Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет12/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
document (3)

ең алдымен,
жазылған деректердің
мақсат-міндетімен айғақталса;
екіншіден
, олардың тақырыптық-идеялық
нысанымен, статистикалық мәліметтерімен және маңызды ұсыныстарымен
нақтыланды. Терең білімі өмірлік тәжірибесіне, көрген-білгені түйгеніне
ұласқан Қ.Кемеңгерұлының қаламына арқау еткен мәселелері өрісінің
кеңдігімен, талдауының жүйелілігімен, ойының үйлесімділігімен дараланды,
сондықтан «ғалымның тілтанымдық мұрасын» жан-жақты зерделеп көрсету
үшін О.Жұбаева екі түрлі кезеңнің жіктемесін ұсынды. Олар «Қ.Кемеңгерұлына
дейінгі кезең» және «Қ.Кемеңгерұлынан кейінгі кезең» деп аталды.
«...ғалымның тіл білімінің дамуына қосқан үлесін зерделеу, түптеп келгенде,
ғылымның тарихын зерделеу болып табылады. Қай ғалымның да белгілі бір ой-
тұжырымдарының кейінгі ғалымдарда жалғасын табуы немесе үзіліп қалуы –
заңды құбылыс» деген пікір негізінде зерттеуші қазақ лингвистикасындағы
сабақтастық мәселесін дәйектеді, ал тарих төрінен алар жазбаларды сол
байланыстың ажырамас бөлшегі деп айқындады, яғни Қ.Кемеңгерұлының өз
сөзіне жүгінсек, «...қазақ тұрмысына тарихи көз салу шарт. Өйткені қазіргі
24


тұрмыстың шаруа, мәдени, рухани жағы болсын - өткен тұрмыстан қалып
отырған мұра...» .
«Қазақ тіл білімінің дүниеге келуі мен оның қалыптасуын ауызға алғанда
бар өмірін, күш-жігерін отандық ғылымға сарп еткен жандардың есімін зор ізет,
құрметпен еске аламыз. Осындай есімдердің бірі – 20-30 жылдарда қазақ
филологиясы саласында табысты еңбек еткен профессор Құдайберген Қуанұлы
Жұбанов болатын..,», - деп кезінде академик І.Кеңесбаев атап көрсеткендей,
қазақ тіл білімінің даму, жүйелену тарихында ерекше орын алар келесі
тұлғалардың бірі – Қ.Жұбанов. Ғалымның зерттеулері арқылы дәстүрлі қазақ
тіл білімінің маңызды мәселелерімен қатар, «жалпы тіл тану» жүйесінің аса
құнды деректерін негіздеуге болады. «Құдайберген Қуанұлының ғылымдағы
құлашының кеңдігі мен ойының тереңдігі «Қазақ тілі грамматикасы» мен
«фонетикасынан», «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты еңбектерінен анық
көрінеді» деген ғалым Т.Жанұзақов пікіріне сүйенер болсақ, Қ.Жұбанов
алғашқылар қатарында тек жаңа терминді ғылыми айналымға ұсынып қана
қойған жоқ, сол сияқты ХІХ-ХХ ғғ. есімдері ғылыми көпшілікке танымал
болған зерттеушілердің концепцияларына жан-жақты талдау жасай келе, қазақ
тіл білімінің тың бағытта дамуын өзектеді. Ол үшін жекеленген тұлғалардың
тұжырымдарын ой таразысынан өткізе отырып, тіл табиғаты, қызметі,
жалпыадамзаттық ерекшелігі, өзге құбылыстармен байланысы туралы соны
пікірлер айтты. Жеке тіл білімімен үзеңгілес тұратын, өзіндік нысаны, әдіс-
тәсілдері, тілдік заңдылықтары бар жалпы «тіл ғылымының» даму бағытын
айқындаған тілші өзге тілдер қатарында қазақ тілінің де тілдік универсалий
мәселесін сұрыптауға, ортақ лингвистикалық ұстанымдарды анықтауға үлес
қосар мүмкіндіктерін, заңдылықтары мен қағидаларын ерекше атап өтті. «Қазақ
тілі ғылымын бір адам ғана жасай алмайды, бір мезгілде ғана ол жасалмайды.
Бұл - көп күш, көп қол, көп уақыт керек қылады. Алдарыңызға тартылып
отырған «лекциялар» осы жолға тамшыдай да болса пайдасы тимес пе екен
деген бір тәжірибе ғана. Солай да болса мұны ғылыми курс деп атадық.
Өйткені мұндағы жазылғандар 5 жылдан бері қазақ тілін, оқыған жақын
тілдерді, жалпы тіл ғылымы жүйесін тексерген жұмыстарымның
жалпылаңқырап алынған, популяр [жария] түрде тізілген ғана бір
қорытындысы еді» ,- дей отырып, ғалым қазақ, орыс, неміс, қытай, қырғыз,
өзбек тілдерінің фактілері арқылы тіл білімінің мақсатын, пайда болу, даму
ерекшелігін сипаттап берді. Зерттеушінің әр еңбегі теориялық тұжырымдарға
негізделе әрі әлемдік лингвистика тәжірибесіндегі қазақ тіл ғылымының өзіндік
сипатын айқындай дүниеге келгендіктен, оларды “жалпы тілтану” жүйесін
дамытушы маңызды бастау деп бағалаған орынды. Қ.Жұбановтың 1966 ж.
тұңғыш рет, ал 1999 ж. екінші қайтара жарық көрген “Қазақ тілі жөніндегі
зерттеулері” мазмұны мен маңыздылығы жағынан алуан түрлі тілдік
проблемалардың басын тоғыстырған ғылыми жұмыс болып есептеледі. Атап
өтсек, бір еңбектің көлемінде:

қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық мәселелері;
25



барлық тілдерге ортақ типологиялық, лингвистикалық универсалийлер
мен ерекшеліктерді сабақтастырған, жалпы тіл білімі мен оның әр түрлі
салаларын қамтыған терең тұжырымдары;

шығыс елдерінің танымын, пәлсапасын, мәдениеті мен өнерін талдап
көрсеткен құнды деректер;

әдіснаманың маңызды түйіндері;

терминжасамның басты принциптері баяндалады.
Қазақ тілінің құрылымдық-жүйелік ерекшелігін талдаудан бастау алған
аталмыш еңбек күні бүгінге дейін қайталанбас зерттеулер үлгісін құрап отыр,
өйткені,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет