Когнитивті лингвистика


№4 сабақ. Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы. Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары Сабақ жоспары



Pdf көрінісі
бет46/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81
Байланысты:
document (3)

№4 сабақ.
Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары
Сабақ жоспары:
1.Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылыдармен байланысы
2.Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары
Бақылау сұрақтары
1.Когнитивтік ғылымдар туралы не білесіз
2.Когнитивтік лингвистиканың тілдік салалармен байланысы қандай?
3. Когнитивтік лингвистиканы өзгы ғылымдар жүйесінде қараудың маңызы
немен байланысты?
Глоссарий:

әлеуметтік лингвистика
- тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік
шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі
тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі, ол тіларалық байланыс
жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің
100


ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету
ерекшеліктерін қарастыратын сала (Э.Д.Сүлейменова);

байымдау (суждение) -
шындық дүниенің адам санасында бейнелену
формасы; байымдау мазмұнының объективті сипаты болады. ..байымдаудың
өзі – біртұтас нәрсе; оның әрбір бөлшегі өздігінен байымдауды жасай
алмайды және оның бір бөлшегін екіншісінен бөліп айыруға да болмайды
(К.Аханов);

ассоциация
дегеніміз – адамның екі түрлі ұғымдарды немесе құбылыстарды
бір-бірімен байланыстыру әрекетінің жемісі;
Тапсырмалар:
1.Тақырып бойынша толық мәлімет беріңіз
2. Ұғымдарды орнына дұрыс қойыңыз, анықтаманы қалпына келтіріңіз
... - 
ұғым арқылы сипатталатын қара сөздердің бірде
«дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын
тануды» көздеуі (А.Байтұрсынұлы); 
... – адамның өзі мен өзін қоршаған әлем
туралы хабарларды есінде сақтауының, танымдық және ментальды
көзқарастарға негізделген тәжірибе мен білімді жинақтауының әрі адамға жан-
жақтан келіп түсетін мәліметтерді реттеп жүйелеуінің когнитивті қабілеті;
... – 
1) бүтін ғаламды тануға жұмсалу; 2) құдайды тану жағына
жұмсалу; 3) табиғат құбылысын тану жағына жұмсалу; 4) әлеумет мәселесіне
жұмсалу; 5)
 
табылған білімді басқаларға үйрету жолына жұмсалу және т.б.
(А.Байтұрсынұлы);
... - хабарды өңдеу барысында айқын байқалатын әрі сол
хабарға не болмаса объектіге, яки процеске назар аударуға мүмкіндік беретін
танымдық қабілеттердің бірі;
.. дегеніміз – белгілі бір топтың яки саяси партияның өзі өмір
сүрген қоғамның мүдделерін білдіретін саяси, праволық, моральдік, діни,
көркемдік, философиялық көзқарастар жиынтығы;
... дегеніміз – жеке адамдар мен топтардың ойлау әрекетінде
қалыптасып, дамитын әлеуметтік ерекшеліктерді зерттейтін ғылым саласы;
... - адамның ақыл-ойымен шұғылданатын әрі оның
ментальды жағдайымен тығыз байланыста қарастырылатын, негізгі нысана
ретінде когниция мен оның құрылым-үрдістерін қамтитын, ең бастысы, хабар
мен оны өңдеу амалдарын зерделейтін ғылым саласы;
... – 
танымдық құрылымдардың лингвистикалық
сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, белгілі бір тілдік жағдайды
қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар
арқылы сипаттау, олардың әр келкі деңгейде қабылдану өзгешелігін зерделеу;
... - танымның өзгеше сипаты,
адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім,
эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте
дамитын құбылыс;
101




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет