тілтаным теориясының әлеуметтік негіздері дегеніміз – тіл мен қоғам байланысын танымдық ұстанымдармен сабақтастыра айқындайтын ережелер мен анықтамалар тобы; - тілтаным теориясының психологиялық негізі дегеніміз – тіл мен ойлау ұғымдарының сабақтастығын танымдық негізде дәйектеуге мүмкіндік беретін ережелер мен анықтамалар тізбегі; - тілтаным теориясының халықтық сипаты деп әлемнің тілдік бейнесін этникалық құндылықтармен тоғыстыра айғақтайтын танымдық ережелер мен анықтамалар жиынтығы аталады; - тілтаным теориясының мәдени негіздері деп тіл мен мәдениет арақатынасын танымдық деректермен дәлелдейтін заңдылықтар мен анықтамалар тізбегін айтамыз; - тілтанымдық универсалий дегеніміз - адамзат атаулыға ортақ тілдік және танымдық универсалий нормаларынан бастау алатын, өзіндік ұғымдық аясы мен әдіснамалық негізі анықталған ұстанымдар жиынтығы; - тілтанымдық диалектика ұстанымдары деп ұғымдық қарама- қайшылықтар негізінде тілтанымдық деректердің табиғатын, қалыптасу жолын, даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін қағидалар тізбегін атаймыз; - тілтанымдық дедукция ұстанымдары жалпыдан жалқыға бағыттылу негізінде тілтанымдық элементтердің зерделенуін болжалды түйіндермен қамтамасыз ететін қағидалар жігінен бастау алса; тілтанымдық индукция ұстанымдары, керісінше, жалқыдан жалпыға бағыттыла отырып, тіл мен таным сабақтастығын дәйектейтін зерттеулердің нақты деректермен дәлелденуін қамтамасыз ететін қағидалар тізбегіне сүйенеді