Ақмола облысы білім басқармасы
«Облыстық оқу - әдістемелік кабинеті» КММ-нің
2018 жылғы «12» қаңтардағы
№10 бұйрығына
3-қосымша
ШЖМ біріктірілген сынып – топтарында пән бойынша «Үздік сабақ» облыстық сырттай байқау туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Осы байқау ШЖМ біріктірілген сынып – топтарында сабақ өткізудің ерекшелігі мен проблемаларына назар аударуға шақырады.
2. Байқаудың мақсаты:
2.1. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ біріктірілген сынып – топтары мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
2.2.Байқаудың міндеттері:
- біріктірілген сынып – топтарда қысқа мерзімді сабақ жоспарларын әзірлеуде тәжірибемен алмасу;
- ШЖМ сабақтарында педагогикалық технологияларды қолдану;
- біріктірілген сынып – топтарда пән мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибесі анықтау;
- біріктірілген сынып – топтарда ШЖМ мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспарлар жинағын құру (электрондық және баспа түрінде).
3. Байқауға басшылық ету:
3.1. Байқауға ұйымдастыру комитеті басшылық етеді;
3.2. Ұйымдастыру комитеті байқау қатысушыларына кеңес береді, комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
3.3. Байқауды ұйымдастырушылар егер жұмыстар шарттарға сәйкес келмесе немесе белгіленген мерзімнен кеш берілсе ұсынылған жұмыстарды қабылдамауға құқылы.
4. Байқауға қатысушылар:
4.1. Байқауға Ақмола облысы ШЖМ жалпы білім беретін мұғалімдері қатыса алады.
5.Байқауға қатысу шарттары
5.1.Байқауға қатысу үшін өтінімді және әдістемелік сабақ әзірлемесін ұсыну қажет. (1, 2 нысанды қарау)
6.байқауды өткізу тәртібі:
- Байқау екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең – аудандық. Өткізу мерзімі 2018 жылғы 15 қаңтар – 28 ақпан;
2 кезең – облыстық. Өткізу мерзімі 2018 жылғы 1 наурыз – 30 наурыз;
- Өтініштерді және байқау материалдарын қабылдау 2018 жылғы 1 наурыздан - 10 наурызға дейін;
- Байқаудың сараптама жұмысы 2018 жылғы 15 - 24 наурыз;
- Байқауды қорытындылау 2018 жылғы 27 - 31 наурыз.
Міндетті талаптар:
- сабақ әзірлемесінің электронды нұсқасы дискте;
- мәтіндік нұсқасы іс қағаздары папкасында;
- өтініш - сауалнама umk_uo@mail.ru электронды пошта арқылы «ШЖМ байқауы» белгісімен және қағаз түрінде ұсынылады.
7. Сабаққа қойылатын талаптар:
7.1. Сабақ әзірлемесі сабақ тиімділігінің критерийлеріне сай болуы тиіс және біріктірілген сынып – топтар үшін егжей-тегжейлі әзірленген болуы тиіс. 1 нысанды қарау.
7.2. Сабақ тиімділігін бағалау критерийлері:
- сабақтарда қалыптасатын құзіреттіліктер анықталған (тіркелген);
- сабақтардың құрылымы сабақтардың типтеріне сәйкес келеді;
- оқу материалының өзара байланысы;
- ШЖМ педагогикалық технологияларды қолдану;
- сабақтың әрбір кезеңінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша таңдалған әдістер мен тәсілдердің тиімділігі;
- сабақта саралап оқыту;
- бақылау жүргізу және өзін-өзі тексеру;
- формативті бағалау;
- сабақтары қорытындылау;
- үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқаулық.
8. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар
8.1. Байқауға ұсынылатын жұмыстар қазақ, орыс тілдерінде редактордың MS Word форматында орындалады. Мәтіндік редактор өлшемдері: жоғары, төменгі жағы – 2.0 см, сол жағы – 3.0 см, оң жағы 1.5 см, Times New Roman шрифтімен, биіктігі-14, жоларалық интервал – 1,0; ені бойынша тегістеу. Көлемі 5 беттен аспауы тиіс.
9. Сараптама жүргізудің тәртібі және байқауды қорытындылау:
9.1. Сабақтарды сараптау сарапшылық кеңеспен жүргізіледі.
9.2. Қазылар алқасы бір 1 орын, екі 2 орын, үш 3 орын, 3 номинация бойынша: «ШЖМ бастауыш біріктірілген сынып – топтарда Үздік сабақ», «ШЖМ бастауыш біріктірілген сынып – топтарда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Үздік сабақ», «ШЖМ бастауыш біріктірілген сынып – топтарда жаратылыстану – математикалық бағыттағы» жеңімпаздарды анықтайды.
9.3. Критерийлердің әрбір тармағы бойынша 0-ден 5-ке дейін баллдар қойылады:
0 – материалдар критерийлерге мүлдем сай емес;
1 – материалдар критерийлерге аз шамада сәйкес;
2 – материалдар критерийлерге көбінесе сәйкес;
3 - материалдар критерийлерге жоғары дәрежеде сәйкес, бірақ толық емес;
4 – материалдар критерийлерге жоғары дәрежеде сәйкес;
5 - материалдар критерийлерге толық сәйкес;
9.4. Жеңімпаздар жинаған ұпай жиынтығы бойынша анықталады: бір бірінші орын, екі екінші орын, үш үшінші орын, үш номинация.
9.5. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен ынталандырылады:
1 орын – 30 000 теңге
2-орын – 25 000 теңге
3 орын - 20 000 теңге
Номинациясы бойынша – 10 000 теңге
9.6. Үздік қысқа мерзімді жоспарлар жинаққа енеді.
1 нысан
Қысқа мерзімді жоспарды ресімдеу бойынша ұсынымдар
1. Титул парағы:
Ауданның және білім беру ұйымының атауы
Пәндер
Сыныптар
Мұғалімнің аты-жөні
2. Сабақ жоспары:
Сабақтың қысқа мерзімді жоспарында біріктірілген сыныптар үшін сабақты ұйымдастыру және өткізу келесі схемаға сәйкес құрылады.
Сабақтың қысқа мерзімді жоспарының үлгісі бөлімдер бойынша Ы.Алтынсарин атындағы академияның әдістемелік – нұсқаулық хатына сәйкес. Сабақтың құрылымын мұғалім жеке өзі құрады.
1. Кіріктірілген бөлім.
Мотивациялық-мақсаттық кезең.
Мақсаттарға қол жеткізу (оқыту және сабақ мақсаттарының байланысы, сабақтың мақсаттарын талқылау, сабақ мақсаттарының орындалуын қорытындылау);
- Сабақта толассыз тақырыптар көрінісі;
- Сабақтың мақсаттарына қол жеткізу тапсырмаларын бағдарлау;
- Блум таксономиясына сәйкес тапсырмаларды іріктеу және жоспарлау;
- Тапсырмалар нұсқаулықтарын түсінуді тексеру;
- Ресурстар (жас ерекшеліктерін ескере отырып көрнекі материалдарды пайдалану)
Екі сыныпта қатар жүргізіледі.
|
1. Сараланған бөлім
Операциялық-әрекеттік кезең.
- Саралау (Блум таксономиясы негізінде оқытудың мақсаты, критерийлері мен тапсырмалар);
- Нәтиже;
- Оқушыларды топтастыру, топтағы рөлі:
- Деңгейлік сұрақтар;
- Оқытудың интерактивтік және ойын әдістерін қолдану;
- Тиімді студенттердің өзіндік жұмысы
Әр сыныппен жеке жұмыс.
|
Оқушының өзіндік жұмысы
|
Мұғалімнің нұсқаулығымен орындалатын тапсырмалар.
|
Мұғалімнің нұсқаулығымен орындалатын тапсырмалар.
|
Оқушының өзіндік жұмысы
|
1. Кіріктірілген бөлім.
Рефлексивті - бағалау кезеңі.
- формативті бағалауды қолдану (мұғалімді қолдау);
- оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру;
- тиімді сұрақтар қою;
- өзара бағалау, өзін-өзі бағалау;
- оқушылардың рефлексиясы
Екі сыныпта қатар жүргізіледі.
|
Сабаққа қосымша (мәтіндік тапсырмалар, слайд презентациялар және т. б.)
2 нысан
«ШЖМ біріктірілген сынып – топтарында пән бойынша Үздік сабақ» облыстық сырттай байқауға қатысуға
ӨТІНІМ
1
|
Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)
|
|
2
|
Санаты
|
|
3
|
Лауазымы
(толық, қысқартусыз)
|
|
4
|
Ұсынатын ұйым, қала/аудан, облыс (қысқартусыз)
|
|
5
|
Еңбек өтілі
|
|
6
|
Ұсынылған сабақтың тақырыбы, сынып
|
|
7.
|
Аннотация
|
|
8.
|
Байланыс телефондары
|
|
9
|
E-mail
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |