Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет45/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
Байланысты:
document (3)

Бақылау сұрақтары
1.Когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл білімінде зерттелуіне қатысты не
білесіз?
2.Когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көріністері қандай
деңгейде болды?
3.Ұлы ағартушылардың адамзат ойы мен таным процестері туралы
көзқарастыры қандай болды?
Глоссарий:

адам
- белгілі бір психо-физиологиялық ерекшеліктер жиынтығы,
табиғатынан ойлы, пәлсапалы мүмкіндіктер орталығы болып табылатын,
сан қилы маңызды әрекеттер тоғысын құрайтын жаратылыс иесі;

адамның ойлауы -
тіл арқылы материалдық жамылғышқа оранатын,
объективті шындықты көрсететін ерекшелік (К.Аханов);

ақыл ісі –
аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып райлау
(А.Байтұрсынұлы);

адамның санасы
фотография (сүгірет машинасы) емес, нәрсенің тұрпатын
ғана
 
түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп адамның санасына түскенде,
адамның ойын да, көңілін де бірдей оятатын құбылыс (А.Байтұрсынұлы);

алғашқы атау
- тілдік ұжымға тән танымдық-бейнелегіш қызметтің
нәтижесі (К.Хусаинов);

ана тілі - 
халқымыздың қалт етпес, қатынас құралы ғана емес, ой-сананың,
сезім талғамының, ілім-білім аңысының ұлттық зор белесі (І.Кеңесбаев);

ап[п]ерцепция
- бұрыннан белгілі ой арқылы жаңа ойдың айтылуы
(Н.Сауранбаев);

ассоциация
дегеніміз – адамның екі түрлі ұғымдарды немесе құбылыстарды
бір-бірімен байланыстыру әрекетінің жемісі;
№1 тапсырма. 
Тақырып бойынша ауызша мазмұндаңыз

№2 тапсырма.
Жоғарыдағы глоссарий ретіндегі терминдерге өз
тарапыңыздан анықтама беріп көріңіз, оны негіздеңіз.
№3 тапсырма.
Келтірілген тақырыптар бойынша хабарлама дайындаңыз:
Когнитивтивтік лингвистиканың тарихы
Блиц-тест
1.Когнитивтік лингвистиканың пәні мен мақсат-міндеттері
99


А) адам танымының сөйлеу әрекетімен сабақтастығын нысан ете зерттеу в)
тілді өзі үшін зерттеу с) тілді өз ішінде зерттеу д) жалпы тілді зерттеу е) жеке
тілді зерттеу
2.Когнитивтік лингвистиканың пәнаралық сипаты А) лингвистикалық
семантика-психология-инженерлік лингвистика в) философия-лингвистика с)
лингвистика-әлеуметтану д) лингвистика-физика е) лингвистика-биология
3. Грек тіңінен аударғанда «Адам және орталық» дегенді білдіретін термин 
А) антропоморфизм в) антропоцентризм с) этноцентризм д)
менталингвистика е) металингвистика
4. Тіл мен таным сабақтастығы туралы мәселе қай ғылым саласының нысаны?
А) когнитивтік психология в) когнитивтік әлеуметтану с) когнитивтік
лингвистика д) антропология е) педагогикалық психология
5. Когнитивтік лингвистиканың базалық ұғымдары
А) таным, фрейм, пропозиция, т.б. в) метафора, метонимия, синекдоха с)
мәтін, сөз, сөйлем д) дене, тәжірибе, әдіс е) мәдениет, символ 
6. Тілдің когнитивтік лингвистикада анықталуы 
А) тіл – құрал в) тіл –адамның танымдық әрекетінің жемісі с) тіл – табиғат
д) тіл – идея е) тіл – адамда хайуаннан ажырататын басты белгі
Әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика., – Минск., 2004. 
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.
3.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1. 
4.Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі
вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша). Филол. ғыл. канд.
дисс. автореф.,-А.,2006.
5. Куштаева М.Т. Этномәдени концептінің семантикалық құрылымы мен
лингвмәдени мазмұны
(«тары» концептісі бойынша
). Монография.
Ақтөбе,2019


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет