Адамзаттың немесе жеке тұлғалардың барлық өмірінде жинақтаған танымы мен тәжірибесі;
Осы жинақталған таным мен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру процесі;
Аталмыш процесті жүзеге асыруға арналған мекемелер жүйесі (әлеуметтік институт);
- Қай кезде де адамзатқа тіршілік иесі ретінде көргені мен білгенін, танымын кеңейту, жаңаны үйрену мен жадына тоқу тән
Бұл процесс:
өмір сүруге қажетті игіліктерді өндіру барысында тәжірибе жинақтау;
қарым-қатынасқа түсу;
Қарым-қатынасты институциялауды қамтиды.
Биологиялық қажеттілік
(өмір сүру,
қауіпсіздік,
тамақ табу және т.б.)
Процесс
(үйрену, үйрету)
Экономикалық
қажеттілік
(өндіру,
ақша табу,
сату, айырбастау)
Ұйымдастыру,
топтастыру,
Институциялау.
Әлеуметтік қажеттілік
(арнайы мекемелер құру)
Бұл таным мен тәжірибе жинақтала келіп, ұрпақтан-ұрпаққа берілу процесіне ұласады.
Аталмыш процесс:
алдымен жай ғана табиғи процесс;
арнайы ұйымдастырылған мекемелер жүйесінің қажеттілігін тудырады.
Яғни, адамзаттың білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы – білім институты өмірге келді.
Білім институт ретінде пайда болған сәтте алдымен таптық, касталық сипатта болып, кейін баршаға ортақ сипатқа ие болды. Бұл ғылыми-техникалық процеске байланысты еді. Яғни, капиталистік қоғам – машиналық өндіріске әкеліп, ал ол сауатты және білікті жұмысшыларды қажет етті.
Сондықтан әлеуметтану ғылымы білім ұғымын осы екі тұрғыдан зерттейді.
Яғни білім әлеуметтануы өз алдына мына міндеттерді қояды:
Білім беруге деген қажеттіліктерді зерттеу, оның қоғам мен жеке тұлға алдындағы ролін бағалау;
Білімнің әлеуметтік маңызын ұғына отырып, оның деңгейі мен сапасын бағалау;
Қоғам мен білім алушылардың білімге деген қатынасын, оның әлеуметтік құндылығын зерттеу;
Білімнің әлеуметтік мәртебеге ие болу факторы ретіндегі маңызын түсіну;
Білімнің рухани қажеттіліктер мен мүдделердің динамикасына ықпал ету дәрежесін анықтау.