БөЖ: еббқ бар балалардың оқу үлгерімін бағалау критерийлерінің ерекшеліктері



Дата22.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#144493
Байланысты:
ЕББҚ БӨЖ1

БӨЖ: ЕББҚ бар балалардың оқу үлгерімін бағалау критерийлерінің ерекшеліктері

Орындаған:Елемесова А.

Қабылдаған:Қуатова Ж.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда бағалау жүйесі осындай балалардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. 

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшелігін ескеріп, бағалау жүйесін көп функционалды етіп, оны жетілдіру керек. Бағалау жүйесінің бірнеше функциясын атауға болады:


Нормативтік функция білім алушылардың бекітілген мемлекеттік стандартқа қатысты тіркеп, жеке оқушылардың мектеп сыныптарының үлгерімін, мұғалімнің дайындық деңгейі мен жұмыс сапасын қадағалайды.
Ақпараттық-диагностикалық функция білім беру процесінің барлық қатысушылары арасында баланысты, білім алушылардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың да, мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын қамтамасыз етеді.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім жетістіктерін бағалау білім алушылар дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, оқудағы жетістіктерінің және білім беру процесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларда орын алатын қиындықтарының шынайы сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін оның танымдық қызметінің түрлі салаларындағы табыстарының (ақпаратты меңгеруі, ақпаратты өңдеуі, шығармашылық және жобалық қызмет, ойын жеткізу және т.б.) динамикасын да тіркеуі тиіс.

Бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, оның ата-анасы, сынып жетекшісі, сонымен бірге әкімшілік пен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс, бұл білім беру процесін қалыптастыруға жүйелі көзқарасты қалыптастырып, онысымен оның тұтастығын қамтамасыз етеді.


Одан басқа, мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін бағалауда білім алушылардың психикасына мейлінше ұқыптылықпен қарап, оларды зақымдайтын жағдайларға жол бермей, мүмкіндіктері шектеулі балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін ескеру қажет
Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал бола тұра, бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және тиімді болуы тиіс

Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:


Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары).
Тексеру жұмыстары әзірленеді – тестер, олардың негізгі тағайындауы ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін анықтау шығады.
Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады, ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау – шеңберінде бағалаудың және өз бетінше бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас.
Критериймен бағалауда:
 оқушы өз оқуында шынайы субъект болады;
 оқушының мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендейді;
 мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, тьютор рөліне ауысады.
Осылайша, критериймен бағалау өз құрамында оқушылардың және мұғалімдердің денсаулығын сақтау әлеуетін алып жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет