болашақта әзірлік кезеңі, қалана бастаған ірге тасы еді” деген тұжырымға келген
болатын. Әрине олар “… тиіп-қашпа, терең қарамаған,
сорайып тұрған
мүйістерін ғана қалпыған нәрселер” болғанына қарамастан, Н.Ильминский,
П.М.Мелиоранский, М.Терентьев, В.В.Радлов сынды ғалымдардың зерттеулеріне
сүйене алғаш рет қазақ тілінің ғажайып мүмкіндіктері, тазалығы, шешендік өнері
сөз болып, халық қазынасы жоғары бағаға ие болды, сондықтан болар өзгелерге
қарағанда дамуын кенжелеу бастаған қазақ тіл ғылымы ХХ ғасырдың бас
кезінен-ақ тілдің құрылымдық-жүйелік ерекшеліктерін, сөзжасамдық қабілетін,
ұғымдық аясын кеңейте зерттеуге бет алды. „...үстіміздегі ғасырдың басынан
бастап, қазақ тілін зерттеуге орыс түркологтарының бірде-бірі араласқан жоқ.
Араласпау себебі, олардан аспаса кем түспейтін А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов
сияқты ұлт кадрлары болды. Бұл – мақтанғандық емес, ақиқат шындық...”
делінгендей, қазақ тіл білімі маңызды лингвистикалық мәселелерді жалпы
теориялық және жеке тілдік негізде саралай отырып,
аса құнды тұжырымдар
жасауда, ана тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік әрі этно-мәдени мүмкіндігін
дәйектеп көрсетуде үлкен жетістіктерге жетті. Сол кездің өзінде қазақ
зерттеушілері жеке тілдік фактілермен ғана шектелмей, “тіл философиясының”
маңызды мәселелеріне назар аударды, лингвистиканың ғылымаралық
„потенциалын” нысанаға алып, адамзат тілінің табиғи болмысын өзге
құбылыстармен байланыста зерделеуге тырысты. „...ескіні миллиондаған адам
баласының миы, ойы жасаған
”
Аманжолов тұжырымына сай, жеке тұлғалардың
дүниетанымы адамзат тілін универсалды немесе әмбебап құрал ретінде
қабылдауға мүмкіндік беріп, тіл білімі нақтыланған, бір жүйеге түскен
теориялық бағыттар тоғысында ғана емес, сол теориялардың дамуына түрткі
болған, солардың бастамасын құраған ғылымның
ішкі рефлекстік негіздерін
талдау арқылы да зерттеле бастады. Ішкі ғылыми рефлекстердің қалыптасуы
объективті және субъективті уәждерден туындайтын диалектикалық дамудың
нәтижесі болып табылса, ғылыми ұстанымдардың негізінде қоғам, заман, уақыт
сияқты өлшемдер мен зерттеушінің жеке танымдық, логикалық, пәлсапалық
пайымдары көрініс табары хақ. Ғылымның ішкі заңдылықтарын дәйектеуге
бағытталған авторефлекстік принциптер, яғни зерттеушінің жеке тұжырымдары,
екі түрлі амалдың үйлесімді сабақтасуымен түсіндірілер мүмкіндіктерге ие
болады. Олар :
ғылымның онтологиялық негіздерінен жоғары тұратын пәлсапалық
рефлекстер арқылы тануға негізделген ерекшеліктер деп;
тілшінің ғылыми мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруға көмектесетін
логика-методологиялық рефлекстер арқылы пайымдауға сүйенетін
заңдылықтар, яғни кез келген ізденушінің ғылыми көзқарасын интра-
және экстратанымдық
факторлардың әсерімен, нақты ғылыми дәстүрдің
ықпалымен дамыта талдау ретінде қарыстырылу.
Тілдік тұжырымдарды зерттеу барысында жоғарыда аталған екі ерекшелік те
ғылыми-теориялық негізде қолданысқа енсе, онда ғылыми таным арқылы
белгілі бір зерттеушінің ғылыми мұрасын талдап жүйелеу міндетін де жан-жақты
жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда дәйекті талдаулар өзара тығыз байланысқан
10
екі кезең арқылы сұрыпталады. Нәтижесінде авторлық бейне мен оның идеялық
тұлғасы келер ұрпақ санасында тиісті бағасын ала алады. Ендеше:
тұжырымды ұғып түсіну ;
оны логикалық амалдар негізінде талдап анықтау бағыттарының өз
деңгейінде ұйымдастырылуы аса маңызды болғандықтан, лингвистикалық
фактілер нақты ғылыми мәтіндермен айғақтала берілгені абзал, яғни
тұжырымды дұрыс қабылдаудың өзегі ретінде мәтінмен тиянақты жұмыс істеу,
оның идеялық мазмұнын түсіну нормалары басшылыққа алынады. Ғалымдар
мәтінді түсіне білудің төмендегідей деңгейлерін ұсынады:
мәтін арқылы
берілетін хабарға мән беру;
логикалық түсінудің шарттары мен жағдайларын есте сақтау;
ұғымдардың жалпы логикалық әлемін негізге алу;
автор өмір сүрген дәуірдегі [кезеңдегі] мәдени-рухани сабақтастылық
мәселесіне ерекше көңіл бөлу.
Белгілі бір лингвистикалық тұжырымды түсінуді, оның ішкі идеялық
мазмұнын ұғынуды мақсат еткен алғашқы кезең де, ең алдымен, мәтінмен
жұмыстың жолға қойылуынан басталады. Оның ерекшелігі - автордың
пікірлеріне саналы түрде баға беру, айтар ойына тереңірек үңілу, сол арқылы
ғылыми дәйектелген тұжырымға жол ашу. Бұл ретте пәлсапалық герменевтика
проблемаларын зерттеген П.П.Гайденконың: «егер
данышпан шығармасында
саналы бастауға қарағанда ішкі сезімталдылық басым түсетін болса, зерттеуші
шығармасында, керісінше, саналы ой-пікірлер бірінші кезекке қойылуы керек...»
деген пікіріне жүгінер болсақ, екі жақты дамып отыратын өзге қатысымдық
жағдайларға қарағанда, герменевтикалық жағдайда тек бір жақты процесс
байқалады, себебі әр басқа тарихи-қоғамдық кезеңдерде өмір сүретін автор мен
зерттеушінің өзара араласуы не пікір алмасуы мүмкін емес. Тұжырымның авторы
мен оны зерттеуші әр кезеңнің өкілдері болғандықтан, олардың байланысу
мүмкіндіктері логикалық немесе логикадан тыс дамитын пайымдарға, толық яки
жекеленген қабылдау формаларына негізделе ұштасады. Толық қабылдаудың
негізгі түйіні логикамен сабақтасса, қосымша реңктері эмоционалды көңіл-күйге,
ішкі дауысқа, сезу қабілетіне байланысты болады. Бір жақты қабылдау кезінде
зерттеуші автордың ішкі ұғымдық кеңістігіне бойлай, оның мазмұндық, идеялық
пәлсапасымен тұтаса, жеке субъективті ерекшелігін сезіне әрекет етеді. Ол үшін,
«... олар ортақ қасиеттерге ие болу керек. Ондай бастамаға негіз ретінде олардың
ортақ логикалық әлемі немесе адамзаттық ақыл-ойы алынады...»,- деп В.фон
Гумбольдт тұжырымдарын зерттеуші В.И.Постовалова атап көрсеткендей, автор
мен іздеушіні
байланыстыратын ортақ канондар, логикалық ұғымдар
қабылдауды жеңілдетіп, маңызды қағидаларды тереңінен түсініп талдауға
мүмкіндік береді.
Екінші кезең ғылыми тұжырымның идеялық мазмұнын ашуға, оның
құндылығын, өзектілігін айғақтауға бағытталады. Бұл кезде зерттеу нысанын
құраған тұжырымдарды лингво-танымдық тұрғыдан дәл түсіну үшін, ғылыми
ізденістердің бағытын, олардың логика-әдіснамалық құралдарын жүйелеу қажет
болады, сол себепті аталмыш кезеңде жалпы болжамдар нақты фактілермен
11