Отбасы тәрбие-басы мектеп-тәрбие жаршысы



Дата27.03.2020
өлшемі60,06 Kb.
#60938
Байланысты:
Отбасы тәрбие

Отбасы тәрбие-басы мектеп-тәрбие жаршысы

Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әр түрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді. Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.

Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасынан бастау алады, қоғам келбеті отбасынан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру.

Отбасында баламен қарым - қатынас жасау үшін ата - аналарға мына түрдегі кеңестерді ескерген артық болмайды.

- баланы бар қалпында сүйіп, оны бала екеніне қарамастан құрметтеу қажет;

- баламен қарым - қатынас барысында оның санасына әсер ететін құрғақ сөз емес, керісінше сол сөздің қалай айтылғаны мен шын көңілден шыққанын ескерген жөн;

- баланың не айтқысы келетінін ата - ана түсініп алып, жауап қайтарғаны жөн, ал асығыстық жасаған жағдайда қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;

- бала жасаған келеңсіз іс - әрекеті үшін ата - ана жаза қолдана білгені жөн, ол баланың жауапкершілікті болып өсуіне ықпал етеді. Бірақ еш уақытта баланың намысына тиіп, қорламаңыз, себебі бала жаман емес, оның қылығы жаман.

-бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, жасаған іс - әрекетінің себебін анықтап болған соң шешім қабылдаған жөн, жұрт алдынды балам үшін беделімді жоғалтамын деп қорқудың қажеті жоқ, керісінше, өз балаңның сенімінен айырылмағаның дұрыс;

- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп алғаның жөн;

- күнделікті балаға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріңіз, шыққан қорытындыдан шешім жасаңыз. Отбасында бала ата - анасына түгелдей тәуелді екенін ұмытпаңыз;

- бала жастығына қарамастан, ата - ана тарапынан қадағалағанды жек көреді, өз өміріне тек шын ықыласпен араласқанды ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата - анасын сүйеді;

-ата - ана баланы қиындықтардың құрсауында жалғыз қалдырмауға тырысқаны жөн.

Отбасы қарым - қатынасындағы қуатты күшке ие көзге көрінбейтін ықпал, әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмаса да, сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке - шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды. Баланың балғын ойы мен сенімі - алдында ең беделді тұлға әке, әлеуетті, ақылды, білімдар әке.

Ата - ананың ықпалы өзінен - өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс - әрекетке айналады.
Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.Педагогикалық тәжірибеде оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісі жұмысының бес түрлі қызметі анықталған.

Олардың 1 – қызметі: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер арқылы тарту;

• Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні;

• Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар;

• Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;

• мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуге және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету.

2-қызметі: Ата-аналармен педагогикалық – психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру ;

• Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

• Психологиялық, педагогикалық, медициналық заң туралы кеңестер;

• Тренингтер;

• Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т.б.) ата-аналар лекторийлері.

3 – қызметі: Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту

Оның формалары:

• сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу (саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б.);

• Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қалыптастыру (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т.б.);

• Оқырмандар конференциясы;

• Отбасылық ойын байқаулары;

• Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізілді.

4 – қызметі: Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.

• Тәрбие саласында байланысты психологиялық - педагогикалық кеңестер мен көмектер беру;

• «Қиын» және «катерлі топ» балаларына көңіл бөлу;

• Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу.

5 – қызметі: Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.

Ата-аналар университеті.

Ережесі:

• Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға көмектесі, оқушылардың жеке басын сыйлауға үйрету, дөрекілікке жол бермеу

• Оқушылардың жанұяларымен, ата-аналарымен тығыз байланысты болу, мәдениетті сыпайы қарым қатынас орнатуға оқушыны, ата-ананы жеке тұлға ретінде құрметтеуге үйрету

• Мектеп мүлкін сақтауға атсалысу

• мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты орнатуға ықпал ету

• мүмкіндік болған жағдайда оқушының, ата-ананың талап-тілектерімен санасу

• Мектептегі түрлі іс-шараларға көмектесу

• Сыныптан тыс іс-шараларға өз пікірін білдіру

• материалдық техникалық базаны көтеруге көмек көрсету

• бақылаушылық қызмет

• бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру

Жас ата-аналар мектебі

Ережесі:

• Балаларды жақсы қасиеттерге баулу, үлкендерді сыйлауға, қамқор болуға үйрету

• оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

• адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айыра отырып, оқушылардың әдеп әліппесін бойына дарытуға ықпал жасау

• әдеп - ғұрыпты сақтайтын, дәстүрді жалғастыру мен қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.

• ата-бабаларымыздың бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық тамаша тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа ұғындыру.

• тәрбие саласына байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша түрлі семинарлар, тренингтер өткізу.

• халқымыздың әдет-ғұрпын сақтау, жалғастыру мақсатында ата-аналармен түрлі іс-шаралар өткізуге көмектесі.

• бала тәрбиесіне байланысты түрлі сұрақтар бойынша мұғалімдер және психологтан, әлеуметтік педагогтан кеңестер алу.

• отбасында және мектептегі баланың мәдениетті жүріс-тұрысын тәрбиелеу әдістерін педагогтармен бірлесе отырып талқылау

• отбасының бала тәрбиелеудегі рөлі бойынша тақырыптық жиындар

• ата-аналары педагогикалық-психологиялық білім, біліктер мен қаруландыру

Ақсақалдар кеңесі

Ережесі:


• аталардан қалған ұлағатты,ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерді өнеге алуға баулу

• жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге ата-анаға сынып жетекшісіне көмек беру

• өз елінің патриотын тәрбиелеу

• ата-тегін білуге үйрету

• ата-баба дәстүрін жалғастыру

• оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасы мен тарихын білуге тәрбиелеу

• оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты реттеуге ықпал ету

• мұғалім мен ата-ана арасындағы үйлесімді тығыз байланысты орнатуға ақыл кеңестер беру.

Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастыққа келесі тірек сызба бойынша ұйымдастыруға болады:

Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игеру. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу.

Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.

Мектеп қызметі қазіргі заман талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы тиіс. Демек, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген құндылық қатынас орнату керек. Оқушы өзін басқалардың арасынан шығарып, бөлек қарамайынша, өз өмірінің мағынасын, өзін-өзі жете түсінбейінше, толыққанды білім алып, дамуы мүмкін емес.



Өсіп келе жатқан ұрпаққа бұл мәселеде көмектесу, оған қолайлы жағдай туғызып, қолдау көрсету педагог пен ата-ананың басты міндеті болуы тиіс. Балаға қолдау көрсету, біріншіден, оның рухани адамгершілігін, өзін-өзі дамытуын, оның денсаулығы мен, оқуымен, жеке бас ерекшелігімен байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, екіншіден, балалардың дамуы және өзін өзі дамытуы үшін қолайлы жағдай туғызу , қауіпсіз орта құруды білдіреді.

Отбасы – салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеру қажет. Сондықтан ата-аналармен жұмыста мектеп түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет