуіріндегі қазақ тіл
білімі дамуының әрі дайындық кезеңін, әрі аса маңызды қалыптасу кезеңін
қамтыды»,- деп белгілі ғалым І.Кеңесбаев атап өткендей, «тіл тану» ұғымының
қолданысқа ене бастауымен ерекшеленетін бұл кезең қазақ тіл біліміндегі
танымдық бағыттың қалыптасуын өзектеумен қатар, тілдік мәселелердің кең
көлемде әдеби, пәлсапалық, логикалық ұстанымдарды айқындауға қатыса
алатындығын дәлелдеді. Алғашқы бастамасын А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров,
Қ.Кемеңгерұлы сынды тілшілердің еңбектері құраған қазақ тілінің зерттелу
бағыты кейін Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Х.Басымов, Г.Бегалиев, С.Жиенбаев
және т.б. ғалымдардың жұмыстарында жалғасын тапты. Филологиялық
мәселелерді әдіснамалық негізде және пәнаралық байланыстарға сүйене
отырып шешуге тырысқан тілші-ғалымдар тілдік фактілерді адам болмысын,
оның физиологиялық, психологиялық табиғатын пайымдап түсіндіруге
мүмкіндік беретін амалдар тізбегі деп қарастырды. Адамзат атаулына тән әрі
тіл мен ойлау арақатынасынан бастау алатын зейін қою, жадыда сақтау,
елестету, қиялдау, шығармашылық деңгейді таныту, образды түрде қабылдау
20
әрекеттерінің барлығын тіл табиғаты мен қызметін анықтайтын мәселелер
қатарына жатқызған зерттеушілер лингвистикалық ізденістердің өзгеше мақсат-
міндетін сұрыптады. Оның себебін екі жақты факторлардың әсерімен уәждеген
дұрыс. Біріншіден, субъективті негізде; екіншіден, объективті жағдайларға
сүйене отырып. «Біздің денеміз бейнелерді, дыбыстарды, иістерді қабылдайтын
және оны физикалық байланысқа түсіретін құрылғыларға толы. Миллиардтаған
нейрондар сенсорлық хабарларды өңдеп, нәтижелерін ми орталығына
жеткізеді»,- деп психолог Джон Р.Андерсон атап өткендей, кез келген ой
түйінінің астарында адамның табиғи қабілеті, жан-жақты тану әрекеті
жататындықтан, тілтанымдық тұжырымдардың да негізін алдымен адамның
субъективті болмысын қоршаған әлем заңдылықтарымен байланыстырар
себептер құрады. Олар жекеленген тұлғалардың есту, көру қабілеттерінен
бастау алатын адамның ойлау, саралау, пайымдау, талдау мүмкіндіктерін
танытар ерекшеліктерге негізделді, өйткені екі жақты кодтау теориясын
дамытушы А.Паивионың айтуына қарағанда, адам хабарды, заттар мен
құбылыстарды қабылдап ұғынғанда, екі түрлі процесті ескеру керек – көзбен
көруді және вербалды немесе тілдік амалдармен бекітуді. Олай болса,
субъективті факторларға ғалымдардың қабілеті, мүмкіндігі, ішкі сезімі, өзіндік
дүниетанымы, біліп-тану дәрежесі жатқызылса; объективті себептерді
төмендегідей мәселелермен айқындау қажет, яғни «тілтану» ұғымының күн
тәртібіне енуін:
ғылымдар тоғысын құраған алғашқы кезеңдердің өзара сабақтасқан
сипатымен түсіндірілетін ұғымдық синкретизмнің әсері арқылы;
таным нысанын құрайтын заттар мен құбылыстардың универсалды
табиғаты негізінде;
«қазақ тілінің терең де жан-жақты зерттелуі, әсіресе, отызыншы
жылдарда кең өріс ала бастады, өйткені осы кездерде республикада
жоғарғы оқу орнын ашу мәселесі қарала бастады, кейін жекеленген
салалар бойынша қол жеткізген жетістіктердің дені 1936 жылғы Ұлттық
мәдениет институтының КСРО Ғылымдар академиясының Қазақстандық
базасымен бірігуінен кейін аңғарыла бастады»,-деп ғалым І.Кеңесбаев
тұжырымдағандай, Қазақстанның ішкі қоғамдық өмірі мен ғылымдағы
ізденістерін ғылыми танымға негіздеу қажеттілігімен;
қазақ тілінің ғылыми негізде қалыптасуының жалпы теориялық
ілімдердің дамуымен қатарласа жүзеге асуымен;
алғашқы қазақ зерттеушілерінің Ресей лингвистикалық мектебінде дәріс
ала отырып, өз ана тілін өзге тілдермен салыстыра-салғастыру
мүмкіндігіне ие болуымен; яғни жеке және жалпы тіл білімі
проблемаларының тығыз байланыста зерделенуімен;
тіл философиясы ұстанымдарының үстем болуымен, соның арқасында
тілдік заңдылықтардың пәлсапа, этнография қағидаттарымен ұштасу
мүмкіндігіне ие болуымен нақтылауға болады.
Аталмыш проблемалардың ұштасуы негізінде қазақ тіл білімінде
алғашқы танымдық тұжырымдар жасалып, лингвистикалық деректер бірде
21
адамтану, бірде қоғамтану, бірде елтану міндеттерін шешуге бағытталды, сол
себепті қазақ тіл білімі тарихындағы бұл жылдар «жалпы сипаттама шолудан
жеке мәселелерді тереңінен түсінуге бағытталуымен» дараланды. Оған дәлел
ретінде А.Байтұрсынұлының, Қ.Кемеңгерұлының, Қ.Жұбановтың,
С.Аманжоловтың және т.б. еңбектеріне зер салған орынды, өйткені олардың
әрқайсысы қазақ тілінің мүмкіндігін жаңа арнаға бағыттаумен қатар, жалпы
тілдік құралдардың танымдық сатыларын адамның физиологиялық
болмысымен, шығармашылық қабілетімен, ұлттың халықтық дәстүрімен
байланыстыра білді.
Қазақ тіл білімінде тілге тек құрылымдық ерекшелік ретінде емес, адамзат
болмысының өзгеше бір бөлшегі деп қарау ХХ ғасырдың басында-ақ негізделе
бастады. «Тіл - құрал» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, қазақ
зерттеушілері тілдің әлеуметтік, психологиялық, танымдық қызметтеріне назар
аударды. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры...» деген
А.Байтұрсынұлының пікірі де сол маңызды бастаманың алғышарты болды.
Тілші 1914 ж. Орынборда шыққан еңбегін «Тіл - құрал» деп атай отырып,
атаудың алғашында өзгелерге қаншалықты жат естілсе де, болашақта
соншалықты маңызды болатындығын ерекше сеніммен ескертті.
«Тіл құрал деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай
жат көрінер, үйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат...» деген автор
сөздері соған айғақ. А.Байтұрсынұлы - қазақ тілін өз алдына оқшауланып
тұрған, бір халықтың игілігіне ғана қызмет ететін қазына ретінде ғана емес, тіл
туралы ғылымның іргелі бір тармағы есебінде, жалпыадамзаттық құндылықтың
жүйелі көрсеткіші сияқты зерттеу керектігін алғаш дәлелдеген ғалымдардың
бірі. Тілші Р.Сыздықова бұл еңбекке «...қазақ мәдениетінде бұрын болмаған
соны құбылыс» деп жоғары баға берді. Тек қазақ тіл біліміне ғана емес, «қазақ
мәдениетіне» қосылған зор үлес тұрғысынан бағаланған бұл зерттеудің жалпы
танымдық, этнографиялық, ұлттық-мәдени өзгешелігі ерекше, сол себепті
автор ойын «Кітап бетінің төменгі тұсындағы сілтемеде хат таныту жолы
көрсетіліп, сабақ әдісі қоса беріледі. Барлық әріптерді өтіп болған соң,
танымдық материалдар ұсыналады» деп жалғастырды. Таным көзін құраған
сөздердің «туысқан-туған іліктес» деген тақырыпта,...киімдердің, ойындар мен
ойыншықтардың т.б. атаулары» түрінде топталып берілгенін де тілші асқан
көрегендікпен ескертті. Тілдік материалдар сол кездің өзінде таза теориялық
қағидаларға ғана емес, идеялық-рухани тәрбиеге де, халықтық дүниетанымға да
арқау болған. Ғалым бастауыш мектептерден бастап, оқушыларға тілді үйрету
аз, тілді таныту қажет деп есептеді. Еңбегінің жазылу мақсатын да автор өзгеше
зейінмен баяндады: «Бұл әліп-би кітабы жаңа әдіске көшу жүзіндегі көңіл тілегі
мен қол қысқалығын бір-біріне жанастырып жақындату шарасын табу түрде
шығарылып тұр. Үйрету жағынан «дыбыс әдісі» мен «тұтас оқу» әдісінің
екеуіне бірдей жарарлығы көзделді. Мазмұн жағынан қазақ жағдайына
жанастырылып, жаңа програмша болуы көзделді».
Халық қабылдауына жақындатылып, түсінік-пайымдауына негізделіп
жазылған бұл еңбек,
Достарыңызбен бөлісу: |