№11 сабақ.
Әлемнің тілдік бейнесі
1.Әлемнің тілдік көрінісі
2.
Ғаламның тілдік бейнесіндегі қазақтың көркемдік танымы
Тапсырмалар:
1.Қазіргі заман ақындарының жыр жинақтарын алып ондағы ғалам туралы
түсініктерінің когнитивтік картасын құрастырыңыз. Концептілік талдау жасап,
негізгі концептуалды базасын анықтаңыз
Тіл мен сана арасындағы сабақтастықты ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөз
өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, көңілге.
Ақыл ісі — аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау,
қиял ісі — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына,
бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі — түю, талғау. Тілдің
міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше,
көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін
адамы табылса, тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай
білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген
түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға
айтпай білдіруге көп шеберлік керек», — деп жазады
Әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика., – Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.
3.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1.
4.Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі
вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша). Филол. ғыл. канд.
дисс. автореф.,-А.,2006.
5. Куштаева М.Т. Этномәдени концептінің семантикалық құрылымы мен
лингвмәдени мазмұны
(«тары» концептісі бойынша
). Монография.
Ақтөбе,2019
110
№12 сабақ.
Метафораның когнитивтік теориясы Когнитивтік метафоралар
Достарыңызбен бөлісу: |